Открытый урок на тему Еңбек бәрін жеңбек (2класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:Өзін-өзі тану

Сабақ тақырыбы: Еңбек бәрін жеңбек

Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ресурстар: флипчарт, фламастер, суреттер, оқулық, стикерлер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті

Сара Назарбаеваның өмірінен үзінді бейнерөлік көру

Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады, мұғаліммен бірге Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін айтады.

Болайықшы осындай

Жақсы бала еңбекшіл Таза бала мұнтаздай

Ер азамат болады Сүйсінеді қараған

Қиындықты жеңіп кіл Ұқыпты деп бұл қандай

Құшағы гүлге толады Жақсы көрер бар адам

Еңбекшіл осындай

Болайықшы досым-ай

Үй тапсырмасын тексеру

Обал мен сауап туралы жаттап келген мақалдарын айтады, салып келген суреттерін көрсетеді, бір -бірін бағалайды.

Сабақтың барысын талдау

Дәексөз

-Адам,ең бастысы,еңбектенуге,яғни адам бір іске күш-қуатын,ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек.Өйткені жалқаулық,еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады.Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа ,арманыңа жетесің. Арманың орындалса өзіңді бақытты санайсың.

1.Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

2.Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

3.Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?

Оқушылардың жауаптары

Әңгімелесу

«Еңбексіз Өмір сүреңсіз» әңгімесін оқу .

Қара пышақ дүкеннен шығып,ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «Шайқалып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын. Бір күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жыртығына қойды да кетті. «Болды- деді ол қуанып. - Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!»

Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ . оның қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.

Бір күні:

-Әй туысқан, -деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалып қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.

-Төмен секір -деді Қара пышақ,-бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.

-ол жерде не бар?

-Жатамыз, ұйықтаймыз ой қандай рақат!

-Ал жұмысты кім істейді?

-Жұмыс бізсізде істелінеді

-Рақмет!-деді Сары пышақ -Еңбектен қашқанша тер төгіп өлгенім артық.

Еңбексіз өмір сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер

Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

Шығармашылық және топтық іс-әрекет.

Сахналау

Үш оқушы (автор,қуыршақ,бауырсақ) рөлдерде «Қайдан келдің ,бауырсақ?» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Нан дартарқанға қандай еңбекпен келетінін постерге түсіреді

Жүректен жүрекке

Оқушылар сабақтан түйген ойларын өлең арқылы білдіреді.Өлеңді оқушылар мұғаліммен бірге айтады.

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты еңбек

Кесте тіксең зерлеп

Мұның аты еңбек

Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық баяу музыка қойылады.

Еңбек қуаныш, еңбек бақыт

Өміріңіз бақытқа, қуанышқа толы болсын

Үйге тапсырма

«Еңбек-бақыт бастауы» тақырыбында әңгіме жазу



© 2010-2022