Саяхат сабақ. Астана-бас қала

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Астана-бас қала

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: ел ордасы Астана туралы жан-жақты білімдерін нығайту, тереңдету, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту, күрделі зат есімдерді ажырата білуге дағдыландыру, зат есімнің септелуін толық меңгеру

Ә) дамытушылық: тіл дамыту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру; іздендіру, тапқырлық, шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Б) тәрбиелік: өз Отанын халқын, жерін сүйюге, отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Астананың суреттері, карта

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер:

Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, іздену.

Сабақтың барысы.

I Ұйымдастыру кезеңі

Амандасып, оқушыларды түгелдеу.

II Жаңа сабақ. Балалар, біз бүгін Астана қаласымен танысамыз. Біз Астана қаласына саяхат жасаймыз. Ол үшін бізге жолсерік керек. Ал, мен сол сіздердің жолсеріктеріңіз болайын.

Оқушылардың қызығушылығын ояту.

Сұрақ- жауап:

-Балалар, біздің Отанымыз қай мемлекет?

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстанның елбасы кім?

-Қазақстанның рәміздеріне не жатады?

-Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Ал, балалар, саяхатты біз автобуспен жасаймыз, ал автобусқа мінейік (автобустың суреті)

Тақтада Астана қаласының картасы ілулі тұр. Картада біздің бағытымыз көрсетілген. Астананың көркем жерлеріне жету үшін біз сол тапсырмаларды рет-ретімен орындауымыз керек. 1-ші тапсырмаларымызды орындасақ, біз «Бәйтерекке» жетеміз.

Ал, балалар, сәттілік тілеймін!

Бірінші аялдама: «Бәйтерек» монументі Оған дайындаған тапсырманы Жанеля оқиды оқушылар екі топқа бөлініп орындайды.

Тапсырма:

Бәйтерек, монумент сөздерін септеу

Екінші аялдама: «Думан» ойынсауықтыру орталығы. Ол жерден де бізге тапсырмалар келіпті.

Тапсырма: Мына сөйлемдерден күрделі сөздерді тауып олардың түбірлерін ажырату, сұрақ қою керек.

Болат әжесімен Астана қаласына Жезқазған қаласынан қыдырып келді.Қызылорда 19 ғасырдың ортасында «Ақмешіт» бекінісі деп аталды.Шардың ішінде жеделсатылық холл, дәмхана, панорамалық зал орналасқан.Ал «Думан» ойын сауық орталығы болғандықтан, біз бір сергіп ойнап қалайық.

III Сергіту сәті.

Би: «Қара жорға»

-Рахмет, ал келесі аялдама «Бейбітшілік пен келісім» сарайы. Бұл жерде бізді келесі тапсырмалар күтіп тұр. Тапсырма: Сөйлемдерге керекті септік жалғауларын қойып жазыңдар.

1 Қала Есіл өзені... оңтүстік жағасы... жазық жер... орналасқан.

2 1914 жылы қала тұрғындары.... саны 15 мың... жетті.

3 Мәдени-ағарту орындары...3 жалпы білім беретін училище, мектеп, медресе,2 кітапхана ашылды.

IV Сабақ бекіту «Дұрыс-бұрыс» ойыны.

1 Қазақстанның туының түсі-қызыл.(бұрыс)

2 Астана, Қарағанды, Өскемен, бұл таулар. (бұрыс)

3 Қазақстанның мемлекеттік тілі-қазақ тілі.(дұрыс)

4 Астанада «Бәйтерек» монументі бар.(дұрыс)

V Сұрақ-жауап арқылы білімді қорытындылау.

-Астана қаласының бұрынғы атауы?

- Астана қай жылы Алматыдан Астанаға ауыстырылды?

-«Бәйтерек»монументінің биіктігі неше метр?

- Астанада қандай ойын-сауық кешендері бар?

VI Бағалау

VIIҮйге тапсырма беру: Менің Астанам шағын шығарма жазу.

© 2010-2022