Тәрбие сағаты Наурыз келді

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Наурыз мейрамы

Сабақтың мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз туралы түсінік беру.

Наурыз- халыққа молшылық, тоқшылық тілейтінін, наурыз көженің құрамы туралы түсінік беру.Оқушыларды адалдыққа , әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, әртүрлі суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

Наурыздағы тілек

Ала биең құлындап

Алатауға сыймасын!

Қара биең құлындап,

Қаратауға сыймасын!

Үйіңнің алды той болсын,

Қораң толы қой болсын.

Қазаныңда қайнаған,

Кілкілдеген май болсын.

Айың тусын оңыңнан

Күнің тусын солыңнан

Мал менен басың тең өсіп,

Кетпесін дәулет қасыңнан.

ІІ Негізгі бөлім:

Наурыз мерекесі туралы түсінік беру

Мұғалімнің сөзі:

Наурыз- жаңа күн, жыл басы, жаңа жылдың бірінші күні.

Қазақ халқы наурыз күнін « Ұлыстың ұлы күні» деп, жақсылық тілейді. Ескі жылдағы өкпе-араздықты ұмытып, « Ұлыс оң болсын, бәле- жала жерге енсін, ақ мол болсын, ел тоқ болсын!» деседі. Жас-кәрісі бірін-бірі құттықтап, құшақтасып көріседі.

Наурыз тойының мақсаты- халыққа молшылық, тоқшылық тілеу. Сол үшін қазан-қазан наурыз көже жасайды. Наурыз көженің құрамы әр түрлі дәннен, әр түрлі дәмнен құралады. Бидай, тары, қамыр,бұршақ,ет, тұз,сүт сияқты жеті дәмнен құралуы керек. Сол үшін де наурыз көженің қамы ерте жасалады. Наурыз көжеге арнап соғымның жамбасы, жая, қазы-қарта сақталады.

Көжеге құрт езіп, уыз да қосады.

Әлгі аталған жеті дәмнің ішіндегі бидайдың орны бөлек. Бидайды келіге түйіп, түктейді. Сонда көжеге дәмі шығады. Кейде бидай орнына күріш, арпа қолданылады.


  • Сөзжұмбақ шешу

н


а

у

р

ы

з


  1. Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай.

  2. Наурыз көжеге қосылатын дән.

  3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам.

  4. Қатықтан жасалатын тағам.

  5. Наурыз көжеге қосылатын дән.

  6. Қасиетті дәм.

Сұрақтар:

  • Наурыз қандай мейрам?

  • Наурыз көжеге неше түрлі зат қосылады.

  • Наурыз мейрамы қандай түрде өткізіледі.

Наурыз мерекесіне арналған оқушылар дайындап келген баталарын айтады.

Бата

Уа, құдайым, оңдасын,

Жаманшылық болмасын.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қыдыр баба қолдасын,

Аман сақтап мал басын,

Еккен егін солмасын.

ІІІ.Бөлім. Мақал- мәтел, жұмбақтар жарысы.

Оқушылар бірнеше топқа бөлініп жарысады.

ІV. Бөлім. Ұлттық тағамдардан жарыс.

Сабағымыз аяқталды. Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Ақ мол болсын,Ұлыс оң болсын!


© 2010-2022