Оқу іс-әрекеті «Мейірімділік»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
«Айгөлек» балабақшасы МКҚК «26» қараша 2013 ж.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы № 2 -ші кіші «Ә» тобы Тәрбиешісі _Жумабекова С.Б. _________

Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта .

Кіші сала: Тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру _____

Тақырыбы: Мейірімділік ағашы .

Мақсаты: Балаларға мейірімділік туралы түсінік беру, адамдардың іс-әрекеттерін бағалау, сөздік қорын молайту. Мейірімділік істерді жасауды тәрбиелеу .

Көрнекі құралдар: Күннің көзі, гүлдер, түрлі-түсті түймелер, ойыншық қоян мен аю, сәбіз, мейірімділік ағашы, жемістер

Билингвалдық компонент: мейірімділік-доброта, ағаш-дерево

Қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ынталандыру-оятушы кезең.


Тосын сый:

Тәрбиеші балаларды қуанаш шеңберіне шақырады.

Үлкен де Сіз.

Кішіге де Сіз.

Бәріне де ізетпен.

Біздер сәлем береміз.

Балалар қайталайды.


Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең.































































































Рефлексивті-түзетуші кезең.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде оқу іс-әрекет ерекше болмақ. Бізді ғажайыптар күтіп отыр. Қонаққа ағаш келеді: Мен мейірімділік ағашымын. Жақсы сөздерден гүлдер пайда болады, ал жақсы істер жасасаңдар ғажайып жемістер өседі.

Маған көмек керек, менің гүлдерім мен ғажайып жемістерімді сиқыршы алдап алып кетті. Егерде оның тапсырмаларын орындасаңдар, менің гүлдерім мен ғажайып жемістерімді қайтарасыңдар. Ағаш жылап кетіп қалады.

Тәрбиеші: Көмек береміз бе? Ағашты тауып алып, оның гүлдері мен жемістерін қайтарайық. Жолға шығар алдын да мейірімділік ережелерін еске түсірейік:

Мейірімділік ережелері:

-Бір-бірлеріңді есімдерінен атаңдар.

-Мейірімді болыңдар, дос болыңдар.

-Бір-біріңді мұқият тыңдаңдар, сөздеріңді бөлмеңдер.

Жолға шығайық. Қараңдар, 1.Біздің күніміз көңілсіз; оның шуақтарында жаман сөздер жазылған. Біз осы сөздерді жақсы сөздермен ауыстырайық. Тәрбиеші оқиды, балалар жақсы сөйлемдер айтады. (10 гүл)

2.Сәлемдесу көлден өту үшін амандасатын сөздерді есімізге түсірейік: Сәлеметсіз бе, қайырлы таң, күн, кеш, сәлем, привет. (6 гүл)

Бізге Әдептілік көпірден өту керек. Егерде сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, сонда ғана өтуге болады.

1.Әдепті адамдар кездескенде бір-біріне қандай сөздер айтады?(сәлеметсіз бе)

2.Ал қоштасқанда не дейді?

(сау болыңыз)

3.Егерде, байқаусызда біреуді итеріп қалсаң не деу керек?

(кешіріңіз)

4.Өтініш айтқанда не деу керек?

(мархаббат)

5.Көмек үшін қалай алғыс айтады? (рахмет) (5 гүл)

Сәлемдесу көлден өту үшін біз Әдептілік көпірдің тапсырмасын орындадық.

3.Қараңдар, Көңілді алаңқайындағы гүлдерге не болды? Гүлдер ханзадасы көңілсіз, оның достарының жапырақтары қарайып кетіпті. Ханзада көңілді түстерді жақсы көреді, оған көмекке кемпірқосақ түрлі-түсті шықтар беріп жіберіпті. Біз жапырақтарды шықпен безендірейік. Гүлдер хазандасы күлімдеп, гүл ашылады. (жеміс) Жолымызды жалғастырайық. 4.Қараңдар, Қамқор тоғайы. Тыңдаршы, біреу жылап жатыр. Бұл қоян ғой. Біз оған арнап көңілін көтеру үшін тақпақ оқып берейік. Біздің қоян жаңбырдың астында қалып қойыпты: қане, орамалмен сүртіп, сәбіз берейік ауырып қалмасын.(1 жеміс) Қоян балаларға ойын ұсынады. Жақсы істер айтса: алақай! - деп шапалақтаймыз; жаман істер болса: фу! Деп аяқтарымызбен топылдатамыз.

-үлкендерге көмек беру;

-кішкентайларды ренжіту;

-қыздарды қорғау;

-ойыншықтарды алып қою;

- итті тамақтандыру;

-мысықтың құйрығынан тарту;

-гүлдерді суару.

Қоян көңілденді және жылынды.

Қараңдар, көңілсізденіп аю отыр. Оған да арнап тақтап оқып берейік. Аюдың бізге тапсырмалары бар: қане, үстелге назар аударыңдар. Осы заттармен қандай мейірімді істер жасауға болады? (4 жеміс)

Қараңдар Мейірімділік ағашы қарсы алып тұр бізді. Қане, біз ағашқа гүлдері мен ғажайып жемістерін жапсырайық. Есімізге түсірейік қандай мейірімді сөздер айттық, жақсы істер жасадық:

-Күнге мейірімді сөздер айттық.

-Сәлемдесу көпірмен амандастық.

- Әдептілік көпірдің тапсырма сын орындадық.

-Гүлдер ханзадасына көмек бердік (түймелермен гүлдерді безендірді)

-қоянға көмек бердік

-аюға тақпақ айтып, тапсырмасын орындадық

Қараңдаршы, қандай әдемі мейірімді ағаш. Ағаш балаларға ғажайып жемістерін береді. Бұл жемістерді үйдегі жақын адамдармен бірге жеу керек, сонда ғана оның тәттісің сезесіңдер.

Гүлдерім мен жемістерімді қайтарған үшін рахмет. Енді сендер мынау жолмен барсаңдар бақшаларыңа тез жетесіндер.

Қорытындылау

Ағаштың тамырлары - мейірімді ойларың, гүлдері - мейірімді сөздерің, жемістері - мейірімді істерің. Ал, енді біз қысқа жолмен балабақшаға қайтайық.

«Что такое доброта?» әні орындалады.

Балалардың жауаптары.

Балалар назар аударады,

Балалар келіседі


Балалардың жауаптары

- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді!

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бір жандарға,

Ертеменен, ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!» - деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!» - тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» - деп кіремін.



Балалар түймелермен гүлдерді берендіреді.

Балалар тақпақ оқиды:

Қатты жаңбыр астында

Қоян иесіз қалыпты.

Орындықтан түсе алмай,

Бас-аяғы суға малыныпты


Қызыға қатысады

Қонжығым жерге құлады,

Жұлынып қалды аяғы.

Сақтаймын енді биікте,

Мен үшін қымбат тұрады.

дәндермен құстарды тамақтандаруға, гүлді суаруға немесе сыйлауға, ойыншықты жөндеуге, қағазға сурет салып жақын адамға сыйлауға


Ағашқа гүл жапсырады

Жеміс жапсырады

Күтілетін нәтиже:


БІЛУ КЕРЕК: Мейірімді сөздерді білу .

БОЛУЫ КЕРЕК: Балалар мейірімділік туралы түсінік .

ІСТЕЙ БІЛУІ КЕРЕК: мейірімді істер жасауды .



© 2010-2022