«Аққұс туралы аңыз»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Аққұс туралы аңыз»


Астана қаласы №57 орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Ризакулова.Б.Н.




Ана тілі


Сабақтың тақырыбы: Аққұс туралы аңыз. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға тақырыптың мазмұнымен таныстыру. Мәтінді, негізгі ойды, идеяны меңгерту. 2. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын, шығармашылық ізденістерін дамыту. 3. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, әсемдікке, сұлулыққа өз Отанын сүюге және еңбекке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: автордың суреті, Ш.Қалдаяқов, Бетховен, Байқадамов суреттері, үнтаспа Шәмші әні. Сабақтың түрі: әңгімелеу, сұрақ-жауап. Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, ана тілі

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлем достар аман ба? Мынау бейбіт заманда. Бізге білім үйреткен, Ұстаздарым аман ба? Шәкірттерін ойлайтын, Ұстаздарым аман ба? ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Мәтінде қандай кейіпкерлер туралы айтылған?
  2. Қ.Жандарбеков туралы қандай мағлұмат жинап келдіңдер?
  3. Қ. Жандарбеков неге мұңайды?
  4. Қ.Жандарбековтің көңілін кім көтерді?
  5. Әміре кім?
«Аққұс туралы аңыз»
  1. Халқымыз Әмірені неге мақтан тұтады?
  2. Қазіргі атақты халық әншілерінен кімдерді білесіңдер?
  3. Қандай әншілер ұнайды?
«Аққұс туралы аңыз»«Аққұс туралы аңыз»«Аққұс туралы аңыз»«Аққұс туралы аңыз»

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Біз жаңа сабақты ашудан бұрын әнұранды айтамыз.
  • Осы әнұранның сөзі мен әнін жазған кім?
  • Сөзін жазған Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов
  • Әнін жазған Ш.Қалдаяқов
Олай болса бүгінгі тақырыбымыз Оразек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» автор Шәмші Қалдаяқовпен бетпе-бет отырып сөйлескендегі әңгімесі.
  1. Автор жайлы мағлұмат беру.
Оразбек Бодықов 1927 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. Жазушы, аудармашы, драматург. Шығармаларынан «Қанжар мен домбыра» , «Дала тұтқыны», «Әл-Фараби» т.б. Мәтінді оқып, таныс емес кісі аттарын түртіп алып, астын сызып отыру.
  1. Бетховен Байқадамов жайлы оқушыларға мағлұмат беру
  2. Оқулықпен әрі қарай жұмыс жүргізу
  3. Ш.Қалдаяқов кім?
Әнші туралы оқушыларға мағлұмат беру. «Аққұс туралы аңыз»«Аққұс туралы аңыз»
  • Әншінің бойында қандай ерекше қасиет болған?
  • Автор Ш.Қалдаяқовтан не жайында сұрады?
  • Аққұс туралы аңызды Шәмші аға кімнен естіген?
  • Аққұстың әніне табиғат, адамдар қалайша табынған?
  • Қарақұс неліктен Аққұстың көзін жоймақшы болды?
  • Аққұстың ақырғы өтініші не еді?
  • Аққұс ажалдан қалай құтылды?
  • Автор әннің құдіретін не арқылы көрсеткен?

IV. Дәптермен жұмыс
  1. Мәтіннен табиғаттың Аққұс әніне табынған жерін сурейттейтін тұстарды тауып дәптерлеріне жазып алу.
V. Сергіту сәті. VI. Шығармашылық жұмыс
  1. Аққұс пен Қарақұсқа мінездеме беру.
«Аққұс туралы аңыз»«Аққұс туралы аңыз»
Ш. Қалдыаяқовтың әнін күйтабақтан тыңдау.
VII. Қорытынды Құйрықты жұлдыз секілді, Туды да көп тұрмады. Көрген білген өкінді, Мін тағар жан болмады. Қазақ даласын әнімен тербеткен Ш.Қалдаяқов тағдыры мен ғұмыры осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Ән өнерінде жарық жұлдыздай із қадырған Ш.Қалдаяқовты қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі.

VIII. Оқушыларды бағалау.

© 2010-2022