Конспект урока по казахскому языку Етістіктің шақтары

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

Уақыты:22.02.16ж

Кабинет: 120

Мұғалімі: Төлесін Ш.Ө

Сабақтың атауы

Етістіктің шақтары

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі, ғаламтор

Сабақтың жабдығы

Білімділік мақсаты: Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерімен танысу, жаттығулар арқылы тақырыпты бекіту.

Дамытушылық мақсаты: Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: Смайликтер, топтық тапсырмалар жазылған А -3, семантикалық кесте.

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Сөз таптары арқылы топтарға бөледі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау.

«Біліміңді байқап көр»

1. Етістіктің дегеніміз не?

2. Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

3. Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?

4. Барды сөзін жікте.

5. Сызды сөзін жікте.

6. Санады сөзін жікте.

7. Оқыды сөзін жікте.

8.Көрді сөзін жікте.

Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту

Гүлдердің суреттері: өсіп келе жатқан, өсіп тұрған, қурап бара жатқан гүлдер. Етістіктер қимылды, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі. Іс -әрекеттің, қимылдың өту кезеңін білдіру-етістіктің шағы деп аталады. Үш түрі болады: Сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни, сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

«Кім жылдам?» Берілген етістіктерді жекеше, көпше жіктеу. Топқа бөлу. Алып келді, келе жатыр, оқытты, күледі, жылайды, тыңдайсың айтады, сөйледі.

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Семантикалық кесте. 27-жат

Етістіктер

осы шақ

өткен шақ

келер шақ

1

Ажар сабақ оқып отыр

+

2

Асхат малға жем беріп жүр

+

3

Балалар көлге барды

+

4

Олар коньки тепті

+

5

Ғани мектепке барады

+

6

Ол түстен кейін оқиды.

+

Үйге тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау 29-жаттығу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Конспект урока по казахскому языку Етістіктің шақтары

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022