Открытый урок по литературе Дақылдар әні (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тлеуова А.С. Мұғалімнің портфолиосы

3- деңгей

6 топ

Көкшетау қаласы.


Сабақ жоспары(Қысқа мерзім)



Апта:

Күні: 07.10.2014ж.

Сабақ: 2

Сабақтың тақырыбы:

Дақылдар әні. Ә.Табылды.

Жалпы мақсаты

Өлеңді түсініп оқу арқылы идеялық маңызын ашуға мүмкіндік беру.

Оқу нәтижесі:

1.Өлеңді талдайды;

2.Өз ойын еркін айта алады;

3. Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.

Сабақбойыншамұғалімніңжазбалары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг «Тілек білдіру».

Балалар шеңберге тұрады, жүрек суреті беріледі. Сол жүректі келесі оқушыға беру арқылы бүгінгі сабаққа тілек білдіреді. Мысалы: Алмаз мен саған бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін, Сабина бүгінгі сабақта шығармашыл бол, т.с.с. (3минут)

Үй тапсырмасын қорытындылау. Мәтінді рөлге бөліп оқытқызу (5минут)

Қызығушылықты ояту.«Миға шабуыл» әдісі:

Сабағыңды жөндеп,

Әзірленсең - еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек - дегендей біз қазір қандай бөлімді оқып жатырмыз ? Осы бөлімде қандай мәтін, өлеңдер, мысалдарды өттік ?(3 минут) (Маужырап барқыт қоңыр күз. Тақырыптар: Күз, Мұғалім, Алғыс, Күз келбеті)

Топқа бөлу. Партадағы жатқан жануарлар мен өсімдіктердің суреттерін алып, «Жануарлар» мен «Өсімдіктер» тобына бөлінеді.(1 минут)

Слайд. Топ басшысын таңдау,топ ережесін құру

1.Топтың тәртібін сақтау

2. Досыңның (өзгенің) пікірін тыңдау

3. Көмектесу

4. Уақытты үнемдеу

5.Өзін-өзі әділ бағалау. (3 минут)

І-топ: «Жануарлар»

ІІ-топ: «Өсімдіктер»

Сонымен бірге өсімдіктер неше түрге бөлінеді ?

Ағаш, бұта, өсімдік (шөп)

Сол өсімдікке дақылдар, жемістер, бақша өсімдіктері де жатады. (1 минут)

Мағынаны тану.

Слайд. Автор туралы мағлумат беру.

Ә. Табылды 1926 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Луговой ауданында туған. Бұл кісі 24 жылдай мұғалім болған. Ол қазіргі кезде сатиралық әңгімелері мен өлең-пьесаларының жинақтары жарық көрді. Оның «Бірінші май» (1941), «Көңілді балалар», «Күлкінің кесірі», «Күздің кереметі», «Жылдардың біл қасиетін», «Наурыз тойы» атты шығармалары мен өлеңдері бар.

АКТ арқылы ақпарат беру.

Слайд. Дақылдар қайда өсетінін таныстырып шығу.

Бидай - Оңтүстік Қазақстанда Алматы, Тараз қалаларында өседі.

Арпа - Қазақстанның Солтүстігінде және Шығысында өседі.

Тары - Батыс Қазақстанда Ақтөбе қаласында өседі.

Сұлы - Солтүстік Қазақстанда және Оңтүстік құрғақ климаты қажет етеді. Суы мол жақсы жерде өседі.

Күріш - Іле, Шу, Сырдария өзенінің бойында өседі.(2 минут)

Оқушыларға смайлик, постер таратылады.

Екі топтың басшылары мәнерлеп өлеңді оқиды. ( топпен талқылау). 1 топ бидай, арпа және тары дақылдардан жасалатын тағамдар жазады, 2 топ сұлы, күріш, бидай дақылдардан қандай тағамдар жасалатынын жазады. Топтан бір спикер ортаға шығып әңгімелейді. Ақпаратпен бөлісу және марапаттау (кім жақсы түсіндірді смайликпен марапаттау). (5 минут)

Оқулықпен жұмыс:

Мақсатты оқу әдісі:

  1. Ең қадірлі тағам түрі туралы қай шумақта айтылған ?

Бидай өлең жолын мәнерлеп оқыту.

  1. Елдің ырыс - құтын арттыратын өлең жолдары қай шумақта айтылған ?

Арпа туралы мәнерлеп оқыту.

  1. Қандай сұраққа жауап беретін түс туралы айтылған шумақты кім оқып береді ?

Тары өлең жолдарын мәнерлеп оқыту.

  1. Әсіресе жылқы малы жақсы көретін дақыл туралы қай шумақта айтылған?

Сұлы туралы өлеңді мәнерлеп оқыту.

5.Осы дақылдардың ішінде суды өте керек ететін дақыл туралы қай шумақта айтылған ?

Күріш туралы мәнерлеп оқыту.

Сергіту сәті. Қызыл өрік (видео). (2минут)

  1. Ой толғаныс.

«Ойыңды түй» әдісі:

І-топ: «Жануарлар» тобы:

Мақал - мәтелдерді жалғастыру: Байтал шауып .....(бәйге)алмас. Егінші жерге қарайды, Құс ......(көкке) қарайды. Шегірткеден қорыққан егін екпес, Бейнеттен ....(қорыққан) мал жимас. Түйе баласы.......(төре) баласы. Қойдың іші - береке, Жылқының іші -..........(мереке). Есектің еті арам, күші......... (адал).Түйе өлген жерде............(жүк) қалады.

ІІ-топ: «Өсімдіктер» тобы:

Табиғат өсімдіктердің бейнелету. (сурет салдыру)(8 минут)

Қорытынды.

«Венн диаграмма» құрастыру:

Өсімдіктер Жануарлар

Өседі, қоректенеді, тірі табиғат, көбейеді,

гүл береді, ауамен көбейеді, бір-бірімен ауамен демалады,

демалады, көбейеді, өмір сүре алады, көреді, естиді.(3 минут)

Кері байланыс.Сабақ туралы оқушылар алған әсерін және алдағы уақытта үйренгісі келетін ұсынысын жаза алады.(1минут)

Мұға Мұғалім немен айналасады немесе іс-әрекеті

Оқушылар немен айналасады немесе іс-әрекеті

Ұйымдастырады,

бағыт-бағдар береді,

жетекші сұрақ қояды,

бақылайды, бағалайды,

Оқиды, талдайды, жоба қорғайды, сұрақтарға жауап береді, жұппен, топпен жұмыс жасайды,бір-бірін бағалайды, қолдайды, ұсыныс білдіре алады.

Дереккөздер және жабдықтар:СТО, АКТ, оқулық, флипчарт, маркерлер, дақылдар суреті, болжау әдісі, мақал-мәтелдер, Венн диаграмма.

Үй тапсырма беру

Слайд. Өлеңді жаттау. (1 минут)

Сабақты бағалау

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Топпен жұмыс

Сұрақ-жауап

Венн диаграманы толтыру

Өзін бағалауы

Қорытынды баға


(5мин)














Алғыс


Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне:

  • Апа, дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге рақмет! - деді.

  • Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, жақсы қызанақ өсіргені үшін бақшаға айтыңдар!

Балалар бақшаға жүгіріп келді де, өсіп тұрған қызанақтарға бас иіп, алғыс жаудырды. Қызанақ жапырақтары былай деп сыбдырлады:

  • Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар, құнарлы қара топыраңқы Жерге айтыңдар!

Қасым мен Хасен Жерге еңкейіп, басын иіп түрып алғыс айтты:

Мейірімді Жер, дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп- көп рақмет!

Жер жұмсақ, майда қара топырағын бүлк еткізіп, былай деді:

  • Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді.

Қасым мен Хасен ауыл сыртындағы тауға келіп, таудың басына шықты да, Бұлт - жақындаған кезде:

  • Рақмет саған, жомарт Бұлт! Сенің мейіріңе сусындаған қызанақты жеп, бір рақаттандық! - деп айқайлайды.

Бұлт игі еңбекті бағалай білетін балаларға былай деді:

  • Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге тіршілік себетін кұдіретті Күнге айтыңдар!

Екі бала кара көзілдірік киіп, Күнге карады да, бар да- уыспен:

-Уа, әлемге тіршілік берген, мейірімді Күн! Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай тәтті еді! Сол үшін саған көп-көп рақмет! - десті.

-Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, - деді Күн күлімдеп тұрып. - Қызанақты дәмді еткен - адамның еңбегі! Қызанақты отырғызып, баптаған адамға алғыс айтыңдар!

Қасым мен Хасен бақшаны баптап жүрген шешесіне жүгіріп келді. Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты. Шешесі күлімдеп тұрып:

  • Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рақмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер. Ол өсіп, өнім береді. Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады, - деді.


© 2010-2022