Конспекты по познании на тему Күзде жапырақтар неге сарғады?

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

Мақсаты: Жыл мезгілдеріндегі өсімдіктер өмірінде болатын өзгерістер жөнінде түсінік беру.

Міндеті: 1. Оқушылар жапырақтардың негізгі қызметін атайды. 2. Оқушылар «Күзгі жапырақтың түсуі» суреті арқылы табиғи құбылысты түсіндіреді.

Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:
  • Оқушылар өзара бірін - бірі оқытады;
  • Өзіндік ой - пікірлерін ортаға салады;
  • Топта ұйымдастырған жұмыс нәтижесін көрсете алады.


Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО бағдарламасы бойынша топтық жұмыстар.

Қолданатын стратегиялар: «Топтастыру», «Кең ауқымды лекция», «Алма - кезек оқыту».

  1. Қызығушылықты ояту.


1. Психологиялық икем. Алтын, сары, қызыл, көк... Алуан-алуан жапырақ, Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ.

2. Топтарға бөлу. 4 түрлі жапырақтарды балалар өздері таңдап алады да сол бойынша топқа бөлінеді.

  • Балалар, бүгінгі сабақты мынадай мақалмен бастаймыз.
Жеке жүріп жол тапқанша, Көппен жүріп адас.
  • Балалар, біздің сынып қандай?
«Біздің сынып» өлеңін жатқа айту.



3. Топтастыру. Слайд №1.





  1. _____________ 1. _______________ 1. ________________

  2. _____________ 2. _______________ 2. ________________

  3. _____________ 3. _______________ 3. ________________

  4. _____________ 4. _______________ 4. ________________

  5. _____________ 5. _______________ 5. ________________

4. Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдай қажет? Слайд №2. 55-бет

5. Сұрақ-жауап. Күз аяқталды. Күз қандай болғанын талқылау. Слайд

№3







Күздің қай айы ең суық, қай айы ең жаңбырлы (қай айы ең) екенін анықтау.

  • Ең алғашқы қар қашан түсті?
6. Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар.

  1. Мағынаны тану.


  1. Сұрақ - жауап.
    • Еске түсірейік жапырақ - бұл жер үсті немесе жер асты мүшесі ме?
    • Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?


  1. Күзгі орманға саяхат.
    • Сонымен күзде жапырақтар неге сарғаяды екен?


  1. Оқулықпен жұмыс. «Алма - кезек оқыту».
  2. «Кең ауқымды лекция».
    • Қазір балалар, оқығанымызды қорытындылайық. Әр топ бір - біріне сұрақ қойып, жауаптар беріледі.
    • Қандай ағаштардың жапырақтарын көрдіңдер?
    • Қалай ойлайсыңдар, жапырақтар неге өз түсін өзгертеді, олар неге түседі?
Ағаш жапырақтарына жазылған сөздерді сұраққа байланысты өздері табады. Слайд №5.

  1. Ойтолғаныс.

1. Орны ауысқан сөздерден өлең құрастыру. Слайд №6.

Ағады, аулаққа, бұлт,

Бау-баққа, келіпті, күз

Жаңғақ та, піскен, жаздай,

Жан-жаққа шашылады.

2. Қатесін табу. Слайд №7.

Қыста - жапырақтар түседі;

Күзде - өсімдіктер көктеп шығады;

Көктемде - өсімдіктер пісіп жетіледі;

Жазда - өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды.

3. Рефлексия. Түскен жапырақтардың пайдасы бар ма?

4. Үйге тапсырма: Кесте толтыру. 60,65-беттерді оқу.

5. Бағалау. Балалар бір-бірін өздері бағалайды.

Күзде бау-бақшадағы жапырақтарды сыпырып, жинауға көмектесесіңдер. Оларды жиған соң жерге көметінін білесіңдер. Неге көміп, сыпыру керектігін үлкендерден сұрап біліңдер



© 2010-2022