Фигуралардың сипаты мен көркемдік мүмкіндіктері

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Фигуралардың сипаты мен көркемдік мүмкіндіктері.Фигуралардың сипаты мен көркемдік мүмкіндіктері.Пәні: бейнелеу өнері.

Сабақтың тақырыбы: Фигуралардың сипаты мен көркемдік мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты: а) фигуралардың сипаты мен көркемдік мүмкіндіктері туралы түсінік бере

отырып, сурет салу барысында оларды пайдалана білуге үйрету;

ә) суретшілер шығармаларындағы әр түрлі пішіндерді ажырата білуге

дағдыландыру;

б) эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың құрал-жабдықтары: қылқалам, бояулар, су құятын ыдыс, сурет дәптері.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Жаңа сабақты түсіндіру.

Кіріспе әңгіме.

-Балалар, сызықтың қандай түрлерін білесіңдер? (түзу, қисық, тұйықталған)

-Тұйықталған сызықтар не құрайды?

-Фигура немесе пішіндер мынадай болады:

нақты геометриялық пішіндер (үшбұрыш, шеңбер, сопақша, төртбұрыш)

нақты емес пішіндер (анық атаулары болмайды)

-Үшбұрыштың, төртбұрыштың қанша жақтары бар?

-Үшбұрышта, төртбұрышта, шеңберде, сопақшада қанша бұрыш бар?

-Айналаңдағы дүниеде қандай заттардың пішіні мынаған ұқсайды?

Оқулықпен жұмыс.

-Мына екі суреттердің әрқайсысында қандай пішіндер көбірек?

Суретші шығармаларын талдау.

Сұлбаларға қарап нақты заттарды анықтау.

3.Сарамандық жұмыс.

Геометриялық пішіндерден адамның бейнесін салу.

4.Сабақты қорытындылау.

-жұмыстарды салыстыру;

-бағалау;

-кемшіліктері мен жетістіктерін айту;

-жұмыс орнын ретке келтіру.


© 2010-2022