Қош келдің жаңа жыл

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қош келдің, Жаңа жыл» 2016 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

1-сайқымазақ:

Уа, халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп шат болып,
Шалқып күліп, тараңдар.
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті деп.

2 - сайқымазақ :

Армысыздар, Халайық!
Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?
Ендеше құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1- сайқымазақ:

Құрметті жамағат кешімізді бастамас бұрын жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысы Акитбаев Есимхан Тұрысбекұлына береміз.
2 - сайқымазақ :

Осындай ғажап тілектен кейін біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
1 - Сайқымазақ: ия, бүгінгі мерекемізді ендеше көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.
Хоровод ән
1 Сайқымазақ: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.
2 Сайқымазақ: Балалар, мен сендерге шығыстың ертегісі қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзіңді жұмасын, ал екінші көзіңмен мына жәшіктегі тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады.....
( Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды.)
2 Сайқымазақ: Қалай көрдің бе? (ойыншы ештеңе жоқ деп жауап береді.)
2 Сайқымазақ: (ашуланып) Бұны қалай түсінуге болады.
Бұл не сұмдық сен ештеңе көрген жоқсынба? Қалайша көрмейсін? Тағы да бір рет қарап көр, сонда көретін шығарсын. (жәшіктің ішінен Алладин шыға келеді.)

Сәлем , достар, аман ба?

Нұр берді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық

Тойлап көңіл ашайық.

  • Балалар сендер мені таныдыңдарма?

1

  • Ия , балалар,дұрыс айтасындар мен Алладинмын. Менің үш тілек орындайтын құмырам да бар. Ал сендердің қандай тілектерін бар?

  • Біз шығыстың ертегісін көргіміз келеді.

  • Жарайды тілектерінді орындауға тырысып көрейін. Құмырам, құмырам балалардың сұраған тілектерін орындай гөр суф,суф, суф

Би «Шығыс»

1 - сайқымазақ.

Қандай керемет! Балалар сендерге шығыс ертегісі ұнады ма? Ендеше Алладинге рахмет айту үшін оның көңілін көтеріп, бірге ойын ойнап жыберейік

2 - сайқымазақ.

  • Мен сендерге мынадай ойын ұсынамын. Ойынның аты «Қар» деп аталады. Ойынның шарты мынадай: Қазір музыка қосылады, сол кезде мына домалақ қарды бір - біріміздің қолымызға береміз. Музыка тоқтаған кезде қар кімнің қолында қалып қояды, сол бала өз өнерін көрсетеді.

  • Балалар Алладиннің сендерге дайындап келген әдемі әні бар екен сол әнді тамашалауға рұқсат етіңіздер.

1 - сайқымазақ

  • Балалар біз қанша көңіл көтеріп ойнасақ та , билесек те жаңа жылымыздың сәні кірмей тұрған сияқты солай ма?

2 - сайқымазақ.

Дұрыс айтасын сайқымазақ. Жаңа жылдың сәні кірмей тұрғаны ортамызда Аяз ата мен Ақшақар жоқ. Сондықтан да осы кешіміздің сәнін кіргізу үшін барлығымыз бірге Аяз ата мен Ақшақарды айқайлап шақырайық ортамызға. (Барлығы хормен айқайлайды ,Аяз ата мен Ақша қар келмейді)

1 - сайқымазақ.

Біз қанша айқайласақ та Аяз ата мен Ақшақар келмей жатыр. Енді не істейміз?

2 - сайқымазақ

Таптым не істейтінін, Алладиннің сиқырлы құмырасы бар емеспе. Балалар сендер құмыраға тілектерінді айтып көріндер, сонда біздің тілегіміз орындалатын сияқты.

Алладин.

Құмырам, құмырам балалардың тілектерін орындап, ортаға Аяз ата мен Ақшақарды әкеле гөр суф, суф, суф (тілектері орындалмай қалады)

2 - сайқымазақ.

Алладин сенің құмыран біздің тілегімізді орындамады ғой. Бұны қалай түсінуге болады?

Алладин.

Бұл тілекті орындауға құмыраның сиқыр күші аз болып тұрған сияқты.

2 - сайқымазақ.

Ендеше балалар, құмыраның сиқыр күшін күшейту үшін біреуің бір мұзыкалық шығарма орындап, қалғандарын сайқымазақ екеуіміз көрсеткен қимылдарды жасап, бойларыңды сергітіңдер.

2

  1. - сайқымазақ ;

Кәнекей, Алладин сиқырлы құмыраңнан балалардың тілегін қайтадан сурап көр. Аяз ата мен Ақшақарды ортамызға шақыр.

Алладин:

Құмырам, құмырам балалардың тілектерін орындап, ортамызға Аяз ата мен Ақшақарды әкеле гөр суф, суф ,суф

  • 2 - сайқымазақ:

Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
2 Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!
(Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)
Аяз Ата:

Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Қой жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Мешін жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша, шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
2 - айқымазақ: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
Хоровод
(билеп жатқанда ескі жыл шығады,)
Қой жылы:

Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2016 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын Мешінге берем
(Сахнаға мешін шығады,)
Мешін: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба? мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Қой жыл:
Мен тағы бір қонақпын

3


Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, қой, қош бол.
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
2 - сайқымазақ. Ендеше Жаңа жылымыздың құрметіне 2 «А» сынып ұлдарын сахна төріне шақырамыз қарсы алыңыздар.
(шыршаны айнала билейді.)
1 - сайқымазақ; Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Мешін: Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
2 - сайқымазақ : Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
2 - сайқымазақ.

Балалар Аяз ата мен Ақшақарға көрсетер қандай өнерлерін бар ?
Ақшақар: Қанекей балалар біріміздің артымызға тұрып алып Аяз атаға арнаған тақпақ, өлең шумақтарымыз болса айтамыз.
( аяз ата ортада отырып балалардың өлең шумақтарын тыңдап сыйлықтарын береді)
Оқушылардың номерлары;

2»А» сынып оқушыларының өнерлері тамашаланады.

  1. Карымбек Нұрасыл ән «Жаңа жыл»

  2. Би 2 «А» сынып қыздары

2 - сайқымазақ

  • Балалар Аяз ата сендерге алыстан тек сыйлықтар ғана емес , сыйлықтармен бірге біраз жұмбақтар да алып келіпті. Ендеше жұмбақ шешуге дайынсыңдарма?

  • Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты.
    Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты.
    (аяз)

  • Қысы-жазы өзгермес,
    Көрсең де күні-түнімен.
    Қанша аяз болса да,
    Айрылмайды гүлінен.
    (Шырша)

  • Қолы жоқ, сурет салады,

  • Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

4

  • Қанаты жоқ, ұшады,
    Аяғы жоқ, жетеді.
    Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)

  • Қыста ғана болады,

  • Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

  • Кішкентай ғана бойы бар,

  • Айналдырып киген тоны бар. (Қой )

2 «Б» сыныбының өнерлері тамашаланады

  1. Хор 2 «Б» сынып оқушылары

  2. Би 2 «Б» сынып қыздары

2 «Г» сынып оқушыларының өнерлері тамашаланады.

  1. Хор 2 «Г» сынып ұлдары

  2. Би 2 «Г» сынып қыздары

Аяз ата: Балалар сендер мені бір марқайтып тастадыңдар. Енді менің сендерге алып келген азын аулақ сыйлықтарым бар еді , сол сыйлықтарды таратуыма руқсат етіңіздер.
Аяз ата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік, ақшақарым, Алда барар ауыл - аймақ көп. Мешін жылы сіздерді тек жақсы жаңалықтарымен қуантсын .
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар, Аязата ақшақар......
1 Сайқымазақ:

Балалар, міне, біз жаңа жылды күтіп алдық, ескі жылмен қош айтыстық, Аяз ата мен Ақшақарымыз да келып кетті. Енді ортамызда қалған Алладинді де шығыстың ертегісіне қайтарайық. Барлығымыз бірге құмырадан Алладиннің өзінің сүйікті мекеніне қайтаруын сұрайық. «құмыра , құмыра Алладинді өзінің мекеніне қайтара гөр» суф,суф, суф

Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.
2 Сайқымазақ:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын.


5





Жаңа жылдық сценарий қазақша 2014-2015(Қош келдің,жаңа жыл)

Жүргізуші: Уа, халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп шат болып,
Шалқып күліп, тараңдар.
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті деп.
Қыстың әнін шырқауға шақырамын.
(Шыршаны айнала Шырша әні орындалады. Ән орындалып біткеннен кейін ертегілер әлеміне бастайтын саз ойналады да күтпеген жерден қара шайтан жүгіріп шығады.)
Шайтан: Мен шайтанмын, шайтанмын,
Көрінбейтін сайтанмын.
Ұнап қалған жандарды,
өзіммен алып қайтармын.
Жүргізуші: - Ой мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ,
сәнімізді бұзба!
Шайтан: - Бұзбақ түгілі, бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды
алдап қамап қойдым.Қазір міне, сендердің де апайларыңды алып кетіп,
ешқандай мереке өткіздірмеймін.мереке болмайды, маған мереке
ұнамайды.
Жүргізуші: Тоқта, шайтан. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ
екен, сен сондай әдемісің! Сондай қап-қарасың. Мен әкетпей-ақ қойсаң
қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?
Шайтан: маған бір көңілді ән салып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.
Жүргізуші: - Қой, балалар, ондай болса шайтекеңнің көңілін табуға тырысып
көрелік. Бәріміз қосылып көңілді үйректер биін билейік.мен әнін айтып
тұрамын. Сендер менің артымнан қайталасаңдар болды.
(Жүргізушінің үлгісі бойынша балалар көңілді үйректер биін билейді)
Шайтан: билерің ұнады. Бірақ та бәрібір мерекелеріңді бұзғым келіп тұрғаны-ай.
өткіздірмеймін дедім, өткіздімеймін.
Жүргізуші: - тоқтай тұр шайтан, келісіп көрсек қайтеді. Біздің балалар саған біраз
жұмбақ жасырсын. Егер сен шешімін таппасаң бізге бөгет болмай өз
жолыңмен жүре бер. Ал мерекемізді жалғастыраыз.
Шайтан: мен шешпейтін жұмбақ жоқ. Айта беріңдер, жасыра беріңдер, бәрін шешіп
аламын.
(әр сыныптан екі баладан жұмбақ жасырады.)
Жүргізуші: - қане балалар, мені шайтан алып кетпесін десеңдер, қиын жұмбақтар
жасыруға тырысыңдар.
(жұмбақтар айтып болған соң шайтан аяқ астынан шыңғырып, «ойбай, анау келе жатқан Алдар ғой. Тыға көріңдер балалар, құтқара көріңдер мені», - деп балалардың артына тығылады.)
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын!
Балқанға да барғанмын,
Орхонға да барғанмын.
АҚШ қа да барғанмын,
Жапонға да барғанмын.
Шаршанқырап қалған соң,
Шайтанға мініп алғанмын.
- Ассалаумағалейкум, балалар! Менің шайтанымды көрмедіңдер ме? Бұхараның базарына кіріп шыққанымша қашып жөнелгенін айтсаңшы.
Балалар: Көрдік!
Алдар көсе: өй мынау менің шайтаным ғой жарықтық.
(балалардың артында жүгіріп қашып жүрген шайтанды басына шылбыр салып ұстап алады.)
Шайтан: мен талайдың басын шармап едім, талайдың асын ұрлап едім, Алдар, маған
жазаң ауыр болды. балалардың алдына ант етейін! Енді өйтпеймін,
босатшы мені, Алдар!босата көр, алдареке!
Алдар көсе: шайтанның сөзіне сенеміз бе, балалар?
Балалар: Жоқ, болмайды.
Шайтан: Сене көріңдер балалар, сене көріңдер.
Жүргізуші: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық балалар.
Шайтан екеш, шайтанда той қонағы саналар,
Көре жатармыз ар жағын, босатсақ болар Алдарым.
Алдар көсе: Өз күнәңді өтеу үшін мына жиылған балаларға бір қызықты ойын өткіз
немесе бір би биле. Егер баларға ұнаса мен сені босатамын.
Шайтан: Қане балалар бәріміз бірге бір би билейік.
Жүргізуші: Қуанбаған бұл күні, ойнамапты күлмепті,
Уа, халайық, той бүгін Бақыт, шаттық мол бүгін.
Таусылмайды бұл тойдың,
Дүбірімен дүрмегі.
Келе жатыр әнекей,
Бес түліктің пірлері.
Жүргізуші: Міне ендеше балалар, әр түліктің пірлері.
Тойдың жайын білгелі, өздеріңді көргелі,
Баталарын бергелі келіп түр.
5 пірдің сөздері:
Шопан ата: Шағаладай құрты бар,
Аппақ қардай сүті бар.
Ай мүйізі шақпақтай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық май басқан.
Малды берсең қойды бер,
Шопан ата баласы қойлар бассын жеріңді.
Қамбар ата: Мен бір тілек тілейін,
Шын бергенін білейін.
Өңкей ала шұбардан,
Жал-құйрығы шұбалған.
Құғындарға жеткізбей,
Қашқандарды қоймаған,
Қамбар ата баласы жылқы бассын жеріңді.
Зеңгі баба: дауысы бар азандай,
Желіні бар қазандай.
Мүйізі бар жылтылдақ,
Тұяғы бар сыртылдақ.
Зеңгі баба баласы сиыр бассын үйіңді.
Ойсыл қара: Қотанға сыймас түйе бер,
Түйе берсең үйе бер.
Көзі жарық жұлдыздай,
Мойны иір қобыздай.
Құйрығы ұзын қамшыдай,
Шудасы мөлдір тамшыдай.
Азу тісі қаладай,екі өркеші баладай,
Ойсыл қара баласы, түйе бассын үйіңді.
Сексек ата: Сойса бұлақтай,
Сауса сүті бұлақтай.
Қойды көсем бастайтын,
Өткелден қорқып саспайтын.
Қарағай мүйіз серкені,
Шүйде, жаны, желкені.
Ешкім дегендей осындай - Сексек ата баласы,
Ешкі бассын жеріңді.
Жүргізуші: баталарыңызға рахмет аталар. Біздің қатарымызға қосылып кешіміздің сыйлы қонағы болуларғыңызды сұраймыз.
Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Тондырады қасындағы тірі жанды.
Үсті-басы - ақ қырау, демі суық,
Жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды.
- Балалар, бұлкім туралы айтылған деп ойлайсыңдар. Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Шайтан: мен оларды тез барып босата қояйын.Кешіміз көңілді өтсін, иә балалар!
Жүргізуші: Ал біз балалар бәріміз бірігіп, Аяз атаны шақыруды жалғастырайық.Біздің даусымызды естімесе көрші мектепке кетіп қалып жүрер.
Аяз ата: ау, амансың ба ұлдарым,
Ау, амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
(Аяз ата мен Ақшақар балалармен амандасады.)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен
қуаныштымыз.
Аяз ата: Біз де сендерді көруге,
Халдеріңді білуге,
Асулардан асып,
Аппақ қарды басып жетіп қалдық.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,
Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!
Жүргізуші: Қане балалар, Аяз атаның құрметіне бір ән салайық!
«Аяз ата» әні орындалады.
Аяз ата: Қасымда бар ақшақар,
Ол да ренжіп қалмасын.
Балаларым тілерім,
Оған да бір ән сыйлаңдар.
(Жүргізуші балаларға Ақшақардың құрметіне «Шырша» әнін шырқауды ұсынады.)
Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіме ән шырқап жатқандарыңа. Өз
кезегімде мен де сендерге арнап әкелген көңілді сыйлығым бар.
(Ақшақар балалармен көңілді ойын өткізеді.)
Аяз ата: Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Бар сыйлығым жоралғым.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар.
Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған сый-сияпатын көрсетпекші.
(Әр сыныптың биге деген өнерлерін тамашалық ұлттық билер.)
Аяз ата: Шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер балалар.Мен сендерге Жаңа Жылды қарсы
алу рәсімі туралы біраз әңгімелеп берсем деп едім. Жаңа жылды қарсы алып
шыршаны безендіру рәсімі Ежелгі Англия мен Германияда басталған екен.
Әр ұлт Жаңа жылды әр түрлі мезгілде қарсы алады. Мұсылмандар жаңа
жылды қашан қарсы алды.(Балалардың жауабы) Наурызбенен қаңтар
қыстың қақаған күнінде де біз көңілді шыршаның қасында, Жаңа жылды
қарсы алуға ешқашан қарсы емеспіз.
Жүргізуші: Рахмет, ата! Сіздің әңгімеңіз балаларға қызықты болып ұнады деп
ойлаймын. Біздің балалар, Ақшақардың биін тамашалығымыз келіп тұр
дейді. Ақшақар біздің балалармен бірге би билеп берсеңдиміз.
Ақшақар: Билесем билеп берейін.
Жүргізуші: Рахмет саған, Ақшақар. Мен уақытқа қарасам Жаңа жылдың келетін
уақыты жақындап қалыпты.Қарсы алайық Жаңа Жылды.
Барыс жыл келеді қарсы алайық,
Көңілденіп күлейік шаршамайық.
Барыстың құрметін бөлісейік,
Барыстардың міндетін атқарайық.
Міне, Жаңа Жыл да келді.
Ал әжейлер, шашыңыздар шашуларыңызды.
Жаңа Жыл: Айтқаныңыз келсін апай,
Мен-дағы бір қонақпын.
Он екі айда оралар,
Үлкндерден ақ ниет,
Тілек айтсын балалар.
Уа құдайым оңдасын,
Қызыр бабам қолдасын.
Келіп жатқан сағынта,
Жаңа жыл бізді жарылқа!
Ойға болып санамыз, 5-тік болсын бағамыз,
Баласындай бір үйдің, татубосын арамыз.
Жамандыққа баспайық, қиындықтан қашпайық,
Еркеліктен аулақ боп, жаңа бір іс бастайық.
Күнделікке жолатпай екіліктен қашайық.
Мықты болып деніміз, сатылмасын жеріміз,
Жауқазындай жалынды, өркендесін тіліміз.
Күйге толып төріміз, ашық болсын көгіміз.
Келген Жаңа Жылымыз ақ тілекпен осындай.
Ар болып үйге кіріңіз! Әумин.
Жаңа жылдың құрметіне «Жаңа Жыл» әні орындалады.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі күні тілек айтпаған адам қалмасын түгелдей тілегімізді
айтайық.
Ар бол Жаңа Жыл, бар бол Жаңа Жыл!
Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл!
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа Жыл!
Құт береке жылы бол, Жаңа Жыл!
Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін!Мынау менің
ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол.
Жаңа Жыл: Айтқаныңызды орындаймын, атажан!
Аяз ата: Балала, мен біраз дем алдым. Арқа - басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады.
Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендерге көп рахмет. Алыс-
алыс ауылдар, өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Дорбамдағы
базарлықты сендерге таратып берсем балалар. Сендермен қоштасатын сәт
туды. Қош сау болыңыздар, балалар.
Жүргізуші: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,
Ол кеткен соң терең ойға батамыз.
Ақша қар болып қалықтаймыз аспанда,
Құс жолымен ән сап бара жатырмыз. Жаңа Жыл құтты,табысты, бақытты жыл болсын деп мерекемізді аяқтаймыз.



© 2010-2022