Геометриялық фигуралардың қасиеті

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Математика. 4-сынып. Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың геометриялық фигуралар туралы айқын түсініктерін және алғашқы ұғымдарын қалыптастырып, фигураларды бір-бірлеріне ажырата білуте үйрету.

Дамытушылығы: Ақыл-ойын, логикасын дамыту, есеп шығару құштарлығын арттыру, психикалық яғни зейін, ес, қабылдау, ой қияли қасиеттерін жетілдіру. Тәрбиелігі: Ұлттық сана-сезімді қалыптастырады, адамгершілік асыл-қасиеттерді бойға сіңіріп, кәсіби білімділікке, халықтық дәстүрге тәрбиелеу. Танымдылығы: Халықтың тұрмыс-тіршілігімен, өмір тәжірибесімен, кәсіби еңбегімен танысу, дүниетанымын байыту, оқудың өмірмен практикамен байланысын көрсету. Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. 2.Өткен сабақты еске түсіру.« Теңдеулер және оларды шешу тәсілдері»

Теңдеу дегеніміз не? Теңдеу түбірі дегеніміз не? Теңдеуді шешу дегеніміз не? Теңдеу құрастыру (сурет)

Геометриялық фигуралардың қасиеті

І-кезең, « Кім жүйрік?»

Математикалық диктант. 1) Барлық фигуралар.... құралады. 2) Екі нүктемен тұйықталған түзу сызық- ....деп аталады.

  1. Ұшы жоқ шексіз сызық,... деп аталады.
  2. Басы бар да, ұшы жоқ шексіз түзу...,деп аталады.
  3. Шашыраңқы орналасқан нүктелерді сызықтармен қоссак,...сызық пайда болады.

ІІ -кезең. «Есебін тапқан екі асар» №1 есеп. Суреттен:

  1. Нүктелерді ата
  2. Кесінділерді ата
  3. Бұрыштарды ата
  4. Тік бұрыштарды ата
  5. Шаршыларды ата
Күннің жады. Тақырып: Көркем жазу.

ІІІ-кезең. Саны бардың мәні бар. №2есеп. Не жасаймыз? С нүктесі арқылы нешеге бөлінеді. Д нүктесі арқылы нешеге бөлінеді? №3 есеп.(тақтаға) ЕК кесіндісін сыз

  1. Сызғыштың көмегімен оны екіге бөл,
  2. Циркульдың көмегімен қақ бөл.
№4 есеп. Тіке жауап. Неше шаршы бар? №5есеп( кітаппен жұмыс) Қандай нүктелер бар? Қайсысы АВ кесіндісіне тиісті?

Қайсысы АВ кесіңдісіне тиісті емес?

Сол нүктелерді белгіленуі бойынша оқы. №6есеп Қаңдай фигура? Тұйықталған ба, тұйықталмаған ба? Неше кесіңді бар? Осы кесінділерді салыстыр. Не байқадың? Қорытынды жаса. Екі буынның бір ғана нүктесі болады. Барлық буындар қосындысы АВСДЕ сызығының ұзындығы болады.

IV-кезең. « Мен саған, сен маған » №7есеп. Тік төртбұрыш- Үшбұрыш- Шаршы- Түзу- Сәуле- Аралас сауалнама.Топтық тесті. V -кезең (Киіз үй) Қорытындыла: Қандай фигураларды білеміз? Үйге тапсырма: №11-есеп Бір жолға сәуле, екінші жолға кесінді, үшінші жолға түзулерді теріп жазу. Бағалау.



© 2010-2022