Көбейту мен бөлуді қайталау

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәнніңаты:

математика

Уақыты:30.11.15

Кабинет:203

Мұғалім:Рахимжанова Т.Ж.

Сынып:3 «Е»

Сабақтың атауы

Көбейту мен бөлуді қайталау

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақ типі:

Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту.

Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдылары жетіледі

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау,танымдық қабілеттері артады., шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысы қалыптасады.

Тәрбиелік: Пәнаралық және өмірмен байланысты іске асыру,оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.

Сабақтың түрі: пысықтау

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау,кіріктіру, топтық жұмыс.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, дидактикалық үлестірмелер,оқулық,дәптер.

Пәнаралық байланыс:


Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Әрбір адам -Туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ-Үйрену,ұғу,ұлағат

Әрбір ісің-Тірлік,тірек,адамдық

Әрбір сөзің-Шыңдық,бірлік,адалдық

Олай болса балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Әрбір ісімізге мұқият болайық.Бүгінгі сабақта біз көбейту және бөлу тақырыбы бойынша алған білімізді пысықтаймыз.


Қызығушылықты ояту

Ой толғаныс


1-кезең. Бағдарлау- мотивациялық кезең.
А)Тірек білімді белсендіру:Миға шабуыл.Көбейту мен бөлу кестесін қайталауға арналаған жаттығулар.

«Жұбынды тап» ойыны.Берілген карточкалармен оқушы өз жұбын табады.

Ә)Өрнектерді пайдаланып,тура теңдіктер құр.

20:2+5 120:10 4 х 3 9 х2 3 х 6

80:2 -12 200:10 5 х 4 7 х 4 5 х 3

Интерактивті тақтада жауаптарын тексереді,бағалайды.Бағдаршам

Б)Көбейту мен бөлу кестесін қайталау

4х9 24:3 3х6 36:4

3х7 40:4 7х4 21:3

6х2 28:4 1х9 18:2

Интерактивті тақтада жауаптарын тексереді және бағалайды (Бағдаршам)

В)Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.Топтық жұмыс

Көбейту мен бөлу кестесін тексеру.Амалдарды орындау «Кім жылдам» ойыны

1-ші қатар

(34+20):6

80: 10+12

100-8х10

(85-15)х9

0х (42+7)

2-ші қатар

(76-26) х 8

49 : 7 х 8

46 -64 : 8

50 - 24 :3

4х5+4х9

3-ші қатар

81 : 9 х 6

34 +6 х 9

90 - 7 х 8

(24 + 16) : 8

Интерактивті тақтада жауабын тексереді.

Г) Сұрақтарға жауап бер

- екі жұмыртқаны 6 минут пісіреді.Осындай 8 жұмыртқаны қанша уақыт пісіреді?

-мыналардың қайсысы уақыт бірлігі емес:секунд,апта,километр,ай. (километр)

- қандай бірдей үш санның көбейтіндісінің мәні 1-ге тең болды. (1х1х1=1)

-қайыңда 28 алма өсіп тұрды.Оның 5-ін қарға алып кетті . 4-і жерге құлады.Қанша алма қалды?

- Ер адамнан «неше балаңыз бар деп»сұрапты ?Сонда ол «менің төрт ұлым бар және олардың әрқайсысының туған қарындасы бар»-деп жауап беріпті.Оның неше баласы болған? (бес)

- қайсысы ауыр: 1 кг мақта ма немесе 1 кг темір ме? (бірдей)

- Салтанат кітаптың 16 бетін ,ал Серік 8 бетін оқыды.қайсысы артық және неше есе артық?

-Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады.Ал қай айда 28 деген сан бар? (барлық айда)

2-кезең. Операциялық - орындаушылық кезең.

А)оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс

№ 1 тапсырма б 103 №3

А)Фигураның периметрін табу.Өзін-өзі бағалау бағдаршам

Оқушылар өздері орындайды, жұппен талдайды, өзара тексереді, қателерін түзетеді.

Ә)Жұптық жұмыс №3.Өзара тексеру.Бағалау .бағдаршам

Б) Өздік жұмыс.№6 Бағалау.Бас бармақ.

3-кезең. Рефлексиялық - бағалау кезеңі
(Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздерін өзі немесе бір-бірін бағалайды.)

Рефлексия.

Бүгінгі сабақта

мен үйрендім:

маған қызықты болды

маған қиын болды

мен түсіндім





Сергіту сәті

Логикалық сұрақтарға жауап береді.


Үйге тапсырма

Бет 104№7

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау




«Келісемін»____________ «Бекітемін»________ Оқу ісінің меңгерушісі №19 орта мектеп

С.Ж. Умербаева________ директоры

Р.К.Баймағанбетова______ С.Б.Ахметжанова







Математика пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы: «Көбейту мен бөлу кестесін қайталау»

№ 19 орта мектебінің 3 «Е» сынып мұғалімі

Рахимжанова Толқын Жалмукановна







© 2010-2022