Дауыссыз л мен р

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: қазан 2014 жыл

Пән: қазақ тілі

Пән мұғалімі: Тасыбай А.Қ.

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р

Сабақтың мақсаты: Л, р дыбыстарының сөз басында келгенде жазылу және айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Пәндік нәтиже: дауыссыз дыбыс түрлері туралы алған білімдерін бекіту, үнді дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Сауатты жазуға баулу.

Тұлғалық нәтиже: сұрақтарға толық жауап беруге, шығармашылық жұмыс істеуге баулу.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте

Сабақтың барысы:

Көркем жазу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткенді пысықтау.

Жаңа сабақ.

  • Балалар, бүгін біз дауыссыз л мен р тақырыбымен танысамыз. Л мен р-ны қалай дұрыс жазған дұрыс? деген сұрақтарға жауап іздейміз.

  • Ал, енді осы л, р туралы не білесіңдер? Ортаға салыңдаршы.

Кестемен жұмыс.

  • Дұрыс. Жарайсыңдар. Осы сабақтан не үйренуіміз керек? Үнді дауыссыздар қалай естілсе, солай жазылады. Бірақ кей үнді дауыссыздардың жазылуында ерекшелік бар. Осы сабақтан дауыссыз, үнді л мен р-дың дұрыс айтылуы мен жазылуын үйренуіміз керек.

  • Л, р дыбыстарына сөз ойлаңдар. Бұл дыбыстар сөз басында келетін болсын. (рұқсат, лай,...)

  • Рұқсат, лай сөздерінің айтылуы мен жазылуы бірдей ме?

Оқушылардың өздеріне дауыссыз үнді дыбыстардың айтылу, жазылу ерекшеліктерін өздеріне айтқызуға талпыну.

Ереже: Л, р дыбыстары сөз басында келген жағдайда айтылуында олардың алдында ы,і,ұ,ү дыбыстары қолданылады. Ал жазуда оларды жазбаймыз.

1-жаттығу.

Сөздерді көшір. Жазылуын есте сақта. Л, р дыбыстарының айтылуына назар аудар. Сөздердің мағынасын түсіндір.

3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Салыстыру. Орфографиясын есте сақтау.

Сергіту сәті.

4-жаттығу. Өлеңді мәнерлі оқу.

  • Өлеңдегі сөздер қалай табылды?

  • Қандай өзгеріс болды?

  • Л әрпінен басталатын сөздер қалай айтылады?

  • Осы сөздерді баған түрінде жазу.

Бекіту.

«Кел, ойнайық» жұмбақ жасыру.

Шешуі: сүлгі. Осы сөзбен сөйлем құра. Сүлгі сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Рефлексия.

Суреттегі зат атауларын атап, олардың айтылуы мен жазылуын айту.

Үй жұмысы. 2-жаттығу. 54 бет ереже

Бағалау.

Сабақты бағалау.

Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022