«Астана - бас қала» тақырыбы бойынша қазақ тілі пәнінен сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Кеңес Одағының батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Сулеева Қарлығаш Әлібайқызының 3- орыс сыныбында өткізген сабақ жоспары



«Астана - бас қала» тақырыбы бойынша қазақ тілі пәнінен сабақ«Астана - бас қала» тақырыбы бойынша қазақ тілі пәнінен сабақ«Астана - бас қала» тақырыбы бойынша қазақ тілі пәнінен сабақ«Астана - бас қала» тақырыбы бойынша қазақ тілі пәнінен сабақ«Астана - бас қала» тақырыбы бойынша қазақ тілі пәнінен сабақ«Астана - бас қала» тақырыбы бойынша қазақ тілі пәнінен сабақАстана - бас қала

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: «Астана-бас қала» тақырыбы төңірегінде сөйлей білу,сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу.Сұраулық шылауларды қайталау.

2.Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту, іздендіру, шығармашылыққа баулу.

3.Тәрбиелік мәні: Туған жерін,қаласын,көшесін сүюге,ардақтауға баулу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру,жаттығулар.

Сабақтың жабдығы: оқулық,интерактивті тақта,үлестірме қағаздар,слайд.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Психологиялық дайындық.

-Сабақты «Астана» туралы өлең жолдарымен бастайық.

Астананың Есілі сарқырайды,

Мың бір шырақ түнімен жарқырайды.

Көк аспанмен таласқан «Бәйтерегім»,

Астанамның сұлулығын айқындайды.

-Ал,енді балалар,бір-біріміздің қолымыздан ұстап,алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.

-Аспанымыз ашық болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Күніміз жарық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Көк туымыз биік болсын!

III. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Мәтінді мәнерлеп оқу,сұраққа жауап беру.

2.Сұраулық шылауларды атау,мысалдар айту.

3.Сөздіктермен жұмыс.

IV. Жаңа сабақ. «Астана-бас қала»

1.Сабақтың мақсатын,барысын айту.

Кіріспе: слайдтар /интерактивті тақта/

-Ал енді балалар, Астана қандай қала екен?

-Астана үлкен,әдемі,жас қала.

- Үлкен «Бәйтерек» ,әдемі де әсем «Ханшатыры» бар.

-Біз қаламызды жақсы көреміз.

-Жарайсыңдар,өте жақсы. Яғни еліміздің астанасы-Астана қаласы екен.

-Ал, енді «Адасқан әріптер» ойыны.Дыбыстарды тіркестіріп,сөз жасаңдар.

А.Н.А.Т.С.А (Астана) Л.і.С.Е (Есіл)

К.Е.Р.Е.Т.Й.Ә.Б (Бәйтерек) А.Қ.Р.А.Ы.Р.А.С (Сарыарқа)

Р.Ы.Т.А.Ш.Н.А.Х (Ханшатыр)

2.Мәтінді мәнерлеп оқу,сөздіктермен танысу.

3.Сұрақ-жауап.

1.Сен қай қалада тұрасың?

2.Қала қандай?

3.Қалада қандай үйлер бар?

4.Қалада саябақтар,ескерткіштер көп пе?

5.Эссе. «Менің Астанам»

V. Грамматикалық тақырып.

Сурет бойынша сұраулық шылауларды қайталау.

/ үлестірмелі қағаздар/ Ү л г і: үй ме?

алма ма? түлкі ме?

шар...? дәптер...?

барабан...? сәбіз...?

Жазба жұмысы. 4-тапсырма. Сұраулық шылауларды дұрыс қойып,жазу.

Астана ма? Тараз ба?

Көкшетау ...? Ақтау ...?

Шымкент ...? Ақтөбе ...?

Талдықорған ...? Өскемен ...?

VI. Сергіту сәті.

VII. Сабақты бекіту.

«Астана -жас қала» төңірегінде әңгіме қозғау.

1.Астананың көркін қалай суреттейсіңдер?

2.Астанада қандай зәулім үйлер бар?

3.Сен Астана қаласында болдың ба?

VIII. Сабақты қорыту.

5-тапсырмадағы сөздерге сұраулық шылауларды дұрыс жалға.

ма?

ме?

қала, көше, алаң, дүкен, автобус, мектеп

бе?

ба?

пе?

па?

IX. Оқушылардың білімін бағалау.

X. Үй жұмысы. Мәтінді мәнерлеп оқы,орыс тіліне аудар.



© 2010-2022