7 санын қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: "7 санын қосу және азайту"

Сабақтың мақсаты : Ондықтан аттайтын жағдайда 7- ні қосу және азйтудың кестелік жағдайын қарастыру. "Артық" не "кем" түсінік-терінен және олардың әр түрлі бағалармен байланысты, екі амалмен шығарылатын есепті шешуді үйрету.

Қосылғыштардың бірі 7 болған жағдайдағы соның құрамын анықтауға машықтандыру.

1) Еске сақтау, сандарды салыстыру, есеп шығару, құрастыру қабатын дамыту.

2)Сабақта тәртіптілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, хайуанаттарды қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі : поезд, кейіпкерлер, қоян (жылы 2011)ешкі 7 лағымен, түлкі күшік, үйректің балапаны ; плакат, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі: "Дәптерді дайындау"

- Балалар, қазір қай сабақ ? (Матем)

- Қане, біз қай сабақта отыруымыз керек ?

- Біз математика сабағында осы уақытқа дейін нені үйрендік?

ІІ.Өткенді пысықтау:

- Балалар қазір қай мезгіл?

- Күздің қай айы? Қай күні ?

- Көктем мезгілінің басқалардан қандай айырмашылығы бар?

- Осы көктем мезгілі бізді қызықты саяхатқа шақырады.

- Бармаймыз ба?

- Поезбен барайық.

- Балалар поезд неден тұрады?

- Вагондардан тұрады.

- Вагонға отыру үшін әр вагонның тапсырмасы бар, соған мұқият болайық.

- 1 мен 2 нің қосындысын ата

-1 cм-да неше шақпақ, неше миллиметр бар ?

- таңбасын қой. 5 8, 10 4, 6 6.

- 4 5, 3 2 3.

- 4, 6.

- Өте жақсы, балалар. Поезіміз дайын, енді оны қалай жүргізу керек?

- Есік тақылдайды. Есіктен көжек кіреді. О, бұл көжек екен ғой.

- Балалар, биыл қай жыл ?

- Қоян.

- Сондықтан біздің поезімізді қоян жүргізеді. Ал, бәріміз ыңғайланып отырып алайық.

- Поезд қандай дыбыс шығарады? (Поездің дыбысына салып, музыканы ойнатып кетеміз.)

- 7- лақ ертегісі бойынша ешкі жылап тұр. Енді ешкіні жұбату үшін, лақтарын құтқару үшін,7- ті түрлі тапсырма орындау керек.

- І мен 7 -нің қосындысын ата

- 2мен 7- нің қосындысын ата

- 3 пен 7-нің қосындысын ата

- 10 мен 7-нің айырмасын ата

-9 бен 7-нің айырмасын ата

-8 бен 7-нің айырмасын ата

-7мен 7-нің айырмасын ата

-Балалар не байқадыңдар ? (7 санының қосындысы мен айырмасы)

- Жұмбақ. Санамақ.

- Аптаның жеті күні. Жеті қазына. Жеті ата.( Жеті санына байланысты атайды).

Екеуі тыңдап,

Екеуі көреді.

Біреуі сөйлеп,

Екеуі оларды көреді.

ІІІ. Бекіту :

Сабақтан не түсінгендерін көрсетеді.

- 89 бетті ашып, № 1 есепке назар аударамыз, ауызша орындаймыз.

- Дәптермен жұмыс болады. №3 тапсырма орындалады.

IV.Сергіту сәті: Түн сергітуін орындайды.

№ 2 тапсырманы орындаймыз. Оны тақтаға жазамыз.

- Қараңдар, терезеден біреу қарап тұр, олар кімдер екен ?

- Үйректердің балапандары, олар №4 тапсырманы ұсынып тұр.

- Оқимыз. 9cм 7см 2см 7см 3см 10см 2см 10см

V.Өзбетінше жұмыс

- 90бет № 5тапсырма

VI.Қорыту: Бүгін қандай сабақ болды? Поезбен саяхат сабағы болды.

Көптеген ертегілер еліне бардық.Оларды құтқару үшін есептер шығардық. Сендер өте жақсы шығарады екенсіңдер.

VII.Бағалау: Кімде қанша жұлдыз бар, сол бойынша бағаланады.

Өте жақсы қатысқан қатарға еліміздің туы тапсырылады.



© 2010-2022