Сабақ жоспары 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сынып

4 «А»

Күні:

2.02.16ж

Мұғалімі

Нұрханова Жанат

Пәні :

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы:

Үлек.Мамытбек Қалдыбаев

Оқу мақсаты Оқушыларды М.Қалдыбаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру. Үлек туралы ұғымдарын кеңейту.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Оқушылар тақырыпты оқи отырып, оқушылар-мәтінді талдай алады;

Оқушылардың басым көпшілігі: Оқушылардың 60 пайызы тақырып бойынша түсінгенін айта және түсіндіре алады;әңгіме мазмұны мен идеясына сай өз пікірін айта алады;

Жекелеген оқушылар: 40 пайыз оқушы жалпы тақырыпты түсінеді. Өз ойын тиянақтай біледі,нақты,толық жауап береді.Алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады;түйеге тән белгілерді топтап айта алады.

Тілдік мақсат

Барлық оқушылар:

Мәтінді түсініп оқып,талдай алады;

Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:үлек-нардың бурасы

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Түйе қандай жануар?-Түйенің төлі қалай аталады?-Түйе туралы нені білдің?

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар

Көпшілік оқушылар

Жекелеген оқушылар

Оқушылар тақырыпты оқи отырып, оқушылар-мәтінді талдай алады;

Оқушылардың 60 пайызы тақырып бойынша түсінгенін айта және түсіндіре алады;әңгіме мазмұны мен идеясына сай өз пікірін айта алады;

40 пайыз оқушы жалпы тақырыпты түсінеді. Өз ойын тиянақтай біледі,нақты,толық жауап береді.Алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады;түйеге тән белгілерді топтап айта алады.

Алдыңғы оқу


II. Үй тапсырмасын сұрау

Үйрену өлеңін жаттау

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Басталуы

Топқа бөліну

Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой қозғау» әдісі

Аудиодан түйенің үнін тыңдау.

-Бұл ненің дыбысы?

Ендеше түйе туралы білетін ойларымызды жинақтау үшін ассоцация әдісі арқылы қорғайды.

-Түйе туралы не білесіңдер?-Түйенің адамға тигізер пайдасы қандай?-Түйеден қандай өнімдер аламыз?-Түйенің қандай түрлері бар?

1.Түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды.Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады. Қазіргі уақытта түйенің бұл түрлері Африкада, Орта Азия мен Батыс Азия мен Батыс Америкада да бар. Түйенің екі түрі бар. Мұның біреуі қос өркешті, екіншісі нар (жалғыз немесе сыңар өркешті үйе).2.Автор туралы мағлұмат беру. Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы «Совет» ұжымшарына қарасты «Қызылжалау» ауылында туған. Шымкент қаласындағы техникалық училищені, педагогика институтының филология факултетін бітірген. Жамбыл облысы, Қордай ауданында мұғалім болған.1964-65 жылдары әскер қатарында қызмет етті. 1970-78 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газеті редаксиясында, кейін «Мәдениет және тұрмыс» журналында еңбек етті. Қазір Қазақ Мемлекеттік университетінде оқытушы, филология ғылымының кандидаты.М. Қалдыбаевтың «Қанат қақты», «ол неге ұялды», «Айна», «Мерей», «Ақжайық әуендері», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады» т.б кітаптары шыққан.Алматыда тұрады.

Қима суреттер





Түйенің суреті

топтастыру











Презентация

Автор суреті

Суреттер

Ортасы

Оқулықпен жұмыс.Тізбектей оқыту.Үлек мәтінін бөлікке бөлу. Бөлімнің мазмұнына қарай бөліктерге ат қою.Жұптарымен талдау,топта талдау.

Бөліктер:1.Үлектің ашуы.2.Мүлкібай атаның түйелерді айдап әкелуі.3.Үлектің атаға бағынуы.4.Үлектің соңдарынан еруі

Дәптермен жұмыс.

1.Түйе жейтін шөптің атауын жазу.жусан,изен

2.Мәтіннен жер су аттарын тауып жазу.Бозаба,Сарапан,Тасқұдық

3.Мәтінді пайдалана отырып үлекке сипаттама жазу.Қорқуды білмейтін,жалғыз өркешті,айбатты,батыл.Үлек малды бір өзі бағады.Нардың бурасы.

4.Мүлкібай атаның бейнесін көрсететін тіркестерді теріп жазу.Қоржиған кіп-кішкентай,ап-арық Мүлкібай ата.Жүрісін,бет-әлпетін,түрін.

Кейінгі тапсырмалар:

1) «фишбоун» әдісі

2)Сатылай кешенді талдау

3) Мақал -мәтелдер айту.

4)Түйені сипаттау

Ойлан-жұптас-талқыла

«Жалғастыр» ойыны арқылы мәтінді толықтыру.

1-топ: Қыс түсісімен ауыл адамдары түйелерін ....., .... секілді сар шөбі мол ....,.....,......, жазығына айдап тастайды.

2-топ:Содан қойшы, ертесіне Мүлкібай атамыз біраз баланы жинап алып, ... ...... үш-үштен мінгестіріп,жазыққа беттеді.

3-топ:..... бақырып,теріс айналып, басын төмен салып, кінәлі .... қашып жүр.

4-топ: Елдің зәре-құтын алатын ......... кіп-кішкентай, ап-арық Мүлкібай атама бағынатыны қалай?-деп сұрадым.

Жеке жұмыс.Түйенің суретін салу.



Әдебиеттік оқу

С.Рахметова

Алматы

«Атамұра»

2015







Тапсырмалар жазылған қима қағаздар

Таратпалар

Тапсырмалар жазылған қима қағаздар


Соңы

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу.

Бағалау

«Бір ауыз сөз» әдісі арқылы кері байланыс беру.

күнделік

Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар

Не сәтті болды?

Не сәтті болмады?

Нені жақсартуға болады?

Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым? Нені өзгертуге болады?







Сұрақтар:

1.Түйелердің жейтін шөбі?

2.Түйелер қыс бойы қайда түнейді?

3.Балалар неге үлектен қорықты?

4.Үлек атайға неге бағынды?

5.Мүлкібай ата бірге бармаса не болар еді?

Себептер:

1.Үлектен қорқады

2.Кішкентай денелі Мүлкібай ата айдап келеді.

3.Үлек атаға бағынады.

Дәлелдеме:

1.Айбары сұмдық,кісіге шабады.

2.Ауыл адамдары мінсе,соғымға сойса.

3.Иесіне бағынады.Үйренген.



© 2010-2022