Дүниетану Адамның күзгі еңбегі 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы : «Адамның күзгі еңбегі»

Мақсаты:

1.Оқұшылардың алған білімдерін пысықтай отырып , жаңа сабақты түсіндіру.

2. Сабаққа деген қызығұшылығын арттыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, шығармашылық қабілетін, тілін дамыту.

3. Оқұшыларды ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, еңбекті қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқұлық,суреттер,сөзжұмбақ,интер.тақта.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру ,сұрақ-жауап,топтастыру, дамыта оқыту.

Сабақ барысы:

1.ҰЙЫМДАСТЫРУ:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, амандасу.

Психалогиялық дайындық:

Табиғат- ел анамыз.Табиғатқа біз баламыз.

Табиғат, тіршіліксің тұнып тұрған

Сен күнсің көтерілген күліп қырдан,

Сен көлсің ,сен ормансың,сен бұлбұлсың

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен жарықсың,сен жерсің,сен ауасың,сен анамсың

Бәрі менің өмірім сен сыйлаған.

-Қалай ойлайсыңдар өлең не туралы?(табиғат)

-Табиғат туралы қай кітаптан оқып білеміз?(дүниетану)

-Олай болса қазір дүниетану сабағын бастаймыз.

2.ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ:

-Табиғат деген не?

-Қоршаған дүние деген не?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Өлі табиғат деген не?

-Тірі табиғатқа не жатады?

-Адамның сезім мүшелерін атаңдар?

-Көкжиек тұстарын атаңдар?

3.Жаңа тақырып:

1-Бір жылда неше мезгіл бар? Ендеше мен жұмбақ жасырайын,шешіп көріңдер;1.Жерге тырс - тырс тамады,сайға қарай ағады,шешуін кім табады.(жаңбыр) 2.Жиын-терін болатын,қамбаға астық толатын,қызыл қырман ойнайтын,қай мезгіл деп ойлайсың?(күз)

-Күз айларын атаңдаршы(қыркүйек,қазан,қараша)

-Неліктен күзді «Алтын күз» дейді?(слайд)

а)-Алтын күз деп біз айтамыз сол үшін де.

Сары алтындай сары қауын көп піскен соң бау ішінде.(слайд)

ә)-Қараңдаршы сары алтындай жапырақты қайын- талға

Мұны көріп күзді қалай,теңемессің сары алтынға.(слайд)

б )-Қараңдаршы қандай сұлу бидай басқан мына дала.

Әрбір адыр ,әрбір жота ,алтын жайып тастағандай.(слайд)

2.-Мұның бәрі күзде болады,ендеше «Күз» тақырыбына топтастыру жасайық (слайд)

-Балалар,адамдар күзде ауыл шаруашылығында,мал шаруашылығында,әртүрлі салаларда еңбек етеді.

3.Оқұлықпен жұмыс:

-Мәтінді оқу,түсіндіру;мәтіндегі тапсырмаларды орындау;суретпен жұмыс;сурет бойынша сұрақ-жауап алу.Өлең оқыту.(51 бет)

4.Сергіту сәті: «Кім білгіш?» ойыны (слайд)

5.Қорытынды:

а ) Мақал-мәтелмен жұмыс(талдау)

ә )Сөзжұмбақ шешу.(слайд)

1.Білім ордасы (мектеп). 2.Бүгінгі тақырып не тұралы (еңбек) 3.Ең жақсы баға (бес) 4.Ұл балаға жақын адам (әке).5.Өз атын өзі шақыратын құс (көкек).

6.Үй тапсырмасы:

-Еңбек туралы мақал-мәтел жаттау.

-Сабағымызды қорытындылайық; «Табиғатым тамаша,көз тоймайды қараса.

Табиғатты қорғаймыз,жаман бала болмаймыз.»

-Сабақ аяқталды.

т

© 2010-2022