Бастауыш сыныптар үшін Диктанттар жинағы (қазақ тілі 1-4 сыныптар)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сыныптар үшін Диктанттар жинағы (қазақ тілі 1-4 сыныптар )

Гребенщик орта мектебі


















Жинақтаған: Орахова Назерке Акановна














Кіріспе

Қазақ тілі пәнінен білім, білік, дағдыны үнемі есепке алып отыру- бастауыш мектептегі оқу процесінің ең қажетті бөлігі. Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай келетін сөйлемдер айтылып, оқушыларға жаздыру керек. Бұл түсіндірме бойынша диктантты есту арқылы және көру арқылы жазатын, теріп жазатын, шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын т.б. түрлері бар.

ДИКТАНТ - латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Осы жұмысты ала отырып, емлелік, пунктуациялық қателермен жұмыс жасап, оқушының білімін толықтырып отыру қажет.

Ұсынылып отырған жинақта диктанттың бірнеше түрлері беріліп отыр:

Терме диктанты - мәтін ішінен өтілген ережеге сай сөздер мен сөз тізбектерін немесе жеке сөйлемдерді теріп жазады. Терме диктант фонетика, грамматиканы пысықтау үшін өте қажет. Оқушының ақыл- ойын дамытуға көмектеседі.

Өзіндік диктант-бұрыннан белгілі бір мәтінді жазу үшін қолданылады. Бұл сын жұмысты жазу оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.

Бақылау диктант- үлкен тақырыптарды өткен соң жазылады. Бұл диктант түрі оқу материалын қаншалықты игергендігін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін болғандықтан тоқсан аяғында алынады.

Бақылау диктантының сөз саны стандартқа сай мына кесте бойынша беріледі






Диктанттар жинағы.
1-4 сынып

1 сынып.
Әліппе кезеңі.

Көру диктанты.
т, А, Т, а, п.
Дыбыстық диктант.
ғ, н, л, р.
Буындық диктант.
қа, нақ, рух, ға.
Сөздік диктант.
нан, сана, алаша.
Терме дикатнт.
Әсем бөлмеде жалғыз отыр. Ол әндетіп билеп жүр.
Осы сөйлемдердегі "Ә" дыбысы кездескен сөздерді теріп жазу.

Бақылау диктанты.
Аа, Ее, Ққ, Іі, Рр, Ңң, Шш, Тт.
Құрамында "а" және "р" әріптері бар төрт сөз ойлап жаз.

Сөздік диктант.
а) Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Ағаш, сабақ, есік, төбе.
ә) Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Өсімдік, парта, қалам, кітап.
б) Мына сөздерді буынға бөл.
Айран, шелек, еден, дүкен.

Бақылау диктанты.
Жанарда қалам бар. (3 сөз)

Бөлмеде гүл өсіп тұр. (4 сөз)

Қыс мезгілі. Балалар аққала жасады. (5 сөз)

Алтыбақан құрылды. Ән салынып би биленді. (6 сөз)

Қыр асында сайда
Жатыр үлкен айна. (көл) (7 сөз)

Жыл құстары ұшып келді. Оқушылар оларға ұя жасады. (8 сөз)

Көшіру диктанты.
Төлдер.

Көктем шығып қой қоздап,
Қозыларын емізді.
Сиырымыз бұзаулап,
Бізге уыз жегізді.
"Төлдер" сөзін буынға бөл.

Сөздік диктант.

а) циркуль, цирк, цемент, айтыс, сынып, сағат.
"Ц" дыбысы бар сөздердің астын сыз.
ә) ірімшік, ыдыс, ілгек, ырыс, есік, жұмыс.
б) ұршық, үркек, ұн, үн, ұнтақ, үскір.
Жуан дауыстыларды тап.

Бақылау диктанты.
Жаза.

Ерболат ұрыншақ бала. Түскі тамақ алдында тентектік жасады. Анасы оны бұрышқа тұрғызды.
(12 сөз)
Грамматикалық тапсырма.
"Тамақ" сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Сөздік диктант.

1. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап: ине, жіп, кілт, терезе, емен.
2. Сөздерді буынға бөл: Әйнек, парта, гүлдер, суретші, сүлгі, қайың, таңертең, ауа, қайшы, қоңырау.

Ана тілі кезеңі.
Өздік диктант.

Қала аттарын алфавит бойынша көшіріп жаз.
а) Қостанай, Рудный, Жетіқара, Арқалық, Лисаковск, Жамбыл, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Теміртау, Орал.
ә) Мына сөйлемді дұрыс құрастыр:
Еріді қар. Болат кесті ағашты. Ойнады Әсет доп.
б) Мәтінде неше сөз бар.
Құмырсқалар кішкентай болғанына қарамастан ұйымшыл келеді.
в) "Мектеп" тақырыбына байланысты мәтін құрастыр. (2-3 сөйлем)
г) Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жаз:

Қасқыр.
Малдың жауы қасқырды,
Шопан ділдеп басқа ұрды.
Сыпырып ап терісін,
Көршісіне тапсырды.
д) Кім? Кімдер сұрағына жауап беретін сөздерді жазу.
Үлгі: оқушылар - оқушы.

Диктант.
Қоңыр үйрек.

Жаз. Күн ыстық. Әкем екеуміз шөп шабуға бардық. Шабындықтың шөбі қалың екен. Ойламаған жерден үйрек ұша жөнелді. Мен шошып кеттім.
(20 сөз)

Көмекші.

Күн жексенбі болатын. Жерде жылтылдаған қырбық қар бар. Есет қалың киініп далаға шықты. Ол қар күреп жатқан атасына көмектесті. (20 сөз)

Нөсер.

Кенет нөсер құйып кетті. Арасында - бармақтай бұршақ. Аспаннан сатырлап жерге түседі. Бір кезде нөсер басылды. (15 сөз)

Бақылау диктанты.
Гүлдер.

Жайлауға келіп рақаттандық. Маусымның гүл жарған сарғыш, ақшыл көк шөптері самал желмен тербеледі. Біз гүл тердік. (16 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, астын сыз.

Мереке.

Біздің Еркін биыл тұңғыш рет мектептегі жаңа жыл мерекесіне барды. Жасыл шыршаны айнала қоршаған өз достарымен бірге ән салып би биледі.
(20 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
"Мерекесіне" сөзін тасымалда.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап:
Ағай сыныпқа көңілді кірді. Қарлығаш ұясына қонды.

Сандарды сөзбен жаз:
8,9,50,40,7

Диктант.
Екі дос.

Үзіліс кезінде балалар Мұратты ортаға алып шашылған мақта жайында сұрады. Елеусіз қалып қоған Асқардың көзіне жас келді. Өзінің қорқақ, өтірікші атанғанына ұялып жылап жіберді. (24 сөз)

Терме диктант.

Жұматай сол жылы бірінші сыныптан бастап жақсы оқыды. Атасының ақыл айтқанына төрт жыл болды. Жандос бүгін бес алды.
Аталған сөйлемдерден сан есімді тауып астын сыз.
Тыныс белгілерін қой.
Темір үндемеді ағаштың бұтағын кім сындырды қош бол алтын ұям
Диктант.
Қарлығаш.

Арада екі күн өткен соң қарлығаш оралып қораға ұя салды. Өзіне серік тауып жаздай мекендеп жүрді. Асан ылғи бақылап отырды. Күз келіп құстар қайта бастағанда бұл қарлығаш та көрінбей кетті. (28 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Асан ылғи бақылап отырады сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.

Бақылау диктанты.
Қуаныш.

Талғат бірінші сыныпты үздік бағамен бітірді. Соңғы қоңырауда оған мақтау қағазын тапсырды. Талғаттың қуанышында шек жоқ. Ол қағазын ең алдымен анасына көрсетті. Талғатқа анасы қуанып батасын берді. (27 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Өздік диктант.

I. Жоғалған әріпті қойып, көшіріп жаз.
Сер… ен, қара… ым, жа..а, саб…н, ..йрек, жа…лау, сылдырма… .
II. Заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жаз.
… гүл, ….. адам, … оқушы, ….. дәптер, ….. жол, …… қыс.
III Сұраулы сөйлемге айналдыр.
Атам қалаға келді. Бүгін төрт сабақ болады. Бүгін күн жылы.

Көшіру диктанты.
Мақалдар.

I. Өнер көңілдің - анасы,
Ақылдың баласы.

II. Досың саған қараса,
Қасың жерге қарайды.

III. Білім арзан, білу қымбат.

2 сынып.
1 - сыныпта өткенді қайталау.
Түрлі диктанттармен басқа да жазу жұмыстарын жүргізуге арналған үлгілік мәтіндер.
У әрпінің емлесі. Сөдік диктант.
Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы.
Тапсырмалар:
1) Сөздерді буынға бөліп жаз.
2) Дауысты дыбыстың астын бір сызықпен, дауыссыз дыбыстың астын екі сызықпен сыз.
3) Осы сөздерді қолданып, екі сөйлем құрап жаз.

Көшіру диктанты.
Көктем.
Қары еріп даланың,
Арықтардан су ақты.
Ақ жүзіндей ананың,
Күндер келді шуақты.
(Ш.Әлдібеков)
Тапсырма.
У әрпі бар сөздерді тап.

Бақылау диктанты.
Жайлауда.
Әкем екеуміз жайлауға бардық. Онда мен гүл тердім. Жайлаудың ауасы өте таза. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Біз атқа мініп қой бақтық. (21 сөз)
Диктант.
Күз болды.
Күз болды. Жапырақтар қурай бастады. Жұрт саудырап кепкен пішендерін қораларына тасып жатыр. Қырман дәнге толды. (15 сөз)
Тапсырма.
Қурай сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Ы, І әріптерінің емлесі.
Сөздік диктант.
Жазушы, толқын, қызық, халық, берекелі, бейбітшілік, әңгіме, тәрбиеші, әнші. (9 сөз)

Буындық диктант.
Іс, іс-кер, іш, іш-ті, ки-ді, ы-дыс, Ы-рыс-ты.
Аш-ты, ме-йір-ім-ді, піс-ті, мұ-ға-лім, шаң-ғы, іл-ді.

Көшіру диктанты.
Оқушы боламын.
Мен оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
(Б.Сарыбасова.)
Тапсырмалары.
1) Ы-әріптерінің астын сыз.
2) Ы-дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаз.

Диктант.
Аңшылық.
Қазақ даласында аңшылықтың кең тараған түрі - аңды бүркітпен аулау. Бүркіт ұстаған адамды саятшы дейді. Бүркітті аңшылар тез қолға үйренгіш деп есептейді. (21 сөз)
Тапсырма.
1) Бүркіт сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2) Соңғы сөйлемдегі жіңішке дауысты дыбыстарды тауып, бір сызықпен сыз
И әрпінің емлесі.
Сөздік диктант.
Инабатты, иек, инелік, иманды, киік, қасиет, мәдениет, Нәзима, Қалима, сыйлық, тыйым, сыйласу. (12 сөз)

Көру диктанты.
Әрқашанда таң атпай,
Оятады сағаттай.
(әтеш).
Тауық, үйрек - үй құстары. Торғай - кішкентай құс.
Тапсырма.
Дауыссыз й - дыбысының астын сыз.
Көру диктанты.
Иіс.
Жайнатқан кең аймағын,
Атам бағбан айтулы.
Киімінен әрдайым,
Көк иісі аңқиды.
Дастарханы толы дәм,
Айнадай бар ыдысы.
Апамның ақ қолынан,
Шығады нан иісі.
(Қастек Баянбай)

Тапсырма.
И - әрпі бар сөздердің астын бір сызықпен сыз.
И - әрпі бар сөздерді буынға бөл.
Сөздік диктант.
Кітап, қалам, тиін, сыйлық, мүйіз, жиырма, кітапхана, лайық, рұқсат, оймақ. (10 сөз)

Ю, Я әріптерінің емлесі .
Терме диктант

1 )Әміре Қашаубаев - қазақтың атақты әншісі.Әміре Қашаубаев кедей шаруа жанұясында туып өскен.Әміре ауылдық Жаяу Мұса,Майра Уәлиқызы сияқты әншілермен танысып,өнерін одан әрі шыңдай түседі.
2) Ақбілек қиюын қиыстырып,бар өнерін салып,текемет басты(Ж.Аймауытов).Көз алғысыз әдемі оюлардың өңі кетіп қурай бастаған(Ғ.Мұстафин) Қыр мұрынды ,қою қара қасты ,қара торы жігіт кіріп келді.(Ғ.Мүсірепов)

Ү,Ұ әріптерінің емлесі
Сөздік диктант

Үлкен,сүлгі,бұрыш, бүгін,ұқыпты,түн,бұлбұл, үрей, үкі, ұйықтады. (10 сөз)

Диктант
Немере

Әжейдің немере қызы бар еді. Бұрын немере қызы кішкентай болатын.Ол ылғи ұйықтап жататын. Ал әжей өзі нан пісіріп, үй сыпыратын. Кейін әжей қартайды.Ал немересі әжесі үшін нан пісіретін болды. (Л.Толстой)

Тапсырма
1)Соңғы сөйлемдердегі сөздердің байланысын тап және сыз
2)Немересі сөзін тасымалда.

О,Ө әріптерінің емлесі
Сөздік диктанг

Шөбере, Ботагөз, төлдер,көзілдірік, Қостанай,ой, ойыншық, отыру,осы, сол, Орынтай ,орындық, отау, отын, Отан,оқ, өрік,дөңгелек,өшіргіш,өтірік.

Көшіру диктанты.

Тойдың сәні-ән-жыр, ойын-сауық. Асаба тойды өзі бастап, қыздырып әкетеді. Қонақтарға сөз берудің өзіндік реті болады. Әнші көпшілік алдында өнерлерін көрсетеді. (23 сөз) (Сен білесің бе?)
Тапсырма
О,Ө әріптері бар сөздерді тап, буынға бөл.

Өздік жұмыс

Дәр…гер, с..з, …сірді, ..ң, к…л,
Осы сөздерге сөйлем құр.
Жіңішке дауысты дыбыстардың астын бір сызықпен сыз.

Дауыссыз дыбыстардың емлесі.
Қ,Ғ әріптерінің емлесі
Сөздік диктант

Қайық,қиын,қозы,шаңғы,шағала,ғасыр,ғалым,сағыныш,сұңқар,қозғалыс, қараңғы,қарындаш.

Шығармашылық диктант

Сурет бойынша Қыс мезгілі.
Қыс …. . Қыс айлары: …., ….., …… . Қыста …… демалыс болады. Біз демаламыз, …… . Балалар ….. жақсы көреді.
Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаз.

Өздік диктант
Тоқтар Әубәкіров -ғарыш әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері.Тоқтар ата-анасынан жастай жетім қалып,апасының тәрбиесінде болған. Ол ұшқыш болуды армандаған.
Тапсырма
Сөйлемдерді көшіріп жазып,дауыссыз дыбыстардың астын екі рет сыз.
Қатаң дауыссыз дыбыстарды теріп жаз.

Б,п әріптерінің емлесі
Сөздік диктант

Клуб,штаб,қап,сап,кітап,мектеп,шөп.
Тапсырма
Ы,і әріптерінің тиістісін қосып жаз. Үш сөйлем құр.

Н,ң әріптерінің емлесі
Көшіру диктанты
Мақалдар

1.Еріншектің ертеңі бітпес.
2.Күшіңе сенбе ,біліміңе сен.
3Досыңа ат берсең,
Ақырын жүр деме.
Тапсырма
Н,ң әріптерінің астын сыз.
Н,ң әріптері бар сөздерді буынға бөл.

Сөздік диктант

Шаңғы, аңшы,теңіз,нанбайды,қоңырау,көгершін,қоян. (7 сөз)

Диктант
Пайдалы кеңес.
Кітап-сенің досың. Кітапты күтіп ұста.Бетін бүктеме.Кітап-білім бұлағы. Кітапты көп оқу керек. Көп оқыған көп біледі.(19 сөз.)
Тапсырма
Үш буынды сөздерді буынға бөліп жаз.
Кітап -сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Көшіру диктанты.
Аққала.

Жиналдық та көп бала,
Соқтық әне, аққала.
Аққаламыз әдемі,
Қарай қалдық шаттана.
"Бала" сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Көшіру диктанты.
Қыс.

Ақ қар басқан дала әлі,
Жазылмаған парақтай.
Қоян қорқып қарады,
Жан - жағына алақтай.
"Қыс" туралы шағын әңгіме құрастыр.

Сөз және оның құрамы
Бақылау диктанты.
Әжесінің баласы.

Есін білетін күннен Алмас әжесіне үйір болды. Жанынан бір елі аттап шықпайды. Дүкенге де бірге барады. Сірә, әжесіндей ертегіні көп білетін адам жоқ шығар жер бетінде. Алмас әжесінің осыншалықты ертегілерді қайдан білетініне таң қалды. Қалай ұмытпайтынына қызығады. (36 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
"Ертегілерді" сөзін тасымалда.

Бақылау диктанты.
Желге мінген желөкпе.

Мұрат таудан төмен қарай шаңғы теуіп келе жатқан. Шаңғының тура жолында өздері соққан аққала тұрған болатын. Мұрат оны қағып өте шықты. Аққаланың басындағы шелек Мұраттың басына киіліп қалды. Сыпырғыш та желөкпе баланың қолында кетті. Аққала қатты ренжіді. (36 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
"Таудан" сөзінің түбірі мен қосымшасын ажырат.

Сөйлем және оның түрлері
Гүлді баптау.

Жандостың апасы сары құмыраға әдемі қызыл гүл өсірді. Оған өзі су құйып, баптап күтуші еді. Осыны үнемі көріп жүрген кішкентай Жандос та гүлдерді баптағысы келіп кетті. Анасы жұмысқа кеткенде дастархандағы гүлдің суретіне су құйды. Су еденге төгілді. Жандос суретке су құюға болмайтынын енді түсінді. (41 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1) 1-ші сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.

Диктант.
Орман тамашасы.

Біз орманға бардық. Бір теректің айналысы қарақатқа тұнып тұр екен. Себетімізді толтырып ауылға қайттық. Құдайберген алдымыздан жүгіріп шықты. Бір себет қарақатты бере қойдым. Киіз үйге келіп шай іштік. Апам қаймақ пен бауырсаққа тойғызды. Сыртқа шықтық. Күн күлімдеп тұр.
(37 сөз)

Бақылау диктанты.
Доп.

Сұлтан үйде кітап оқып отыр еді. Мұншама қызық болар ма! Ол өзін - өзі ұмытып, қым-қиғаш оқиғаның ішіне еніп кеткендей. Кенет қатты тарс-тұрс, шатыр-шұтыр дыбыс шықты. Басын көтерем дегенше доп кеудесіне топ ете түсті. Сұлтан есін жиды. (38 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Сұлтан есін жиды. Сөйлемдегі етістікті тап.

Диктант.
Қаракөк қозы.

Қозы тез өсті. Ең алдымен екі айыр мүйізі жылдам өсіп жетілді. Өзімен бірге туған төлдердің төбесінен қарайды және ерке. Мектептен келген Дәмірдің соңынан еріп жүргені, ойнақтап, секіреді. Құйрығының ұшы аппақ. Бұл да оның ерекшілігі еді. (35 сөз)

Бақылау диктанты.
Ағаттық.

Бейбіт мектепке келгенде балалар тыста ойнап жатқан. Сөмкесін қойғалы сыныпқа кірді. Өз партасына жақындағанда қызылды - жасылды бір затқа көзі түсті. Анықтап қараса, шоколад екен. Шоколадты қолына алды. Бірақ жеуге дәті бармады. Шоколадты орнына қойды. Далаға шықты. Үрейден құтылып, қуанып кетті. (40 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1-ші сөйлемдегі дауыссыз үнді дыбыстардың астын сыз.

Көшіру диктанты
Кім жомарт?Не жомарт?
-Кім жомарт?
-Батыр жомарт
Халық үшін жанын берген!
-Кім жомарт?
-Ұстаз жомарт -
Бар балаға тәлім берген!
-Не жомарт?
-Жер жомарт -
Адамзатты асыраған!
-Не жомарт?
-Күн жомарт -
Жерге нұры шашыраған!
(М.Әлімбаев)

Зат есім
Көшіру диктанты.
I.Көбелек.
Ақ көбелек, көбелек,
Айтқаныма көне кет.
Жаңбыр жауып келеді,
Жаңа - жаңа себелеп.

II. Алатау.
Қошқар мүйіз киелі,
Қарала тақия киеді.
Абыз ата Алатау,
Құздарды жапқан кілемі.

Диктант.
Қызғалдақ пен Қарасора.

Қызғалдақты бір бала үзіп алды да алақанымен сипап құшырлана иіскеді. Қызғалдақпен бала жүзі төңіректі нұрландырып жіберген. Бала Қарасораға қарамады. Жапыра басып жүгіре жөнелді. Қарасора өскен жерді диқандар жыртып тастады. (28 сөз)

Бақылау диктанты.
Қарамұрын.

Қарамұрын есейді. Адам иісін аңдар мен құстардың иісінен жаңылмай ажырататын болды. Орманда жеміс - жидек көп. Қарамұрын солармен қоректенетін болды. Сондықтан жылқымен сиырға тиіспейді. Адамға тіпті жуымайды. (25 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
2-ші сөйлемдегі жуан дауысты дыбыстардың астын сыз.

Көшіру диктанты.
Алғыр тазы.

Иттің бір тұқымы - тазы. Тазы итпен бабаларымыз аң аулаған. Тазы - артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ, мысықтан гөрі итті жақсы көрген.
Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен. Ақын, сазгер Ақан серінің де жүйрік тазысы болған. (37сөз)

Диктант.
Аэропорт.

Кішкентай Айгүл демалысқа шыққан әке-шешесімен бірге Алматыға ұшатын болды. Қуанышында шек жоқ. Апасы жол жабдығын әзірлегенше, әкесі екеуі ұшаққа билет алуға кетті. Аэрофлот кассасының алды ығы - жығы кісі. Бірақ кезек тез жылжыды. Кассаға барып билет сатып алды. (38 сөз)

Көшіру диктанты.

Қаздар аспанда тізіліп ұшып барады. Сапар қаздардың ұшқанын қызықтап, қарап тұр. Ол қол бұлғап құстарды шығарып салды.
(17 сөз)
Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Етістік.

Бақылау диктанты.
Көктем.

Көктем шықты. Дала қырмызы жасыл кілем жамылды. Арық бойларын мөлдір су қуалап, күн көзімен жалтылдап ойнай бастады. Жас шыбықтар бүршік жарып, жапырақ жайды. Жер гүлденіп, дала түрленді. (27 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Не істейді? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөзді тап. Астын сыз.

Диктант.
Хрусталь.

Әсем бөлмеде жалғыз болғанымен көңілді еді. Өзімен - өзі болып, әндетіп билеп жүрді. Сонан соң, диванға барып отырды. Анасына көмектескісі келіп кетті. Қолына шүберек алып, серванттың қасына барды. Хрусталь вазаны алып, сүрте бергенде, қолынан түсіп кетіп, сындырып алды.
(37 сөз)

Көшіру диктанты.
Мысықтың айласы.
I. Сайынның тағы да,
Іші қатты пысыпты.
Жатып алып жанына,
Умаждады мысықты.

II. Жұлқылауын қойды да,
Суға сала бастады…
Жіп тақты да мойнына,
Талға байлап тастады.

III. Бейімбет Майлин жазушы Ғабит Мүсіреповпен бірігіп, "Амангелді" кинофильміне сценарий жазған. Бейімбет Майлин есімін халық қашанда қадір тұтады.

Диктант.
Шар.

Көкесі жұмысын ысырып шар үрлеуге кірісті. Көк шарды үлкен етіп үрледі. Аузын буды. Жіп тақты. Айбек көк шарды ұстап жүгіре жөнелді. Көп кешікпей Сапақ келді. Жүні жығылып қалған. Шар жарылған. Көп кешікпей Айбек келді. (35 сөз)

Сын есім.

Бақылау диктанты.
Әже өнері.

Маржан қалада оқитын. Жазғы демалыста ауылға келді. Әсіресе әжесін сағынып қалыпты. Қасынан шықпады. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі-түсті оюлар салып, текемет басады. Әшекей - өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй мүліктерінің көбі әжесінің қолынан шыққан. (39 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1. Мәтіндегі сын есімдерді тауып, сұрақ қойып, астын сыз.
2. "Әшекей" сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Диктант.
Менің күшігім.

Менің күшігім бар. Өзі сүп-сүйкімді, әрі пысық. Күшігімнің аты - Ақтөс. Айтқаныңды екі етпейді. Қозыларды да сол бағады. Үйді де күзетеді. Есік алдына бөтен мал келе қалса, қуып жібереді. Менің сондай күшігім болғанына өте қуанамын. (33 сөз)

Көшіру диктанты
Бағдаршам
Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл.
Үш көзі үш түрлі:
Қызыл ,сары,жасыл.
Жұмбақ
Дөп-дөңгелек доптай
Іші қызыл шоқтай
Дәмін татып көрсең
Одан дәмді жоқтай
Тапсырма
Сын есімдерді тауып астын сыз.

Сан есім.

Диктант.
Демалыста.

Нұрлан менің сыныптасым. Биыл екеуміз де екінші сыныпқа көштік. Үйіміз фермада. Екеуміздің әкеміз бақташы. Нұрлан жазғы демалысты балық аулаумен өткізді. Әкесіне де мал қайыруға көмектеседі. (24 сөз)

Көшіру диктанты.
Өтірік өлең.

Туғаннан соң мен - дағы
Он жасымда омала
Бесігімде жатыппын.
Тыныш жатпай онда да -
Алты қоян атыппын.

Өздік жұмысы.
Аяз.

Бірде ағасы Мұрат пен інісі Марат екеуі қардан жасалған дөңге ойнауға барды. Ол екеуі ұзақ уақыт сол дөңде ойнады. Бір уақытта інісі жылап жіберді. Мұрат інісіне қараса, бетін аяз шалыпты. (29 сөз)

Өздік жұмыс.
"Біздің сынып" тақырыбына шағын мәтін құрастыр.

Өздік диктант.

1. Заттың қимылын білдіретін 3 сөз жаз.
2. Заттың атын білдіретін 5 сөз жаз.
3. Заттың сапасын, түр - түсін білдіретін 2 сөз жаз.
4. Буынға бөл.
Көбелек, терезе, орындық, нан, айна.
5. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сыз. Дауысты -, дауыссыз =.
Достық, ескерткіш, кезекші, шүберек, өшіргіш. (5 сөз)

Диктант.
Аулада
Біздің үй өте үлкен.Ол бес қабатты.Ауланы таза ұстаймыз.Ауламызда қызыл,ақ,көк гүлдер өседі.Оларды өзіміз күтеміз. (19 сөз)

Тапсырма
Сөйлемдердің ішінен сан есім мен сын есімдерді тауып астын сыз,сұрақ қой.

Бақылау диктанты.
Әдепті бала
Автобусқа сегіз-тоғыз жасар бала мінді.Билет алып,бір бос орынға отырды.Екі-үш аялдамадан кейін автобусқа алпыс-жетпіс жастағы әже мінді.Бала әжеге өз орнын ұсынды.Әже оған алғыс айтты.(31 сөз)

Тапсырма
Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.

3 сынып
2-ші сыныпты қайталау.

Сөздік диктант.
Көркею,есею,молаю,таяз,пияз,сия,сыйымды,сипау,уыз,жуу,уқалау,уәде.
(12сөз)
Тапсырма
Төрт сөзге сөйлем құр.

Өздік жұмыс
Әр топқа жататын сөздерді топтап жаз.
1 Көлік түрлері:
2 Туыстық қатынасты білдіретін сөздер:
3 Табиғат құбылысын білдіретін сөздер:
4 Дене мүшелері.

Дауыссыз үнді дыбыстарының астын сыз.
Шығармашылық диктант.
1 Өседі,қаптап,жерде ,арша таулы.
2 Аласа ,бойы, болады, аршаның.
3 Жанады, өте, жақсы,ол.
4 Көгеріп, тұрады, ол, қысы-жазы.
Тапсырма.
Сөздердің орнын ауыстырып сөйлемдерді дұрыс құр

Сөздік диктант
Циркуль,аэропорт,чемодан,қаһарман,вокзал,веллосипед,фабрика,ферма,щетка,хабар,айдаһар,хаттама.(12 сөз)
Тапсырма
Қалаған төрт сөзді буынға бөл.

Сөйлем мүшелері.
Диктант.
Еліктің лағы.

Қыс мезгілі. Бір топ елік жайылып жүрді. Араларында кішкентай лағы да бар. Бір кезде тосыннан көкжал қасқыр тап берді. Бұлар лақты ортаға алып, қаша жөнелді. Қасқыр лақты жегісі келеді. Еліктер оған жібермейді. Тіпті мүйіздерімен жасқап қорғап келеді. Жүгіре - жүгіре аузына түк ілікпеген қасқыр шаршап жөніне кетті.
(45 сөз)

Тапсырма:
Жалаң сөйлемді тауып, сызбамен көрсе
Көшіру диктанты.
Жаңылтпаштар.

Көшіріп, жаңылтпаштарды жаттаңдар.
I. Ағашты шөлкелеген бала.
Бөлке жеген бала.
Ағашты шөлкелемеген бала.
Шешесі желкелеген бала.

II. Гүл өсірген дұрыс па?
Ұл өсірген дұрыс па?
Тіл өсірген дұрыс па?
Құр өсірген дұрыс па?

III. Көсе көсеге көсеу көрсетті,
Көсе көсеге неше көсеу көрсетті?
Көсенің көсеге көрсеткені
Бес көсеу.

Қаратпа сөз.
Терме диктанты
"Көке-ау, өзіңді қатты сағындым тезірек әкетсеңші!" -деп бастады хатын.Міне,өнер. Баяғыда найзагерлер шауып бара жатып жыланды сүңгісінің ұшымен желкесінен іліп әкетеді екен.
Тапсырма.
Қаратпа сөздерді тауып астын сыз.

Көшіру диктанты
Тоғайда

Гүлнәр,Әсем,Айдана тоғайға барды. Әсем мен Айдана бүлдірген терді.
Гүлнәр саңырауқұлақ терді.Олардың жанынан бір сұр қоян қаша жөнелді. Жазда тоғай іші қандай жақсы! 26 сөз.
Тапсырма
Төртінші сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдыр.

Сөз және оның құрамы.
Бақылау диктанты.
Шаңғышы.

Қыс түсті. Айнала ақ көрпеге оранды. Балалардың ендігі қызығы шанамен, шаңғымен сырғанау немесе коньки тебу. Ербол үйінен шаңғы алып шығып, сырғанап келе жатыр еді. Алдында сыныптасы Ботагөз тұр екен. Ербол оны жақсы біледі. Шанасын жақында сындырып алған Ербол оны аяп кетті. Екеуі бірігіп шаңғымен қырдан төмен қарай сырғанады. Ботагөз Ерболға риза болды.
(52 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1) 1-ші, 2-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
2) Мына сөздерді "шаңғымен", "қырдан", "шанамен" сөз құрамына талда.

Зат есім.
Көшіру диктанты.
Сен бақытты ұлансың.
Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең- өмір тірегің.
Сен- бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең- асыл ардағың,
Атаң- дана қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Ағаң-қамқор асқарың,
Інің- мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Қарындасың- қанатың,
Ел- Отаның жаннатың.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

(М.Қуанышбеков)

Тапсырма
Тәуелдік жалғауы бар сөздердің астын сыз.

Бақылау диктанты.
Қорқақтық жараспайды.

Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды. Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады. Жаңбыр жауып, күн күркіресе, кірерге жер таппайды.
Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқан. Асан қақпашы еді. Бірде күн бұлттанып, аспан жарқ-жарқ ете түсті.
Асанның зәресі ұшты. Үйіне тұра жүгіруге балалардан ұялды. Қанша қорықса да шыдауға бекінді.
Біраздан кейін жаңбыр да басылды. Балалар ойындарын қайта жалғастырды.
(58 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1) Доп деген сөзді тәуелде.
2) Жаңбыр жауып, күн күркіресе, кірерге жер таппайды. Сөйлемінен етістіктерді тауып астын сыз, сұрақ қой.
3) Үйіне - сөзінің түбірі мен қосымшасын тап. Сөз құрамын талда.

Негізгі, туынды зат есім
Өздік диктанты
I-нұсқа
Қосымшалы сөздерді көшіру.
Сөз құрамына талдау.
Қой - қойшы
Ойын - ойыншы
Төбе - төбешік
Бел - белдік
Бас - басшы
Ауыз - ауыздық

II-нұсқа
Мал - малшы
Оқу - оқушы
Бал - балгер
Дойбы - дойбышы
Кәсіп - кәсіпкер
Жұмыс - жұмысшы

III-нұсқа
Сақ - сақшы
Шөп - шөпші
Би - биші
Бас - бастық
Заң - заңгер
Тіл - тілші
Өздік жұмысы
Зат есімнің тәуелденуі

I-нұсқа
Оқушы, бала сөздерін тәуелде.

II-нұсқа
Кітапханашы, қақпашы сөздерін тәуелде.

III-нұсқа
Дүкенші, қойшы сөздерін тәуелде.

Диктант
Жазда.
Жазда Жапар лагерьге барды. Лагерьде балалар өте көп. Олар көлге шомылды.Көлде әр түрлі балықтар бар. Орманға барып құлпынай, саңырауқұлақтар тердік.Балалар лагерьде жақсы демалды. 24 сөз.
Тапсырма.
1 Көптік жалғаулары бар сөздерді теріп жаз.
2 Көптік жалғаулары бар сөздерді тасымалда.

Етістік
Көшіру диктанты

Жеңіс туы.
Рақымжан Қошқарбаев тәуекелге бел байлады. Гришаға белгі берді. Арт жақтан біздің артиллерия оқ атты. Мойнын созса, Рейхстаг көрініп тұр. Қанбақтай Гриша Рахымжанның иығына шықты. Олар Рейхстагтың кеудесіне Жеңіс Туын тікті.
Тапсырма: Сөйлемдердің ішінен негізгі және туынды етістікті тап.
(30 сөз)

Диктант.
Тәттіқұмар.

Менің інімнің аты - Сағдат. Ол тәттіні көрсе қыңқылдап жылап сұрай береді. Күндердің бір күнінде апам қонақтан келді. Сосын киімдерін шешіп, жұмыс киімдерін киді. Содан кейін сыртқа шығып кетті. Сағдат тұрды да апамның ілулі тұрған киімінің қалтасын ақтарып қарай бастады. Ақырында бес - алты кәмпитті тауып, жеді де, соңынан тісін ауыртып алды.
(49 сөз)

Диктант.
Көктем келді мінеки.

Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай - саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды. Өйткені тырна келген соң жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады.
Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.
(56 сөз)

Диктант.
Қамқорлық.

Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстар әуеніне толған. Диқан келе жатып жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. Ұясын іздеді, таба алмады. Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа мақтадан ұя жасады. Ұсақ жемдерді шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан соң қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады. Диқан тырнаның балапанын күткенін сонда ғана түсінді.
(60 сөз
Диктант.
Қар қайда жоғалды?

Самал терезеден қарап отыр. Қар жауып тұр. Дала тып-тыныш. Көрші үйлердің мұржасынан будақтап түтін шығып жатыр. Самал киініп далаға шықты. Ол баяу келіп жерге қонып жатқан қарды көрді. Алақанын тосып еді, қар қолына қонды да жоғалып кетті. Самал аң-таң болды.
(41 сөз)

Көшіру диктанты.
Мақалдар.
1Күлме досыңа,
Келер басыңа.
2Басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
3Басқа елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
4Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.

Тапсырма.
Жұрнақ жалғанған етістікті тап.

Шығармашылық диктант.

Болымды, болымсыз етістіктерді қолданып,сурет бойынша әңгіме жаз.

Сын есім.
Диктант.
Күз.

Күз түсті. Табиғат өзінің сарғыш желегін жамылып, қоңыр қалпына көшті. Сары бала бүгін апасымен дала кезді. Олар ауылдан ұзап кетті. Абай көбелек қуды. Ол жорғалаған қоңызбен жыбырлаған өрмекшіні қызыға тамашалайды. Тырналар қиғаштай ұшып, тыру-тырулап ұшып бара жатты.
(38 сөз)

Бақылау диктанты.
Ақ лақ.

Менің ешкім бар еді. Сол ешкім әдемі ала мойын аппақ лақ туды. Ол лағын өте жақсы көреді. Мекіреніп қасынан шықпайды. Бір күні қатты боран соқты. "Тоңатын болды - ау" деп қораға жүгіріп барсам, лағым жоқ. Енесі лағын таппай маңырады. Сөйтсем, қу лағым қорадағы шөптің қуысына тығылып, ұйықтап жатыр.
(47 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1-ші сөйлемнен сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тап.
3-ші сөйлемнен сөйлемнің тұрлауы мүшелерін тап.

Терме диктант

Сұңғақ,көңілсіз,өнерпаз,ілулі,жарық, бүгін,ақылды,ашық,әдепті,сымбатты, инабатты,кең,үлкен.
Тапсырма
Негізгі және туынды сын есімдерді теріп жаз.
Сын есімдерді пайдаланып сөз тіркесін құр.

Сан есім
Шығармашылық жұмыс
Есептік Реттік
Он, үш, екі он бірінші, үшінші, жүзінші

Тапсырма: Есептік, реттік сан есімдерді жалғастыр.
Төмендегі цифрмен жазылған есептік сан есімді сөзбен жаз.
217, 105, 86, 128, 1998.

Сан есімдерді қатыстырып диолог құр.

Бақылау диктанты.
Кәрі әже.

Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты кәрі әжей тұрады. Бірақ ол үйде жалғыз болмайды. Оған мектеп балалары келіп тұрады. Әжей балаларға қызық ертегілер айтып береді. Балалар ынтыға тыңдайды. Қыздар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып қояды. Ұл балалар дүкенге барып, азық - түлік әкеледі.
(42 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1. Балалар ынтыға тыңдады. Сөйлем мүшесіне талда.
2. Біздің, үйдің, балалар, қыздар сөздерінің түбірі мен қосымшасын ажырат.

Диктант.
Парашют.

Парашютпен ұшақтан секіруге құмар болдым. Осы ойымды орындауға тырыстым. Әуелі парашютпен мұнардан секіріп үйрендім.
Содан кейін ұшақтан секіруге талпындым. Бір күні таңертең беліме парашют байлап, ұшаққа міндім. Ұшақ жерден екі километрдей биікке көтерілді. Мен секіруге әзірленіп, ептеп ұшақтың қанатынан төмен қарай секірдім. Аздан кейін бір селоның қасына келіп түстім.
(49 сөз)

4 сынып

3 сыныпты қайталау.
Көшіру диктанты.
Асау тай.

Міне ағам шап беріп,
Қыса түсіп тақымды.
Асау мұны жат көріп,
Көкке шапшып атымды.
Ағамды атып ұрмақ боп,
Мөңкіді - ай кеп жас бейбақ.
Тулап - тулап, тулап кеп,
Қырға қарай қашты ойнап.
Ағама ақыр ол көнді,
Бұрған жаққа басы ауды.
Ағамдай боп мен де енді,
Үйретсем - ау асауды.
Тапсырма: "Мөңкіді" және "Бейбақ" сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

Өздік жұмысы.

1) Қар, аққала, демалыс, шаңғы, мереке, аспан, ағаштар, торғайлар, киім, көктайғақ,балалар,қызық. (12 сөз)
Осы сөздерді қатыстырып, әңгіме құрастыр.

Қаратпа сөздерді қолданып 3 сөйлем құрастыр.

Жер - Ана.

II. Өзенің мен көліңе,
Күтеді сүйген еліңе
Еңбектенген еріңе
Бас иемін, Жер - Ана!
Толқынданған дәніңе,
Самғаған көкте әніңе.
Бір сөзбен айтсам бәріне
Бас иемін, Жер - Ана.
Тапсырма:
Тәуелденген зат есімдердің астын сыз

Жаңылтпаш

III. Кінә бар,
Күнә бар,
Күмән бар.
Кінә не,
Күмән не?
Күнәні артады,
Күнәға батады.
Күмән боп жатады.
Кінәлі, күнәлі
Күнәлі күмәнді,
Күмәнді кінәлі.
Сөйлем мүшелері.

Көшіру диктанты.
Шабындықта.

Үнемі сол жаз шыға олар шабындыққа шығады. Қос және екі-үш үй тігеді. Биыл да Қайтар әкесіне ілесіп шабындыққа келді. Анасы шөпшілерге арнап тамақ асты. Оған қарындасы көмектеседі. Қоста ішкен тамақ неткен дәмді десейші! Шабындықтың пішені шайқалып, толқып қояды. Иісі мұрын жарады. Кенет аяқ астынан әлдебір нәрсе ұшып тұра келді де, қаша жөнелді.
(50 сөз)
Тапсырма:
1) 3- ші сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тап.

Бақылау диктанты.
Атамекен.

Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.
Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар - бәрі көзіңе оттай басылады.
(72 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1. 2-ші,3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
2. 5-ші сөйлемді сызбалап байланыстырып көрсет.
3. "Табиғат" сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Диктант.
Тәтті тағамдар.
Тоқсан соңындағы демалыс кезінде ауылдан Исатайдың атасы келді. Әжең беріп жіберді деген қоржыннан шыққан неше түрлі тағамдар дастарханға толып кетті. Оның ішінде Исатай жақсы көретін талқан, сөк, қауындық, ірімшік, құрт сияқты жеңіл тағамдар баршылық екен. Исатайдың көкесі мен апасы жұмыста. Таңертең кетіп, кешке бір-ақ келеді. Қонақпен бірге қаланы аралау Исатайдың үлесіне тиеді. Бұған ол кәдімгідей қуанып қалды. Өйткені, атасымен бірге жүрсе, балмұздақ жейді, тәтті сусындар ішеді. Исатай үшін талқан, сөк, ірімшік, құрт, балмұздақ - тәтті тағамдар.
Тапсырма:
1) сөйлемнің бірыңғай мүшелерін теріп жаз

Сөз мағынасы.

Бақылау диктанты.
Құрманғазы Сағырбаев.

Құрманғазы Сағырбаев - қазақтың күйші композиторы, халық сазының алыбы. Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күреске арналады. Құрманғазы "Алатау", "Сарыарқа", "Адай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Балбырауын", "Кісен ашқан", "Серпер" тағы басқа көптеген күйлер шығарған. Бұл күйлерінде күйші халықтың арманын, өршіл ойын, қажымас қайрат жігерін, үстемдікке деген ыза-кегін суреттеп берді.
Хамит Ерғалиев "Құрманғазы" атты поэма жазды. М.Кенбаев Құрманғазының портреттік бейнесін жасады. Алматыдағы қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі, консерватория, көше, музыка мектебі Құрманғазы есімімен аталады.
Тапсырма: (74 сөз)
1. Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жаз.
2. "Күйші" сөзін сөз құрамына талда.
3. "Халық" сөзіне сөйлем құра.

Көшіру диктанты.
Жолда жатқан әмиан.

Ойымда дәнеңе жоқ тротуармен тық-тық басып келе жатыр едім. Оң қапталымда жатқан әмианға көзім бірден түсті. Өйтіп барып, қалт тоқтадым да "Ескі ме, әлде біреудің қалтасынан сусып түсіп қалған ба?" деп ойладым. Екі ұдай күпті көңілмен қолымды әлгі әмианға создым. Міне, қызық! Әмианға қолым тиер - тиместен "шаршып" түскені…. Өн бойым дір- дір етіп секем алып, енді қолымды тартып алғанша болған жоқ, талдың арасынан таныс бір күлкі естілген…. Әмианын "арқандап" қойып, ары өткен, бері өткен адамдардың "пиғылын" байқап, мазақтап отырған Әділ інім екен.
Қап! Сондағы ұялғаным-ай!
Менің інімнің де істемейтіні жоқ-ау! (88 сөз)
Тапсырма:
Қос сөздерді тауып, астын сыз.

Көшіру диктанты.
Қанаттың күй құмарлығы.
Үй іші оңаша. Төрде жатқан бала домбыраны дыңғыр-дыңғыр еткізіп нақышына келтіре алмай әлек. Атасының қолында күмбірлей жөнелген домбыра басын ала қашып, қиюы келмей әуре - сарсаңға түсірді. Қанат атасы келгелі айналдыратыны - осы үшқат қызыл домбыра. Оны тартудан бір жалықпайды. Тұман ішіндегі елестей, қалаған әуені ұстатпай, айдалаға алып қалып, қос ішек титықтатып әурелейтіні бар. Інкәр буып, жанына Қанат атасы үйреткен шерпе күйлерді сағынтады.
Тапсырма: (64 сөз)
1) мәтіннен қос сөздердің астын сыз
2) Атасының, күйлерді - деген сөздерді сөз құрамына талда.

Қысқарған сөздер

Өздік жұмысы
Қысқарған сөздердің әр қайсысының толық атауын тұсына жаз.

БҰҰ, ҚМУ,ҚР, АҚШ,ОМ, БМ, кг, см
* қалаған 3 сөзіне сөйлем құрау

Өздік жұмысы.
Тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, сөйлемдер құра.
1) Зәрем зәр түбіне жетті.
2) Тайға таңба басқандай.
3) Ине шаншар жер жоқ.
4) Жібек орамал кепкенше.
5) Таяқ тастам жер.
6) Қорыққанға қос көрінеді
Зат есімнің септелуі.

Шығармашылық диктант
Аққала
Жиналдық та көп бала,
Соқтық, әне аққала.
Аққаламыз әдемі,
Қарай қалдық шаттана.

Тапсырма:
1.Зат есімдерді тап.
2.Бала, аққала сөздерін септеп жаз.
3.Тәуелдеулі зат есімдерді септеп жаз.
а. Анам, үйрегім
ә. Балам, жерім
б. Әкем, үйім

Зат есімнің тәуелденуі.

Өздік жұмыс.
Қуыршақ жылай ма?
-Қызым, қуыршағың жылай ма?
-Жыламайды.
-Кәмпит сұрай ма?
-Сұрамайды.
-Онда оның ақылы көп қой.
-Апа ,сұрайтын оның тілі жоқ қой.

Тапсырма.
1)Тәуелдеулі сөзді тап.
2)Асты сызылған сөздерді тәуелдеп жекеше ,көпше түрде жаз.

Зат есімнің жіктелуі

Көшіру диктанты.
Жақсы мен жаман адамның қасиеттері.

Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсылық жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен -кіші бәрі жақсы.
Жасынан бірге өскен еркесіндей.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
"Олақтан салақ" жаман -деген мақал.
Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.

Тапсырма
1)Өлеңді көшіріп жаз.
2)Басшы - сөзін жікте.

Етістік.
Диктант.
Ұялас күшіктер.

Мектептен үйге қайтып келе жаттым. Қарным ашқан соң, сөмкемді ашып, буфеттен сатып алған тоқашымды жайбарақат жеп келе жатқанмын. Артымнан тықыр білінгендей болды. Бұрылып қарасам, бір ит соңымнан еріп келеді. Аш екені көрініп-ақ тұр. Менің қолымдағы нанға ашқарақтана қарап жұтынады. Тоқашымнан бір үзііп, итке тастадым. Соңымнан біраз жүрді де, менде енді нанның жоқтығын біліп, күдерін үзіп қала берді.
Бір күні әлгі ит күшіктейді. Күшіктер бір-біріне ұқсайды екен.
Маған барлық күшіктері де ұнады.
(71 сөз)
Тапсырма:
1) 1-ші сөйлемдегі етістіктерін өткен шаққа ауыстыр
2) соңғы сөйлемнің етістіктерін келер шаққа ауыстыр

Сын есім.

Диктант.
Шахтада.

Менің шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер ауыз сол жерде. Ақыры шыдамадым. Көкем сыйлаған фонарымды алдым да, шахтаға тарттым. Өйткені шахта жер астында. Ал жер астында күн болмайтынын көкем айтқан.
Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Ерсілі - қарсылы ағылып жатыр. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Көп есіктен өтіп, үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай жүгіріп барды да, тордың есігін жапты. Міне, қызық! Темір есіктің арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті. Залда мұртты ағай екеуміз қалдық. (94 сөз)
Тапсырма:
1)дара сын есімдерді тауып, астын сыз.
2) соңғы сөйлемді күрделі сын есімі бар сөйлемге айналдыр.
3) мәндес және қарама-қарсы сын есімдердге мысал келтір.

Сан есім
Бақылау диктанты.
Балапандар.
Майтан ағам бізге шұбар тауық, оның артынан ерген үш қара, бір қызыл сары, екі шұбар кішкентай балапандарды берді. Олар бізге бір күннен кейін үйреніп кетті. Шешесі оларды жақсы бақты. Біз балапандарға үлкен нан беріп қойсақ, шешесі оны балапандарына майдалап бөліп береді. Өзі арасында жеп жүреді. Көп күннен кейін шешесі балапандарын тастап кетті. Өйткені балапандары үлкейіп қалған еді. Алтауы бір-бірінен айрылмайды. Егер біреуі адасып қалса, бәрі шырылдай бастайды. Сонда олар бір балапанды қалдырып кеткендерін біліп, әлгі барған жақтарына қарай қанаттарын жайып жүгіре жөнелді.
(83 сөз)
Тапсырма:
1) мәтіннен сан есім және сын есімдерді тауып астын сыз.
2) Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдыр.

Көшіру диктанты.
Үйректі қорыған тауық.

Жадыра жаңадан сатып алған төрт үйректі тауық қораға қамап қойған болатын. Үйректер тауықтармен бірге ұядан сыртқа шығып, үйірден ұзамай, жайылып жүрді. Осы төрт үйректі аяқ астынан қайырып, қоритын қорғаушы табыла кетті. Ол шұбар тауық еді. Қанатын қомдап қойып, үйректердің қасынан бір шықпайды. Ұзап кетсе, үйректерді шоқып - шоқып алдына салып қуып келеді. Ұясынан кіргізіп алып, аузында қанатын қомдап кәдімгідей қоқиланып тұрады. Осы көріністі бірнеше рет тамашалаған Жадыра үйректерді қорыған шұбар тауыққа іштей риза болып жүрді.
(74 сөз)

Тапсырма:
1) мәтіндегі сан есімдерді тауып, сөйлем ойла.
2) 1-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда

Көшіру диктанты.

Кітап саудасы.

Рауан мен Ержан кітап дүкеніне барды. "Қалжың есеп" кітабын сатып алғысы келген Рауан Ержаннан бір тиын сұрады. Қалтасында 18 тиыны бар еді. "Бұл кітапты сатып алуға менің 19 тиыным жетпей тұр. Егер екеуміздің ақшамызды қоссақ та біз бұл кітапты сатып ала алмас едік," - деді. Себебі Ержанның қалтасында көк тиын жоқ еді (50 сөз)
Тапсырма:
1) Көрсетілген сандарды сөзбен жаз
2) Екеуміздің, ақшамызды - деген сөздерді сөз құрамына талда.

Шылау

Көшіру диктанты
Гүлдер
Бір топ бала жалаң аяқ гүл теріп жүр.Балалар таласа жарысады.Оларды әрбір гүл "Маған кел ,мені ал,мені иіске" деп шақырып тұрғандай.Бір гүлден бір гүл әдемі көрінеді.Қызыға-қызыға ауылдан ұзап та бар жатты.Ұзаған сайын гүл де көбейе берді,гүлге қонған қонған көбелектер де көбейе берді.(46 сөз)
Тапсырма
Шылау сөздерді теріп жаз.

Үстеу
Диктант
Сауысқан
Балалар бірде маған сауысқанның кішкентай балапанын әкеліп берді.
Сары езу балапандарды қанаты қатып өз бетімен ұшуға жарағанша бағып-қағу өте қиынға соқты. Алдымен әбігерге түсіп жүріп жемге үйреттік. Өсе келе мен оны тор ішінде отыруға үйреттім.
Бірте-бірте біздің үй ішінен әр түрлі заттар жоғалып кетіп жатты.Бірде шай қасық,бірде қайшы,сағатым жоғалып кетті. Мұның бәрі сол сауысқанның ісі екендігін артынан түсіндім. (61 сөз).
Тапсырма
Үстеулерді тауып астын сыз.

Бақылау диктанты.
Улы гүлдер.

Жайлауға келіп, рақаттандық. Маусымның гүл жарған сарғыш, ақшыл, көк шөптері самал желмен тербеледі. Біз гүл теріп жүрміз. Самат қолындағы гүлдерін қайта-қайта иіскеп қояды. Бір мезгілде тұра оқалды да, тәлтіректеп барып құлап түсті. Жабылып басын көтердік. Жүрегі соғып тұр.
Айжан бірден біле қойды.
- Ой, балалар, Самат уланып қалды, - деді шошынып. Біздер қорқып кеттік. Самат жарты сағаттай жатты да, тұрып кетті. Жаңағы жерде гүлі улы шөптер де бар екен.
(66 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1) 3-ші, 4-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
2) Одағайдың астын сыз.
3) Шылауларды теріп жаз.

Пайдаланған әдебиеттер:

«Атамұра» , «Алматыкітап» баспасы 2012,2008 ж.ж

«Әліппе» «Ана тілі», «Қазақ тілі» оқулықтары 1-4 сыныптар,

«Білімділер.кз», «45 минут.кз», «сабақтар» сайттары

26


© 2010-2022