Алтын күз мерекесі (ертеңгілік)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

№27 жалпы орта білім беретін

мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Акылбекова Тамара Какимхановна

Алтын күз мерекесі (ертеңгілік)

І. Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті. Алтын күз мерекесі құтты болсын! Күз мерекесін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Хормен:

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз!

1-оқушы

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Мерекелі осы күн.

Шеңберге тұрып: хормен

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Аналарына жасаған жапырақтарын беріп, орындарына отырады.

ІІ. Енді ортамызға «Күз ханшасын» шақырып, қарсы алайық.

Күз ханшасы:

Армысыздар, қадірлі қонақтар!

Күз мерекесі құтты болсын!

Күз бақыт, береке әкелсін!

-Айтқаныңыз келсін, күз ханшасы!

Сіз бізге «күз» дегеніміз не? Неге күзді «Алтын күз» дейді? деген сұрақтарға жауап беріңізші.

Күз ханшасының жауабы:

Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық, қап-қап астық, картоп, жүгері, өрік, алма. Осының бәрі күзде піседі. Әне, қараңдаршы!

Дала да, егін де, тоғай да сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз»

дейді.

ІІІ. Кірпіге алма жинасайық. Өрнектер шығару.

ІV. Тазша бала келеді. /жүгіріп/

-Сүйінші, сүйінші, сүйінші! Күз келді.

-Тазша бала, біз күз келгенін біліп алдық.

-Ой, мен тағы кешіктім.

-Қапаланба, тазша бала, бүгін бізде қонақта бол.

Тазша бала:

- Ендеше, мен ойын ойнатайын.

Ойын шарты: Екі топқа бөлініп, шашылған көкөністерді жинау.

Бір, екі, үш,

Ал, кәнеки ұш!

V. Күз ханшасының өнері.

-Күз ханшасы қандай өнер көрсетеді екен?

-Ертегілер елінен келген достарыммен би билеп берейін. Қабыл алыңыздар.

VI. Ойын. Ата-аналарға жұмбақ жасыру. Жауабына сәйкесінше сурет көрсету.

VII. Енді ортаға күз белгілерін шақырайық.

Біздің дайындаған әдеби монтажымызды қабыл алыңыздар!

VIII. Сыныбымыздың сәнқойлары «Күздік киім» үлгісін көрсетеді.

Әншілеріміз ән орындайды.

«Түрік биін» қабыл алыңыздар.

ІХ. Сонымен күзде қандай өзгерістер болатынын достарымыз айтып берсін.

*Күн суытады.

*Жапырақтар сарғаяды.

*Жеміс-жидектер піседі.

*Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

*Жаңбыр жауады.

*Егін жиналады.

*Үйлерін ақтайды, сырлайды.

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!



© 2010-2022