Есептер шығару, теңдіктер құрастыру

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Есептер шығару, теңдіктер құрастыру,Пысықтау сабағы

Мақсаты:

  1. Оқушылардың есептер шығару, теңдіктер құрастыру, теңдеулер шешу, геометриялық фигураларды топтастыру.
  1. Логикалық ой - өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
  2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ауызша есеп, БжС технологиясының элементтері. Сабақтыңкөрнекілігі: суреттер,карточкалар, фигуралар,интерактивті тақта. Сабақтың типі: пысықтау Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Балалар бізде бүгін ашық сабақ, қонақтар келіп отыр.

«Келгенше қонақ ұялады,

Қонақ келген соң үй иесі ұялады» - демекше ұятқа қалмауға тырысайық.

ә) Қазір математика сабағы. Сабағымызға мультфильмнің кейіпкерлері келді.

- Олар сіздерге таныс па?

Слайдпен көрсету (1 слайд)

- Қай мультфильмнен? (Білгіштер хиқаясы)

-Неге олай атайды?

- Не біледі? (4,5 мысал айту )

Біз де математика сабағына белсене қатысып, білімімізді көрсетсек, білгіштер қатарына кіре аламыз.

II. Ауызша санау

1) Жылдамдық: карточкамен сандарды көрсету ( 2 санын +,

2 санын азайту) хормен жауап беру.

2) «Үндемес ойыны» 5 мысал көрсету, оқушылар жауапты таяқшамен көрсету (7+5; 8+4; 9+3; 6+5; 9+4; 9-2; 8-3; 7-2;

6-3; 12-2) 3) Тақпақты есеп: Бақшаға Жақсы аға Көп-көп Ойыншық Келді алып: Бір балық, Үш есек, Екі үйрек, Төрт торпақ. Болма есепке Сен шорқақ! Жақсы аға Қанша әкелді Ойыншық? (10)

10 санының алдыңғы сандардан қандай айырмашылығы бар?

(2-таңбалы, 0 аяқталады, дөңгелек сандар)

-Тағы қандай дөңгелек сандарды білесіңдер?

4) 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100 (2 слайд)

- 20-ның алдыңғы саны?

- 70-тен кейінгі сан?

- 50-дің алдыңғы саны?

- 90 - нан кейінгі сан?

100-дің алдыңғы саны?

5) Түзу, сәуле, кесінді көрсету (3 слайд)

6) Оқулықпен жұмыс 61 бет 4 тапсырма Кесінділердің ұзындықтарын өлшеу -Ең ұзын кесінді неше см? -Ең қысқа кесінді? Осы кесінділермен есеп шығаруға тырысайық... (карточкаларды тарату, талдау -Есеп неше бөліктен тұрады? )
БжС жумыс дәптерімен жұмыс: № 3 жаттықтырғыш, бет, 5 тапсырма АКШ белгілеу.

5 оқушы орындап, қолын көтереді, + 30 секунд. ( Сарапшылар тексереді. + қояды. Дұрыс орындағандарға отыру орны матрицаға жұлдызшаларды жабыстырамыз ) -Ал енді демалайық... Сергіту сәті Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Қолға қалам алайық, Әдемі етіп жазайық.

7) Дәптермен жұмыс

3,5 жазып шығу

8) Логикалық тапсырма (4 слайд)

-Қай фигура артық? Неге?

9) Геометриялық фигураларды көрсету

(5 слайд) (П-2 бөлім, 5 бет, 6 тапсырма

а) Заңдылық тауып, топтарға бөлу.

ә) Теңдіктер құру, жазу. (Дәптермен жұмыс)

Белгісіз амал компоненті бар тура теңдік теңдеу деп аталады

Теңдеулер шешу БжС технология бойынша 55 бет, № 15

ТКШ, АКШ, ЖКШ орындайды.

5 оқушы орындап, қолын көтереді, + 30 секунд.

Қалам қолда бұл қателік.

Тексереміз... (сарапшылар көмектеседі)

3 теңдеуді дұрыс орындаған балаларға отыру орны матрицаға жұлдызша жабыстырамыз...

Қорытынды (мультфильм кейіпкерлерінің сұрақтары)

Сабақта нені есіңе түсірдің...

Сабақта саған не қызықты болды...

Мультфильм көру.







© 2010-2022