Разработка открытого урока по предмету самопознание на тему Еңбек бәрін жеңбек

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Еңбек - бәрін жеңбек

Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру

- еңбек етуге, өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру;
- еңбексүйгіштікке, өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу;

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Шығармашылық жұмыстар, видеоролик тамашалау,сұрақ-жауап, түсіндіру, мақал-мәтел талдау,суретпен жұмыс, жүректен жүрекке,сахналау,әңгіме жазу, алтын және күміс медальдармен марапаттау.

Көрнекі құралдар:, фотосуреттері, сюжетті суреттер «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер, топтық жұмысқа арналған заттар.

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! - деп
Сәлемдесіп аламыз.

Сабаққа жақсы қатысып

Бестік болсын бағамыз

Мұғалім сөзі: Оқушылар 4 топқа бөлініп отырадыБалалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік.

1.Үй жұмысы

«Обал мен сауап» тақырыбына сурет салу

Сұрақ-жауап.

  • Обал деген не? (1 топ)

  • Қандай обал істерді жасауға болмайды? (2 топ)

  • Сауап деген не? (3 топ)

  • Қандай сауапты істерді білесің? (4 топ)

2.Видеоролик тамашалау (Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру)

«Сауап іс және қысқы еңбек» (2 «А» сыныбының қар күреп, ауланы қардан тазартуға көмектесіп жүрген кездері)

Сұрақтар:

Видеороликте қандай сауап іс көрдіңдер? (балалар қар күреп көмектесіп жүр)

Сауап істі не арқылы жасады? (Сауап істі еңбектену арқылы іске асыруда)

Адамға еңбек не үшін қажет?

3.Жаңа тақырып

Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз «Еңбек бәрін жеңбек»

Еңбек жайлы қандай мақал-мәтелдер, қанатты сөздер білесіңдер. (Топтар мақал айтып жарысады)

4.Оқулықпен жұмыс

Болайықшы осындай өлеңі мәнерлеп оқу, талдау

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

қиындықты жеңіп кіл,

құшағы гүлге толады.

қайырмасы:

Еңбекшіл осындай

, Болайықшы, досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

5. Суретпен жұмыс

(Тақтада берілген суреттерде еңбектің қандай түрлері берілген?)

Разработка открытого урока по предмету самопознание на тему Еңбек бәрін жеңбекРазработка открытого урока по предмету самопознание на тему Еңбек бәрін жеңбек

Разработка открытого урока по предмету самопознание на тему Еңбек бәрін жеңбекРазработка открытого урока по предмету самопознание на тему Еңбек бәрін жеңбек

Әр топ бір суретке әңгіме құрастырады

6.Мәтінмен жұмыс.

«Еңбексіз өмір сүреңсіз» мәтінін оқу, талдау, сұрақтарға жауап беру.

Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.

Бір күні қара пышақ ауыр еңбектен қүтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, - деді ол қуанып. - Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін! ...

Ай өтті, жыл өтті. қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Онын қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.

Бір күні:

- Әй туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлу ланып кетіпті.

- Төмен секір, - деді қара пышақ. - Бірге жатаиық. БІЗДІ ешкім білмейді.

- Ол жерде не бар?

- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!

- Ал жұмысты кім істейді?

- Жұмыс бізсіз де істеледі. .

- Рақмет! - деді Сары пышақ. - Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір - сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер.

Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.

Мәтін бойынша сұрақ-жауап:

  • Мәтіндегі қара пышақ қандай адамға ұқсайды, ал сары пышақ ше?

  • Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

  • Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасьщдар?

7. Сергіту сәті

8. Шығармашылық жұмыс

1-топ: Қысқы еңбек түрлерін жазу, сурет салу

2-топ: Көктемгі еңбек түрлерін жазу, сурет салу

3-топ: Жазғы еңбек түрлерін жазу, сурет салу

4-топ: Күз гі еңбек түрлерін жазу, сурет салу

9. Сахналау

Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.

үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ ) рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды.

Қайдан келдің, бауырсақ?

Ө. Тұрманжанов

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып, қарап тұрып көзін сап:

- қайдан келдің, бауырсақ?

Деп сұрады қуыршақ.

- Дүкеннен келдім Нан сатқан, -

Деді оған бауырсақ.

- Дүкенге келдің қай жақтан?

- Наубайдан келдім нан жапқан.

- Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан.

- Диірменге келдің қай жақтан?

- Даладан келдім кең жатқан.

Жер-анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Оқулықтагы суреттер бойынша (жаюлы дастарқан үстінде шашылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс даласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы «Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?,> - деген Сұрақ аясында шығып сөйлейді.

10. Үй жұмысы дәптермен жұмыс

М ұғалім оқушыларға дәптермен Жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

«Еңбек - бақыт бастауы» тақырыбыңда әңгіме жазыңдар.

Қорытындылау
Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кезде келді.

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір- біріне Жүрекжарды тілектерін айтады.

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты еңбек.

Кесте терсең зерлеп

Мұның аты еңбек

Домбыра мен биге,

Ән мен күйге

Жүрсең күнде қатысып

Мұның аты еңбек



«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ

Ашық сабақ жоспары

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Еңбек бәрін жеңбек»


Сыныбы: 2 «А»

Өткізген: Карсибаева А.Н.


2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022