Кішкентай ару. Тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Кішкентай ару

Тақырыбы: Кішкентай ару

Мақсаты: болашақ арулардың бойына қазақы тәрбиені бойына сіңіру, «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің жан - жақты сұлулықтың белгісі екенін түсіндіру

Барысы:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған

Қолын қатты тигізбей,

Кір көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан

Жер Анаға тіршілік нәрін себер, көктеммен бірге барлығымыз үшін қымбатты мейрам келіп жетті. Барша аналарға, аруларға ілтипатымызды білдіре отырып осынау төл мерекелеріңіз құтты болсын демекпіз. Бүгін сіздерге «Кішкентай арулар» байқауын тарту етеміз.

Қыз емес, қыздың өзі алтын

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Мұғалім:

Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Нақ аруды таңдап бүгін алуға.

(Әділқазылар алқасымен таныстыру)

Мұғалім:

Мың бұралған арулар аңдып басып,

Келеді міне, ортаға толқып - тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.

Мұғалім қыздарды таныстырып ортаға шақырады.

1. Ай секілді өзі де,

Сыңғыр - сыңғыр сөзі де.

Махаббат деген арудың

Әдемі ғой көзі де.

2. Үздік оқып сабағын,

Бәрімізге жағатын

Ұлжан кейде қырсықса

Түйіп алар қабағын.

3. Сабағын да меңгерген,

Жақсылықты жөн көрген

Ата - анасы Жанеркеге

Әдемі есім теңгерген.

4. Қуантады білімімен бізді Гүлден

Қол соғып қарсы алайық енді оны біз

Білімің серік болсын талабыңа

Бүгіні қабыл болсын тілегіміз.

5. Сабағынан қалмайды,

Жалқаулыққа бармайды

Арайлым бүгін сайыста

Ән мен жырын арнайды

(Ұлдар қыздарды ізетпенен сахнаға ертіп келеді)

Мұғалім:

Кішкентай арулар келіп жетті танысуға

Бойындаға бар дарынды дарытуға

Қорықпастан сахнаға келіп жетті

Әдеппен, ізетпен танысуға.

1 - кезең. Өздерін таныстыру

1 - ару.

Ай нұрынан жаралған,

Ай мен күні анамның,

Ақылдысы баланың,

Кілең бестік сабағым

Махаббат деген сұлуың

Мен боламын, ағайын.

2 - ару.

Отбасының еркелеткен,

Жарқыраған жұлдызымын.

Сабақты жақсы оқитын

Жанерке деген бір қызыңмын.

3 - ару.

Қыздар деген бола алады қыр гүлі,

Қазақ қызы болу керек үлгілі.

Жақсылыққа ұтылатын әрқашан,

Гүлден ару мен болам

4 - ару

Ынталы да инабатты,

Өнегелі бір қызбын.

Ата - анамның ақылдысы -

Молдабаева Ұлжанмын.

5 - ару

Мен де есті баламын,

Айтқан тілді аламын.

Жұмсағанға барамын,

Жақсы менің сабағым.

Арайлым деген ару қыз

Мен боламын, ағайын.

2 - кезең. Өнер көрсету

Мұғалім:

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатар жолында - дей келе аруларымыздың өнерімен танысайық.(Кішкентай арулар өз өнерлерін көрсетеді)

3 - кезең. Білгенге маржан

Мұғалім:

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.

Үлкенді сыйлау ұққанға соның бірі,

Зерделі ой зейінді қызды сынар,- сұрақ - жауап сайысы.

Әр ару қоржындағы сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1. Дүниеде ең тәтті, ең жұмсақ не?

2. Көшіп қонуға қолайлы қазақ баспанасын ата.

3. Қазақтың ішекті музыкалық аспабын ата.

4. Ұлттық ойындарды ата.

5. Төрт түлік малды ата.

4 - кезең. Шебер қолдар

Мұғалім:

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата - баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айталық төрелігін соңынан - берілген үлгі бойынша оюды ойып жапсыру.

(Қыздар жұмыстарын аяқтағанша ұлдар аналарына тақпақ айтып береді)

1 - оқушы:

Сізден өскен балалар,

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар

2 - оқушы:

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

3 - оқушы:

Айналайын, анашым,

Жұмысына барасың.

Қайтып мені көргенше

Шын сағынып қаласың

4 - оқушы:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз

5 - оқушы:

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді

Анамызға мың алғыс

6 - оқушы:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір - бірден

Анаға сыйлаймыз.

5 - кезең. Сән үлгісі

Жайдары жазық маңдай,

Үнінен наз ұққандай.

Қазақтың арулар - ай,

Ибалы, нәзік қандай.

Қыздар дайын болғанша ұлдардың орындауында

«Ақ мамам» әні

Кішкентай арулар музыка әуенімен сән үлгілерін көрсетеді.

Қорытынды: Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін көрдіңіздер. Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпазға «Кішкентай ару» атағы беріліп, аруларға мадақтама және сыйлықтар ұсынылады.

Барлық аналар мен аруларды құттықтап сынып оқушылары «Жан анам» әнін орындайды.


© 2010-2022