- Преподавателю
- Начальные классы
- Қазақ тілі пәні 2 класс Сөз және оның мағынасы
Қазақ тілі пәні 2 класс Сөз және оның мағынасы
Раздел | Начальные классы |
Класс | 2 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Ахметова Ж.Ж. |
Дата | 06.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Мәңгілік өлмейтін тек сөз екен. Оқушылардың бұл білім, дағдылары төмендегі кестені талдау барысында жинақталып, кеңейтіле түседі. II. Операциялық-орындаушылық кезең. Осыдан кейін оқулықтағы 232- жаттығу орындалады.Жаттығу әр бағанда не жазылғанын оқып, бір- бірінен өзгешелігін табуға арналады. Бірінші бағанда- дыбыстар,екінші бағанда- буындар, үшінші бағанда сөздер берілгенін табамыз. Оқулықтағы 233- жаттығу ауызша орындалады. Мұнда көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, бірнеше сөз жасатып, осыны орындауда сөзде неше дыбыс, неше әріп барын айтқызып, сөздің дыбыстан құралатынын (әріп- дыбыстың таңбасы екені белгілі), дыбыс өзгерсе, сөздің мағанасы да өзгеретінін байқату қажет. Мысалы: «жыл» мезгілді білдіреді. «Жол » дегенді қалай түсінесің? Жол адамдар жүретін сүрлеу, соқпақ дегенді білдіреді,- деп, баламасын келтіру арқылы түсіндіріледі.) - « Жыл-жол » дегенде сөз неліктен өзгерді? - Сөздің екінші дыбысы өзгерді,т.б. Келесі 234- жаттығу жазбаша орындалады. Алдымен сөздер жеке- жеке оқытылып, ол сөздердің қандай мағананы білдіретінін түсіндіру оқушылардан талап етіледі. Содан кейін сұрақ қойылады. Жаттығуды орындау барысында оқушылар заттың, сын- сапаның, қимылдың- бәрінің де сөзбен аталатынын аңғара бастайды. адам сұр жиырма жүзді кітап ақ жеті ойнады жылқы жасыл тоғыз 235- жаттығу жұмбақты оқып, шешуін табуға арналады. 236- жаттығу шығармашылық тапсырма ретінде ребусты шешуге арналады. III.Рефлексиялық- бағалау кезеңі. Бес болсын алар бағамыз, Білімнен бақыт табамыз. Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз,- деп, білім, білік дағдымызды көрсете отырып, жоғарыдағы кестеге оқушылардың назарын аударып, сөз туралы мағлұматтарды еске түсіреді: -дыбыстар сөз жасайды; -сөздер бегілі бір мағанада айтылады; -сөздегі дыбыс өзгерсе, сөз мағанасы да өзгереді; -сөз- белгілі бір заттың атауы; -сөздерден сөйлем құралады. IV. Сергіту сәті. 1. Көл жағасында өсетін шөп (құрақ). 2. Адамның дене мүшесі (құлақ) 3. Сүттен жасалатын тағам (қатық) 4. Ыдыс (қасық) 1 2 4 3
V. Карточкамен жұмыс Сабақта пайдаланылатын үлестірмелі қима қағаздардың үлгілері: Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жаз. №1 Еңбексүйгіш....... Ерте шығып....., (құмырсқа, жұмысқа) Жазда астық..., Толтырады ас..... (тасиды, үйді) Қыстай тыныш...., Рақатқа..... (жатады, батады) (Н.Жанаев) № 2 Төменде берілген сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құра. Келді, ала, өрістен, бұзау, мал, мөңіреді, шықты,Қанат, алдынан, малдың.
Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне жақша ішіндегі сөзді қойып, төрт сөзден тұратын сөйлем құрап жаз.
№3 1.Жадыраның көйлегі бар.(қызыл) 2. Далада жел соқты (қатты) 3.Бағдаршамның көзі бар (үш) VI.Сабақты қорытындылау. Төмендегі кесте арқылы сұрақ- жауап әдісімен ережені оқушылардың өздеріне қорытындылатады: заттың Сөз- сапаның атауы. қимылдың VII. Бағалау. VIII. Үйге тапсырма: