Ц дыбысы, 1 сынып үшін сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау қаласы,Дамбы селосы

Амангелді атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Мусалимова Эльвира Габитовна

Әліппе--------------------

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы

Сабақтың мақсаты: Ц әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, қисынды ойлау қабілетін дамыту,; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Дамыта оқыту

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер,тірек сөздер

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту:

Психологиялық әзірлік
Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз,
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім ойда

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 8-жаттығу тексеру, оқу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:

1. Сұрақтар қою. Циркке бардыңдар ма?

Онда қандай қызықтар болады?

Циркте кімдер өнер көрсетеді?

Цирк сөзінің алғашқы дыбысы қандай?

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

«Ой сергіту»жаттығулары:
1. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
2. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалатын дыбыс.
5. «Лагерь»сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
6. «Ащы»сөзіне қарама - қарсы сөз.
7. «Р»қандай дыбыс?
8. «Бойында»бар, «ойында»жоқ. Ол қай әріп?
9. Судан шашақ шашылар, су тоқтаса басылар. Ол не?
10. «Ч» дыбысының алдындағы дыбысты ата.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Ц дыбысы бар тағы қандай сөздерін білесіңдер? Ц дыбысы қандай дыбыс?

Ү.Мағынаны тану:

Ц дыбысы - қатаң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында кездеседі. Мысалы: цемент, авиация, марганец.
а) оқулықпен жұмыс.

1-жаттығуды Сөзжұмбақты шеш:

1.Ата заң. 1.Конституция

2.Өлшем бірлігі 2.центнер

3.Сахнадағы ән,би кеші. 3 цирк

4.Санның таңбасы. 4.цифр

5.Көлік түрі.

6.Оқу құралы. 6.циркуль

7.Ойын көрсетілетін алаң. 7.цирк

«Қай әріпті жоғалттым ?» ойыны:

2-жаттығу. Сөйлемдердегі сөздерді керекті дыбыспен толықтыр. Цирк, цемент, центнер, мотоцикл сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

3-жаттығу Өлеңді мәнерлеп, хормен оқу, мағынасын ашу, жаттау, жазу. Жазған жұмыстарын өзара тексеру.

Цементке расында,

Целлофан қап жарамас.

Центнерлеп тасуда,

Цистернадай бола алмас.

-ц әрпі бар сөздердің мағынасын түсіндір.

4-жаттығу. Мәтінді оқу, талдау, мағлұматты есте сақтау. Оқушыларға мәтінге ат қойғызу, бөліктерге бөлу.

Цирк

5-жаттығу.Ребусты шешу. Суретердің аттарын алдымен айтып, ондағы қажетті дыбыстарды қоя отырып, ребусты шешу. Жауабы: циркуль. Осы сөзді қатыстырып сөйлем құрау. в) сергіту жаттығуы.

ҮІ. Ой толғаныс: 6-жаттығуда Сен білесің бе? бірелген мәтінді оқу, есте сақтау.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

«Байланыстыр» ойыны


етка

емент

ек

ирк

етка

ц


+


+


ч



+



щ

+




+

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 33-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау


© 2010-2022