Халқымыздың қадір-қасиеті аталы сөз

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Халқымның қадір-қасиеті -аталы сөз

Сабақтың мақсаты: халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әке өнегесімен, ата ақылымен берілетін өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойында қалыптастыру, адамгершілікке ,мейірімділікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер,слайд

Сабақтың барысы.

ШАТТЫҚ ШЕҢБЕР :Балалар !Бір -бірімізге қарайық.Досыңның күлімдеп қарағаны саған қуаныш сыйлап тұрғаны емес пе ? Ендеше шат көңілмен мына өлеңді бірге айтайық :

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Сыйластықпен өмір сүріп,

Тек жақсылық ойлаймыз.

Амансың ба, алтын күн !

Амансың ба ,көк аспан!

Амансың ба ,достарым !

Сендерді көріп қуанам!

Мұғалім: оқушыларды келген қонақтармен таныстырады.

Суреттер бойынша тәрбие сағатының тақырыбын оқушыларға ашқызу.

Қызығушылықты ояту Жұмбақ жасырайын:

Оңға қарай ,

Оқысаң да бір халық

Солға қарай ,

Оқысаң да бір халық (қазақ).Біз қай ұлттық халықпыз ? (қазақ).Ендеше ,біздің,қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәні өте зор.Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтімен,ана әлдиінен бастау алады. Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты,ғибрат аларлықтай ,тамаша өсиет сөздер бар. Өсиет сөздерді кім айтады ?

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол көкеңнің

Білер оны сұраған

Ол кім ? (атаң)

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың міндеті үлкен кісілерді тыңдап,олардың сөзін еске сақтап,құрметтеуіміз керек

Балалар, аталы сөз кімге керек деп ойлайсыңдар?

Аталы сөз бәрімізге керек.Ақылдыға аталы сөз дана болу үшін керек. Жақсыға ақылды болу үшін керек.Аталы сөз өсетін жақсы ,өнерлі жанға керек.Ал сендер қалай ойлайсыңдар ?

Әділет : Ей,такаппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танимысың сен мені,

Мен қазақтың баласы.

Ерасыл: Сәулелі сөз сөне ме?!

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім өнеге-

Ақ тілеуі атаның.

Асанәлі: Атам менің әманда

Әдепті жан бол деген.

Атам сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

Айшабибі: Алдың орап кісінің

Кесіп өтпей көлденен.

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

Жансая: Атаң болса анаңмен,

Алтыннан соққан қорғаның.

Ағаң болса ақылды,

Ешкімнен кем болмадың.

Мадина :Інің болса жанашыр,

Семсер қылыш білегің.

Ақылды қыз,ақылды ұл,

Өкпе,бауыр,жүрегің.

Лаура : Бал салмаса-ара қасиетсіз,

Жанбай қалған шам қасиетсіз.

Әдепсіз болса-бала қасиетсіз,

Көк шықпаса-дала қасиетсіз.

Ойсыз болса-ер қасиетсіз..

Аружан: .Жақсы бала құлақ сап, айтқаныңды ұғады,

Төсегінен тұра сап, таза ауаға шығады.

Нұрахмет :.Жақсы бала ол анық істемейді шалалық,

Тап -таза боп жуынып, алады ол таранып.

Айдос :. Өзге ұлттан кем санама өзіңді,

Қай кезде де бол шыдамды да төзімді.

Айару : . Мән беріп,ден қойғанда,

Терең ойға батасың.

Шілдехана,тойларда

Береді атам батасын.

Жаннұр :.Әр сөзінің ақырын

Жақсылыққа тірейді.

Қадап айтып ақылын,

Көпке бақыт тілейді.

Ақерке : Кім сүймейді атасын, Сәлем берсең иіліп,

Асқар таудай көрінген. Сәлеміне сүйініп,

Бөбекке айтар батасын, Атам жақсы көреді,

Жаттап алған едім мен : Ақ батасын береді.

Әлібек : . «Жүйрік тілді ақын бол,

Жақсыларға жақын бол!

Достарыңмен тату бол,

Өз ортаңның гүлі бол»

Көрініс : «Ата мен немере»

Алмас : Маған мынаны айтып беріңдерші,балаларым.

. Дүниеде не тәтті?.Ананың сүті тәтті.

Не қатты?Әкенің жүрегі қатты.

Не жұмсақ? Ананың алақаны жұмсақ

-Жерден ауыр деген не ?

Алима : .Жерден ауыр дегенім-оқу-білім,

Судан терең дегенім - оқу ғылым,

Оттан ыстық дегенім- адам өмірі,

Көктен биік дегенім- тәкаппардың көңілі.

  • Не жетім ?

Дильназ : Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтылған сөз жетім.

-Кім жақын ?

Азиз: Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса,апайың жақын.

Бауырмал болса,інің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын қарындасың.

-Не қиын ?

Алмас : .Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын.

Зарина :. Ақылыңнан адасып,

Өзегіңе түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас ,миың.

.

Мұғалім :Балалар ! Сөздің сәні -өнегелі, өткір нақылы. «сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Кім мақал- мәтелдерді біледі ?

1. Ата - баланың қорғаны.

2. Асқар тауда асыл көп,

Аталы сөзде ақыл көп.

3. Ел құлағы елу.

4 .Аталы сөз-баталы сөз.

5. Әке сөзі -парыз,

Ана сүті-қарыз.

6. Білген адам тауып айтады,

Білмеген адам қауып айтады.

7. Атадан бала қалса игі,

Ата жолын қуса игі.

8. Қарты бар үйдің-қазынасы бар.

9. Асыл тастан, өнер жастан.

10. Ағадан- ақыл,атадан -нақыл.

. 11. Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі ниетінде.

12. Үлкенге -құрмет,кішіге -ізет.

«Жалғастыр » ойын

Не істеуге болмайды ...

Үлкендердің алдынан ...

Құстарды ...

Кішкене баланы ....

Қыз баланы...

Оқулықты ...

Сыныпта...

Дамир : Жүрсеңдағы қай қиырда, қай жерде,

Сақта есіңе, менің осы батамды.

Мұғалім :Атамыздан бата сұрайық .(бата беріледі)

Асылхан : Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Сені сонша аңсапты ел,

Би биле де,ән сап бер.

Музыкалық пауза.Өлеңдер.

Би «Қара жорға»

Міне ,балалар,біз тәрбие алатын аталы сөздер көп екен.Әлі де оқып таныса береміз.Үлкен кісіні тыңдап,сыйлауымыз керек.Халқымыздың аталы сөздерін тыңдап өскен бала әрқашанда тәрбиелі болады.

Мұғалім :Келгендеріңізге рахмет!

Хош сау болыңыздар.

© 2010-2022