Баяндама тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары


Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу және қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту. Біздің басты мақсатымыз - білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім -тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі - оқу. Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, қабілетінің дамуы, білуі мен танымдық белсенділігін арттыру - қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабаққа оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді. Мұғалім оқушыларға терең білім беру мен қатар дарындылығ мен шығармашылығын дамыту жолында мына қағидаларды есте сақтаған жөн:

  • мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет;
  • мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын ( жан дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет;

  • мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек;
  • балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру;
  • сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі көрнекі құралдарды пайдаланып отыру;
  • әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет;
Оқушылардың шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушылардың дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбінесе «дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қиынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар
ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған.

Дарынды оқушылардың бірден көзге түсетін ерекшеліктері:

- Өте белсенді;

- Танып - білуге деген құштарлығы жоғары;

- Есте сақтау қабілеті жоғары;

- Сөздік қоры мол;

- Сұрақ қоя біледі;

- Қиындықтарды жеңе біледі;

- Шыншыл, турашыл;

- Өздігінен іздене алады;

- Эссе, әңгіме, мақала жаза алады;

- Танымы кең, білімі терең;

- Суретке қарап өз бетінше әңгіме құрай алады;

- Оқулықтағы материалдарды сұрыптай алады;

Бала бойындағы дарындылықты қандай жұмыстар арқылы

шығаруға болады?

Баяндама тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары



Сонда дарынды баланың тұлғалық моделі:

Баяндама тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары






Сондай - ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби «бейнесі» мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қаситі, білімпаздық ойлап табуға және ғылыми зерттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызыметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: « ...Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады». Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуға әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Мен өзімнің әрбір сабағымда басты назарға алатыным шәкірттеріме бағдарламадан тыс қосымша материалдар беріп отырамын.
1. Дәлірек айтсам, бірінші сыныптың алғашқы күнінен бастап, тілді жаттықтыру үшін, өлең-тақпақты ата-аналардың көмегімен жаттауды жолға қойдым. 2. Суреттер бойынша сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу, өз отбасы туралы әңгіме айту. Мектеп, сынып, жыл мезгілдерне әңгіме құрау, оған сурет салу сияқты жұмыстан соң, осы тақырыпқа арналған дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін көрсетіп, соған байланысты ақындардың өлең шумақтарын оқып беріп отырамын. Бұл баланың сезімін оятып, сурет салуға, мәнерлеп өлең оқуға жетелейді. 3. Баланың жинақы, дұрыс сөйлеп, өз ойын аз сөзбен анық айтып түсіндіруге дағдыландыру, сөздік қорын молайту. Ол үшін мұғалімге көп ізденіс керек. Әр оқушының сөздік қорын, сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін зерттеуді қажет етеді. Көрегінде баланың ата-анасы, отбасының тыныс-тіршілігінен де хабардар болуы артық емес. Сондықтан да менің сыныбымның есігі әр кез ата-аналар үшін ашық. Қай сабаққа қатысып, баласының білімін байқаймын десе де ерікті. Бұл ата-анаға баласының білім деңгейін басқа оқушымен салыстыруына үлкен көмек береді. Әрине, бұл маған да үлкен көмек. Әрі қарай ата-ана баласының үй тапсырмасын орындауына, сабаққа қатысуына, басқадан кем қалмауына ат салысады. Қазақ тілі сабағыма тоқталар болсам, сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

  1. Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөздер шығатын сөздерді жаз.
Қыран, қала, дархан, бұлақ, Мұз, сүт, қысым, есек,

  1. Берілген сөздерге (зат есімге) бір әріп қосып мағынасы өзгерген сөз жаз.
Қала + (қ) таба + (н) Ат + (а) ел + (у)
  1. ТБаяндама тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарыөмендегі әріптерден сөз құрап жаз, бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы керек
Асық Ұзақ Бас Бақ з с Мал Мұз л Бұлақ Лақ Құл Сым т.б Осыныдай сөздікпен жүргізілген жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.
Тағы да мысалдыр келтіре кетейін. 1. Әріптерден сөз құрау Баяндама тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарыал Б ас ақ ау




2. Екі буынан сөз құрау
Баяндама тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарыла Ба қа Та
3. Бір сөзден бірнеше сөз құрау Б а л д ы р ғ а н Бал Бала Балдыр Балғын Ал алдыр Алған Ырғал Дала Ғана Нар Баған т.б
  1. Сурет бойынша сөйлем құрау
Баяндама тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарыБаяндама тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

Баяндама тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарыҚызыл алма тәтті. Апам сырға сатып әперді


Роза билеп тұр.





Қысқасы бастауыш сынып мұғалімі - баланың екінші анасы. Шәкіртіңді анасындай аймалап бірақ орынды талап қойып, жүрек жылуын бәріне бірдей шаша білудің қорытындысы - бағбанның жақсы ағаштан жинаған жемісі іспеттес. Қорыта келгенде, О. Бальзактың «ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты ұрпақ керек екені бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.














© 2010-2022