Тәрбие сағаты Ұлттық ойындардың пайдасы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындардың пайдасы

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ұлттық ойындар жайлы түсінік беру. Жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың атқаратын рөлін анықтау. Ұлттық ойындардың түрлері мен мазмұндарын ашу. Ойындарды орынды пайдалана білуге үйрету.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігінің дамуына, өздігінен жұмыс істеу арқылы өз білімін қалыптасты- руға дағдыландыру. Олардың ой-өрісін жан-жақты логикалық ойлану қабілеттерін дамыту.
Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды зеректілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тақия, арқан, асықтар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың тақырыбын хабарлау.
II. Негізгі бөлім

1.Жүргізушінің кіріспе сөзі:
-Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойындар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен. Ұлттық ойындар балаға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке баулуға бағытталған екен. Ұлт ойындары- ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеудің пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашады, оның шығармашылық қабілетін дамытады.
2. Слайд көрсету - «Ұлттық ойындардың түрлері»
1. «Аударыспақ» Мырзабек:

Тәрбие сағаты Ұлттық ойындардың пайдасы

Халық арасында кеңінен тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін Өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. «Аударыспақ» ол -қазақ халқының -бірі аттан аударып тастауға тырысады.

2. «Теңге алу» Серік: жүргізуші ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50-70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді.

Тәрбие сағаты Ұлттық ойындардың пайдасы
3.«Асық ойыны».Бұл ойынның шарты тегіс жерге төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең екіге бөледі. 1х1, 5м. Мөлшерде. Асық ататын орын белгілейді.
Ойыншы асықты дәл тигізіп сызықтан шығарса, оны алады да, сақа түскен жерден қайта атады. Егер оның сақасы асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады.

Асық түрлерінің аталуы мен оны иіру

1 Түйе асығы - бунасын
2 Жылқы асығы - қидасап
3 Сиыр асығы - топай
4 Қой-ешкінікі - кеней
5 Киік асығы - кигат
6 Арқардың асығы - қоңқар
7 Қасқыр асығы - бунақ

Оқушылардың атқаруында "Асық ойыны".

Тәрбие сағаты Ұлттық ойындардың пайдасы

4.<<Тоғызқұмалақ>>.

Тәрбие сағаты Ұлттық ойындардың пайдасы

1.Жұлдыз:

Қызықтырған есепшіні, ойлыны,
Бабалардың бұл - ежелгі ойыны.

Екі адамға тең бөлінген «мал- жайы»,
Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.

2.Арайлым:

Бар он сегіз ұясы оның-кіші отау,
Екі қазан үлкен - іші отау.

Бір жүз алпыс екі -барлық құмалақ,
Сексен бірден -екі ойыншы тұр қамап,

3.Мейрамбек:

Әрқайсысының сегіз ұя - «ойы» бар.
Әр ұяның дәл тоғыздан «қойы» бар.

Екі ойыншы -екі «қойшы» кезекпен,
Түсіреді ұяға «қой» есеппен.

4.Абылай:

Бір -бірінің ұясына айдайды,
« Қой -құмалақ» , санын жіті аңдайды

Ұяда қай жұп болса «қой» -құмалақ
Бәрі қарсы қазанға кеп құмалақ.

5.Айгерім:

Солай талай қой қазанға түседі,
Есепке оны екі қойшы тізеді.

Кімде- кімнің қазаны тез толады,-
Сол ойыншы ұтып шыққан болады.

Оқушылардың орындауында "Қара жорға" биі.

5."Тақия тастамақ".Жүргізіші:

Ойын бар бір ойын бастамақ,

Атын оның «Тақия тастамақ»

Шеңбер боп отыра қалыңдар,

Болмасын асығу, сасқалақ,

Тәрбие сағаты Ұлттық ойындардың пайдасы

Алтынай:

Ақырын аспаймын, саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Бірінің тұсына жеткенде

Сездірмей тақия тастаймын.

Қайтадан оралып келгенше

Түк сезбей отырсаң, омалып

Тақиямен төмпештеп қуамын.

Қаласың айыпты саналып.

Шығасың тақия тастауға,

Ойынды басынан бастауға.

6."Көкпар"ойыны.Азамат:

Тәрбие сағаты Ұлттық ойындардың пайдасы

Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар - аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде «марта тарту» деп те атайды.

7. "Ұшты-ұшты"ойыны."Ұшты-ұшты" - ұлттық ойын. Ойынды үй ішінде де, сыртта да ойнауға болады.

Ойынға қатынасушылар орталарынан ойынды басқарушы сайлап алады. Ойын бастаушы ойынға қатынасушыларды столды айналдыра отырғызады немесе шеңбер құрғызып дөңгелене тұрғызады да, ойнаушылардан оң жақ сұқ қолын столдың үстіне тигізе көтеріп, «ұшты-ұшты» деп отыруларын сұрайды, өзі де солай жасап көрсетеді.

Ұшты, ұшты, ұшты - тарғақ ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты - жарғақ ұшты! (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты - үкі ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты - түлкі ұшты! (үшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты - бүркіт ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты - іркіт ұшты! (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты - үйрек ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты - бүйрек ұшты! (үшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты - кекілік ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты - кекілің ұшты! (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты - қызғыш ұшты (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты - сызғыш ұшты! (ұшпайды)

8".Арқан тарту" ойыны. Оқушылардың атқаруында бұл ойын көрсетіледі.

Тәрбие сағаты Ұлттық ойындардың пайдасы

9."Тымпи" ойыны.

Аружан: Тымпи - ойынға қатысушылар шеңбер жасап, дөңгелене отырады. Біреуін ойынды жүргізүге белгілейді. Ол: «Ал, ойынды бастаймыз, бәрің түгел тым-тырыс тымпи!» -деп бұйырады. Бұдан кейін бірде-бір ойыншы дыбыс шығармауы, үн қатпауы керек. Алайда бастаушы ғана сөйлеуге ерікті. Ол адам күлерлік қимыл-қозғалыспен әзіл-қалжың сөздерді айтып, қалай да біреуді күлдірудің амалын іздейді. Қалжың жыр да айтады. Ешқайсы шамданбайды. Өйткені ойынға қатынасушылардың аты әлгідей қалжың өлеңге қосылмауы керек. Әзілі де, сықағы да өтпесе, бет-аузын тыржыңдатып, әр түрлі құбылтады. Қолапайсыз қимылдармен құбылыстар жасап қозғалады. Жаңылыстыру үшін неше алуан сұрақтар қойып, көздеріне төнеді. Біреу абайсыз жаңылып сөйлесе не күліп жіберсе, айып тартады. Өлең айтады, ән салады не би билейді. Сондықтан ойынды жүргізуші тілмәр, әзілкеш, күлдіргі болуы керек.

Тәрбие сағаты Ұлттық ойындардың пайдасы

9."Ақсерек-көксерек" ойыны.

Тәрбие сағаты Ұлттық ойындардың пайдасы

Жүргізуші:

Бөлінейік екіге,

Тұрайық жолдың шетіне.

Қол ұстасып алайық ,

Ажырамастай бекіне.

1-топ:

Ойынға бала көп керек,

Қалмасын ешкім өкпелеп.

Ақсерек-көксерек ,

Сіздерге бізден кім керек?

2-топ:

Мықты біздің шебіміз,

Бұздырмаймыз тегі біз.

Болса сынап көріңіз,

Күшіңіз бен ебіңіз.

Біздің берік араны,-

Екпінімен соғып қалады.

Бұзса олжа алады,

Бұзбаса тұтқын болады.

Шақырамыз сынаққа,

...................-деген баланы.

VI. Сабақты қорытындылау.

Жүргізуші:
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы
Құрметті оқушылар, қонақтар. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды Қадыр Мырзалиевтің "Қазақ осы" өлеңімен аяқтағымыз келеді.





© 2010-2022