Открытый урок Нәтиже сабақ. Қыс туралы алтыншы сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Федоров ауылы

№1 Федоров жалпы орта білім беретін мектебі

Открытый урок Нәтиже сабақ.Қыс туралы алтыншы сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шагиева Нурбике Тельмановна



Сабақтың тақырыбы:Нәтиже сабақ.Қыс.

6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Қыс.

Сабақтың мақсаты: А.Модуль бойынша өтілген зат есім туралы білімдерін пысықтау, «Қыс» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру,шеберліктерін қалыптастыру.

Ә.Сөздік қорын молайту, сөйлем құрастыру, өз ойларын тиянақты жеткізу дағдыларын арттыру.

Б.Оқушыларды Отанды сүюге, табиғатты аялауға, ұйымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу,кластер құру.

Сабақтың көрнекілігі: топшамалар,суреттер,тест тапсырмалары,интерактивті тақта.

Үй тапсырмасын тексеру. Желтоқсан, қаңтар,ақпан мәтіндерінің мазмұнын тексеру.

Сабақтың тақырыбын ашу.
Жұмбақ шешу: Қанаты жоқ, ұшады.
Аяғы жоқ, желеді.
Ауызы жоқ, ұлиды. Боран.

- Бұл не? (боран)
- Боран жылдың қай мезгілінде болады? (қыста)
- Қыс мезгілінде неше ай бар? (3)
- Қандай?
(желтоқсан) (қаңтар) (ақпан)
- Қыс мезгілі қай айдан басталады? (желтоқсаннан)
- Жыл басы қай айдан басталады? (қаңтардан)

Эпиграф:

Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Сергіту сәті.

Тапсырмамен жұмыс.

1.Жақша ішіндегі сөздердің лайықтысын жазыңдар.

Жазда күн ( қысқа, ұзақ ) болады. Қыста күн ( ыстық, суық ) болады. ( Қыста, жазда ) аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Ауа райын болжаумен ( метеорология, астрономия ) ғылымы айналысады.

2. Мәтіннен жалпы,жалқы есімдерді тауып жазыңдар.

Арман мен Оспан жылы киім киіп, қысқы орманға барды. Орман табиғаты өте көркем. Қарағаймен шыршалар жап-жасыл, қар аппақ, қысқы ауа таза. Олар шана мен шаңғы тепті. Балалар уақытты қызықты өткізіп, үйлеріне көңілді қайтты.

3. Берілген мақал-мәтелдердің керекті сөздерін тауып жазыңдар

1.Қыс азығын жаз жина.

2.Мезгіл жетсе, мұз ерір.

3.Қыстың көзі - қырау.

4.Қыстың қамын жазда ойла.

5.Қыс - арбаңды, жаз шанаңды сайла.

6. Қар - қара жердің көрпесі.

4. Сөздерді септеңдер: шырша, мезгіл.

Сергіту сәті.

Кластер құру.

айлар

түндер

Открытый урок Нәтиже сабақ.Қыс туралы алтыншы сыныпОткрытый урок Нәтиже сабақ.Қыс туралы алтыншы сыныпОткрытый урок Нәтиже сабақ.Қыс туралы алтыншы сынып

ҚЫС

қысқы демалыс

ауа райыОткрытый урок Нәтиже сабақ.Қыс туралы алтыншы сыныпОткрытый урок Нәтиже сабақ.Қыс туралы алтыншы сынып

Открытый урок Нәтиже сабақ.Қыс туралы алтыншы сыныпОткрытый урок Нәтиже сабақ.Қыс туралы алтыншы сынып

мерекелер

табиғат

6.Бекіту.Оқушылардың білімдерін шағын тест тапсырмалары арқылы бекіту.

1.Зат есім нені білдіреді?

А.атын Ә.сынын Б.санын

2.Зат есімнің сұрақтарын табыңдар?

А.қандай?қай? Ә.кім?не? Б.не істеді? не қылды?

3.Қыс киімін белгіле.

А.қалпақ Ә.тон Б.шаңғы

4.Зат есімнің неше жалғауы бар?

А.8 Ә.7 Б.4

5. Мынау қандай жалғау? -мын,-мін,-бын,-бін,-пын,-пін.

А.көптік жалғау Ә.септік жалғау Б.жіктік жалғау.

6.Тұрлаусыз мүшелердің санын көрсет.

А.5 Ә.3 Б.8

7.Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай қандай топқа бөлінеді?

А.еріндік,езулік. Ә.ашық,қысаң. Б.жуан,жіңішке

8.Ат,ет,от - қай буынға жатады?

А.ашық Ә.бітеу Б.тұйық

Жауаптар тақтада көрсетіледі.Оқушылар өзара тексеру жүргізеді.

Жауаптар: 1.а, 2.ә, 3.ә, 4.б, 5.б, 6.ә, 7.а, 8.б.

7.Бағалау.

8.Үй тапсырмасы.

4-тапсырма.112 бет.

9.Қорытынды.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.



© 2010-2022