Тест Дүниетану 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану

Жылдық бақылау жұмысы (тест)

«Адам ағзасы және оны күту» бөлімі

  1. Адам тіршілігіне қажетті жағдайлар

А) қорек, су, ауа, жылу

Ә) үй, машина, компьютер

Б) ақша, теледидар, киім, су

2. Адам тіршілік қажеттерін қайдан алады?

А) дүкеннен сатып алады

Ә) досыңнан сұрап алады

Б) табиғаттан алады

  1. Адам ненің перзенті?

А) анасының

Ә) табиғаттың

Б) атасының

4. Табиғатты адам қалай атайды?

А) табиғат-ана

Ә) табиғат-әке

Б) табиғат-бала

5. Адамның денесі неше бөліктен тұрады?

А) 3

Ә) 4

Б) 5

6. Адам денесінің бөліктерін көрсет

А) бас, мойын, көкірек, құрсақ

Ә) бас, мойын, өкпе, қарын

Б) бас, ми, жүрек, бүйрек

7. Адамның ішкі мүшелерін көрсет:

А) бас, мойын, көкірек, құрсақ, қарын

Ә) бас, мойын, өкпе, қарын, көкірек

Б) ми,өкпе, жүрек, бауыр,бүйрек, қарын,ішек,қуық

8. Адамның ішкі дене мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі не?

А) жүрек

Ә) ми

Б) өкпе

9. «Қаазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің денсаулығын қорғауға құқылы» деп ҚР Конституциясының нешінші бабында айтылған?

А) 30

Ә) 25

Б) 29

10. Ағзаның қорғаныс мүшесі не?

А) қанқа

Ә) жүрек

Б) тері

11. Терінің қызметі
А) жарақаттан, соққыдан, күюден, үсуден қорғайды, дене температурасын қалыпты ұстап тұрады

Ә) қанды барлық мүшелерге таратады

Б) адам денесін қозғалысқа келтіреді

12. Саңылаулар арқылы

А) терінің бетіне аздап май шығып тұрады

Ә) денеден тер, зиянды заттар бөлінеді

Б) барлық жауап дұрыс

13. Тері үсіген кезде не істеу керек?

А) жылы суға салу керек

Ә) алақанмен ысқылау керек

Б) ақ дәкемен орайды

14. Адам денесін қозғалысқа келтіретін мүше

А) тері

Ә) жүрек

Б) қаңқа

15. Адам қанқасы нелерден тұрады?

А) бас, мойын, көкірек, қол, аяқ

Ә) бас, мойын, жүрек, қол, аяқ

Б) бас, мойын, көкірек, қол,қарын

16. Бас сүйекте неше жақ сүйек бар?

А) 3

Ә) 2

Б) 1

17. Адамда неше жұп қабырға болады?

А) 13

Ә)12

Б) 11

18. Адам денесіндегі сүйектер не арқылы қимылдайды?

А) бұлшық ет

Ә) қан

Б) тері

19. Бұлшық ет не арқылы сүйекке бекиді?

А) саңылаулар

Ә) тамырлар

Б) сіңірлер

20. Тірек және қимыл-қозғалыс мүшелеріне нелер жатады?

А) тері және бұлшық ет

Ә) тері және қаңқа

Б) бұлшық ет және қаңқа

21. Адам денесінде қанша сүйек бар?

А) 200-ге жуық

Ә) 250-ге жуық

Б) 300-ге жуық

22. Сүйектің ұзарып өсуі неше жаста аяқталады?

А) 22

Ә) 25

Б) 27

23. Көкірек қуысының сол жағында не орналасқан?

А) өкпе

Ә) бауыр

Б) жүрек

24. Жүректің қызметі

А) біздің ағзамызға негізгі қан айдайтын қозғағыш

Ә) біздің ағзамызды қорғайды

Б) біздің ағзамыздағы мүшелерді байланыстырады

25. Жүректен келетін ең ірі қан тамыры

А) қолқа

Ә) артерия

Б) көк тамыр

26. Тамырдың соғуы деген не?

А) қанды жүректен күшпен айдап шығару серпіні

Ә) ауаны жүректен күшпен айдап шығару серпіні

Б) қанды бауырдан күшпен айдап шығару серпіні

27. Қан айналымы дегеніміз

А) ауаның ағзаны аралап қозғалуы

Ә) судың ағзаны аралап қозғалуы

Б) қанның ағзаны аралап қозғалуы

28. Жүрек ауруын емдейтін дәрігер

А) кардиолог

Ә) стомотолог

Б) хирург

29. Адамның тамыры тыныштық жағдайда 1 минутта неше рет соғады?

А) 55 рет

Ә) 65 рет

Б) 60 рет

30. Тыныс алу мүшелеріне нелер жатады?

А) мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе

Ә) мұрын қуысы, кеңірдек, тері, өкпе

Б) жүрек, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе

31. Өкпе неше бөліктен тұрады?

А) 2

Ә) 3

Б) 4

32. Жаңа туған бала 1 минутта неше рет тыныс алады?

А) 30

Ә)50

Б) 60

33. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өнеш, қарын, ішек қандай мүшелерге жатады?

А) тыныс алу мүшелеріне

Ә) ас қорыту мүшелеріне

Б) қан айналымы мүшелеріне

34. Адамның жүйке жүйесіне нелер жатады?

А) мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе

Ә) көз, құлақ, мұрын, тіл, тері

Б) ми, жұлын, жүйке тамырлары

35. Сезім мүшелеріне нелер жатады?

А) көз, құлақ, мұрын, тіл, тері

Ә) ми, жұлын, жүйке тамырлары

Б) көз, құлақ, жүрек, мұрын, тіл, тері

36. Балалар тәулігіне неше сағат ұйықтау керек?

А) 9-10 сағат

Ә) 6-8 сағат

Б) 10-12 сағат

37. Кірпік, қабақ, қас ненің қорғанышы?

А) мұрын

Ә) тері

Б) көз

38. Жарақат алған жағдайда жедел жәрдемді қалай шақырамыз?

А) 101

Ә) 102

Б) 103

39. Дәрумендер дене сөзді грек тілінен аударғанда нені білдіреді?

А) пайдалы заттар

Ә) тәбет

Б) өмірді жалғастырушы

40. Адам денсаулығын не зиян келтіреді?

А) спорт

Ә) дәрумендер

Б) дұрыс тамақтанбау



© 2010-2022