Өзін –өзі тану пәнінен Мастер-класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін -өзі тану пәнінен Мастер-класс

Тақырыбы: Өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру

Мақсаты: 1.Интерактивті технологияларды қолдану арқылы өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін арттыру

2. Өзін-өзі дәріптеу, өзіне сену, өз ойы сөзі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дамыту

3. Күнделікті өмірде мәселелерді шешуге жасампаздық белсенділік таныту, ұжымда бірлесе еңбек ету іскерлігін қалыптастыру.

Барысы:

Кіріспе сөз

  • «Өзін өзі тану» пәні - сан қырлы.
    Айтар ойы, мақсаты оның мазмұнды.
    Жеке тұлға қалыптасса жан-жақты,
    Болашағы болар елдің таң нұрлы.
    Өзін-өзі, өзгені де танитын,
    Мейірімділік, адалдыққа баулитын.
    Сездіретін жүректердің жылуын,
    Шәкіртке де, ұстазға да бұл

жақсы пән тартымды.

  • Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Өзіммен-өзім», «Әңгімелесу», «Тыныштық сәті», «Сахналау», «Ойын-жаттығу», «Жүректен жүрекке», «Жағдаяттар кезінде ойлану», «Дәйек сөздерді талдау» балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.
«Өзін-өзі тану» ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі

Баланы өзін-өзі тану мұғалімдері қиялдауға, армандауға, өз ойын еркін жеткізуге және оларды шаттандыра да білуіміз қажет

  • Менің алдымдағы ыдыста үш түрлі тәтті кәмпиттер салынған. Осы кәмпиттерді таңдап алыңыздар.Енді осы кәмпиттердің түрлері бойынша топқа бөлініп отыруларыңызды сұраймын.



  • Көздеріңізді жұмып, «Мен нағыз білімді ұстазбын,мен бүгінгі сабақта барлық тапсырмаларын орындауға қабілетім жетеді және мен барлық қиындықтарды жеңуім керек» -деп өздеріңізге іштей сөз беріп, жігерлендіріп алыңыздар.



  • Ойқозғау

- Интерактивті тақтада жазылған дәйексөздерге назар аударыңыздар.



  1. «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті. …Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы - қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті».

М.Жұмабаев

  1. «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады»

С.Л.Рубинштейн

  1. «Өркениеттіліктің басты міндеті - адамды ойлай білуге үйрету»

Эдисон

  1. «Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді»

Фуллер Тори Эдвин

  1. «Әрбір бала суретші»

К.Д. Ушинский


- осы дәйексөздерді оқи отырып, тақырыпты анықтау (мұғалімдерді тыңдау)

  • Тыныштық сәті «Бәрі өз қолыңда» (бейнебаян көрсету)

  • Топтық тапсырма (Әр топтың алдына тапсырма берілген)

І топ. Еркін тақырыпта сурет салу

ІІ топ. Ертегіні жалғастыру

ІІІ топ. Жағдаятты шешу, сахналау

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындай отырып, баланы дамытуда қандай әдіс-тәсіл қолданғанын дәлелдеу.

  • Қорытынды

  • Рефлексиялық бағалау.

Ашық сабақ көрсеткен ұстаздардың жұмыстары жоғары бағаланды. Семинарға қатысушылар осы семинар бойынша көптеген жақсы лебіздерін білдірді. Осындай семинардың, тағылымды іс-шараның маңыздылығы, оқушыларды жан-жақты, шығармашылық қабілеттерін арттыру керек екенін танытты. Сауалнама қорытындысы бойынша көптеген қызықты материалдар мен әдіс - тәсілдер, жан - жақты ұйымдастырылды - деген пікірлер болды.

Өзін –өзі тану пәнінен Мастер-классӨзін –өзі тану пәнінен Мастер-класс

Өзін –өзі тану пәнінен Мастер-классӨзін –өзі тану пәнінен Мастер-класс

Өзін –өзі тану пәнінен Мастер-класс



© 2010-2022