Төрлет, Наурыз төріме! (ертеңгілік)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кабдулданова Рыстай Айтмухаметовна

Семей қаласының №21 жалпы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.

Төрлет, Наурыз төріме!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге
тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін
қалыптастыру.

Мейрам өтетін жер салт -дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
1-тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар құрметті қонақтар.
Ұлыс күні кәрі - жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағатқан қозыдай
Жамырасып өріскен
Ұлыс күні қар еріп
Сай салалар гүрілдеп
Көк шөбі шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдеп
Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен

Ортаға екі бала шығады.
1-бала : Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
2-бала: Уағалейкумссалам
Ұлыс оң болсын
Пәле - жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман - саулық сұрасады.

1-тәрбиеші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Әже: Наурызым , құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
«Жылқы жылын» қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Қой » кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата - әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.

1 бала: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

2 бала: Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз- Наурыз!

3 бала : Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!

4-бала: Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған«Ат қою рәсім» көрінісін тамашалауға шақырамыз.
1. Әже 2. Абай ата 3.Келіні Қонақтар: Ата, әже

1.Бала: "Сүйінші, сүйінші , Абай ауылына торсықтай ұл келді."

2.Келіні: "Бізге ауылдан қонақ келе жатыр "

Ата мен әже: "Наурыз құтты болсын!"

Келіні: "Сәлеметсіздерме, жоғары шығыныздар"

Ата: "Рахмет қарағым"

Ата: "Ассалаумағалейкум Абай ата, немерелеріңіздің бауы берік болсын!"

Абай ата:" Уалейкум ассалам, рахмет Әсеке"

Келіні: " Наурыз көже ішіп отырыңыздар"

Әже: "Өзіңіз ауылдағыныздағы сыйлы қауымның бірісіз, мына дүниеге келген сәбинің азаң шақырып атын қойыныз"

Ата: "Ее, бәрекелді, ат койсақ кояйық, өздеріңіздер сәбиге қандай ат қойғаның қалап отырсыздар?"

Әже:"Баламыз Наурыз мейрамына қарай туған соң Наурызбай деп қоймақшымыз"

Ата: "Дұрыс, Наурызбай батыр сияқты елдің батыры болсын!"

Әже:"Келін, немеремді әкеле қой"

(Әуен ойналады)

Әже: "Мынау біздің немереміз Наурызбай"

Ата: " Бисмилля, ал енді сенін атын қояйын, сенің атын Наурызбай-3рет

Ата:" Ал енді сәбиге батамды берейн:

Көтерейк білекті, жырға бөлек жүректі, Бөбекке бата берейн, Ағынан айтып тілекті, Сәбиміз сүйкімді болсын, өнер-білімге икемді болсын, Қырандай биікке самғасын Әумин! -хормен

(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)

1- бала: Ұлы күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!

2- бала: Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Ой ағайын, келіңдер!
Бүгін бізде -
Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ қосқан.

3- бала: Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық..

4- бала: Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгереді,
Соны тойлап ел енді.
Қуанышқа кенеледі

5-бала: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Бағымызда бұлбұлымыз сайрайды.

6-бала: Күреп алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша - бауымыз.

7-бала. Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.

"Теңге алу ойыны" - 6 бала

Ән. «Наурыз»

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!


Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.



© 2010-2022