Өзін-өзі тану пәні. Сабақтың тақырыбы: Шаттыққа толы жүрекпен (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Бекітемін: Пәні: Өзін өзі тану Күні: Сабақтың тақырыбы: Шаттыққа толы жүрекпен Сабақтың мақсаты: Балалардың өзін өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету. «Өзін өзі тану» пәні туралы түсінік беру.Оқушыгның өзіне деген сенімін арттыру.Өзін және бірін бірі сыйлауға тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: үнтаспа, «Өзін өзі тану» елінің суреті, сюжетті суреттер, домбыра, «алтын сақа» (асық), сандықтың сұлбасы.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылармен бірге шаттық шеңберін құрады.

Балалар сендерді көргеніме қуаныштымын.Бір бірімізбен күлімдер сәлемдесейік.

Балалар үнтаспаға қосылып ән шырқайды. Әнші балапан. Білім,ғылым,өнерге Қанат қағар кездерің Ата салтын ертенге Жеткізетін өздерің Жеткізетін өздерің Қайырмасы: Әнші, биші, әнші балапан Әнші, жыршы, күйші балапан Әнші, биші, әнші балапан Әнші, жыршы, күйші балапан

Дәйексөз

«Өмірді тану өзіңді танудан басталады» (халық даналығы)

Халық даналығында «Өмірді тану өзіңді танудан басталады» деп өте орынды айтылған. Себебі өзіңлі адамдармен, қоршаған ортамен, қоғаммен қарым қатынаста тани аласың. Ал адамдарды, қоршаған ортаны, қо,амды және олардағы құбылыстар мен әрекеттерді білу өмірді тану дегенді білдіреді.

Жаңа ақпарат

«Үйренгенім көп менің» деген тақырыпта оқушыларға жаңа ақпарат түсіндіріледі. Бұл тақырып барысында «білім», «қамқорлық», «денсаулық», «әдептілік» тақырыбында оқушыларға суреттер беріледі. Оларды оқушылар құрастырып, әңгіме өрбітуге қажет

Мұғалім:

Адамға білім өте қажет.Білім алу жолында адам құштарлықпен талмай ізденеді.Білімді адам өзінде, өзгелерді де тани алады.

Бірінші байлық денсаулық.Денсаулығы жақсы адамның бойы сергек, оәы таза, көңілі көтеріңкі болады.

Адамдардың бір біріне, табиғатқа, жан жануарларға, құстарға қамқорлығы, табмғмтты аялауы, қорғауы, сүюі, табиғатпен достығы, оның қамқорлығында көрінеді.

Әдептілік сыпайылық, ізеттілік дегенді білдіреді.Ол адамның сөзінен, жүріс тұрысынан көрінеді. Әдепті бала сыпайы, кішіпейіл, ізетті болады.

Жағдаяттарды шешу.

Анасы шаңсорғышпен едендегі кілемді тазалап жатыр, Айдана теледидар көріп отыр.

Немересі киіне бастаған атасына бас киімін таяғын беріп тұр.

Дәптермен жұмыс

«Өзін өзі тану елінің» суретін бояу.

Қорытындылау.

Балалар бүгінгі сабақта адам бойындағы қандай құндылықтармен таныстық?

Достық, білім, әдептілік, табиғатқа қамқорлық құндылықтарымен, сыйластық, сыпайылық қасиеттерімен таныстық.

Жүректен жүрекке.

«Алтын сақа» әрбір баланың арман тілегінің орындалуына, бір бірімен достасып ойнауына көмектеседі. Осы алтын сақаны қолымызға ұстап тұрып, бір бірімізге жылы тілектерімізді айтамыз.

Ашық аспан! Қуанышты күн! Мықты денсаулық!Өзара сыйластық! Жақсы достар тілеймін! Сәт сапар! Және т.б.

Ризашылық әні

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!



© 2010-2022