Тәрбие сағаты Наурыз келсе - құт келгені, халайық! 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1. Сұрасаң, бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Көк жайлауды жайласаң,

Тай-құлынды байласаң,

Сабаң толсын қымызға,

Шараң толсын уызға!

Әумин десең маған,

Құдай берсін саған!

Аллаһу ақбар!

2. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды

Жарқыраған жас нұрлы!

Құтты болсын мереке,

Болсын думан-береке!

( оқушылар төс қағысып, сәлемдеседі)

3. Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы - жыр-аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз!

Наурыз - шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз,

Би билейік бәріміз!

( «Қара жорға» биі)

4. Нұрлы күнге әлемнің

Береміз ыстық сәлемін!

Қарттарыма сүйініп,

Сәлем береміз иіліп!

Орындалды ойларың,

Құтты болсын тойларың!

5. Наурыз - көктем тойымыз,

Той дәмі мол, тойыңыз!

Күн ұзарар жылынып,

Өсер біздің бойымыз.

Төлдеді де малымыз,

Тамыр жайды талымыз!

6. Тойын жасап ел енді,

Қуанышқа бөленді!

Жарқыраған жас нұрлы

Жаса, Наурыз, дәстүрлі!

7. Күн ғой бүгін жарылған

Ақ түйенің қарыны.

Ақ дастарқан жайылған

Лаулап ошақ жалыны.

Хор: Наурыз оң болсын!

Ақ мол болсын!

( « Наурыз тойы » әні)

8. Ата-бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

9. Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

10. Кетер өрлеп даңқымыз,

Біз Қазақстан халқымыз!

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз!

«Тұсау кесер» рәсімінен көрініс

1-оқушы: Әдетте сәби аяғын тәй-тәй басып жүре бастағанда оның тұсауын кеседі. Ата-әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген, өйткені баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы осы тұсау кесу дәстүріне байланысты деп есептеледі. Тұсау кесерге ауылдың әжелері мен қыз - келіншектері жиналады.

2-оқушы: Баланың тұсауын үш түрлі затпен кесуге болады екен. Біріншісі - малдың тоқ ішегі. Тұсауды тоқ ішекпен кесу елдің тоқ болуы және баланың келешекте бай болуын көздейді.

3-оқушы: Ала жіппен тұсау кесу баланың келешекте ешкімнің ала жібін аттамай, адал болып өссін деген ниеттен туған.

4-оқушы: Баланың тұсауын тағы бір затпен - шөппен кесуге болады екен. Тұсауды шөппен кесу баланың ғұмыр жасы ұзақ болып, басына ырыздық - береке қонсын дегенді білдіреді екен.

«Тұсау кесу» жыры айтылады.

Жолың болсын деселік, (тұсау кесу) Қаз, қаз, балам, қаз, балам,

Жолыңа нұр төсейік. Қадам бассаң, мәз болам.

Жарылқасын алдыңнан. Тағы, тағы баса ғой,

Тұсауыңды кесейік, (шашу) Тақымыңды жаза ғой.

Тұсауыңды кесейік! Қаз баса ғой, қарағым,

Күрмеуіңді шешейік! Құтты болсын қадамың!

Ата -аналарға тапсырмалар - салт-дәстүр, ырымдардың мағынасын ашайық.

Ерулік, қалау, тоқымқағар, иткөйлек, бәсіре, жасау, енші, сонар.

«Шаттық биі» (қыздар орындайды)

11. Той әкелген ғаламға,

Наурыз айым, аман ба?

Бас иеміз, бабамыз -

Бас иеміз саған да!

Барша жұртым аман ба?

Құтты болсын әз Наурыз!

Сүтті болсын малымыз!

12. Қош келіпсің, Наурыз!

Арман тойы баршаның,

Қуанышы ғаламнын,

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап, қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

«Бейбітшілік тойы!» деп,

Қол соғады барша жұрт!

13. Күреп алтын күрекпен,

Қарды еріткен Наурыз!

Жатыр көктем түлетіп,

Бүрлеп бақша бауымыз!

14. Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген.

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық наурыз - көжеден!

15. Күн ғой бүгін жарылған

Ақ түйенің қарыны.

Ақ дастарқан жайылған

Лаулап ошақ жалыны.

(«Дастархан» әні)

16. Тойда өнер сынайық,

Кәне, құлақ қояйық.

Өлең айтқыш Алдардың

Өтірігін тыңдайық!

«Алдар көсе мен Шығайбай» көрінісі

17. Бақытты бал дәурен күніміз,

Шарықтап барады үніміз.

Тәуелсіз, ерікті ел болдық,

Сүйікті Отанның гүліміз!

- Жасай берсін жаңа күн!

- Туа берсін жаңа жыр!

- Дүр сілкінсін дала бір!

- Құтты болсын Жаңа жыл!

-Құтты болсын Наурыз - той!

Бәрі: Құтты болсын Жаңа жыл!


© 2010-2022