Тәрбие сағаты Керемет жетілік

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Керемет жетілікТәрбие сағаты Керемет жетілік "Керемет жетілік"
Мақсаты:технология сабағында үйренген алған білімдерін көпшілікке көрсету және қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеп келешек ұрпаққа үйрету мақал-мәтел айтып жұмбақтар шешкізу. Тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сайыстың өту шартын түсіндіру. Ортаға үш топ оқушы шығады.Әр кезең сайын оқушылар ұпай жинайды.
1-кезең жұмбақ шешеді.
2-кезең мақал-мәтел жалғасын табу.
3-кезең сұраққа жауап беру
4-кезең . жаңылтпаш айту
5-кезең . киім модельін сызу
6-кезең сұраққа жауап беру
7-кезең« кім жылдам?»
Құрметті ойынға қатысушылар, сіздерге сәттілік тілейміз.

1-кезең-жұмбақтар шешу.
1. Тау-тау ақ қар ерімейді ыстықта (Мақта)
2. Тұтқасыз таба жай, ұнатады көп апай (оймақ)
3. Інді көп-ақ қазады, өзі жіптен қашады.(Біз).
4. Іші мақта, тысы мақта, Арасы мақта төртбұрыш сырты қабылған , жатуға табылған.Бұл не?( көрпе)
5. Құрып қойып өрмегін ұршықтарын ойнатып.сәнді мата өрнегін. Жасайтын кім жайнатып? (тоқымашы)
6. Қос таяқ бастары дөңгелек, тұтасты жасайды бөлек-бөлек.(қайшы)
7. Жаһанда 1 құс көрдім жалғыз аяқ.аузына тістегені темір таяқ Бір ұрсақ шапалақпен семіреді.белбеуі бар белінде толып жатқан (Ұршық).
8. Бар екен дүниеде жалғыз көзді.Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
9. Әлемде 18 мың киіндіріп, дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.(Ине)
10. Қолымда бір құсым бар екі басты, аяғын басқан кезде нәрсе қашты, аузын аждаһадай ашқан кезде бөлектеп атып тастар ішкен асты.(қайшы)
11. Адамға сонша пайдалы басында сонша көзі бар (оймақ)
12. Кіруге адам батпайды.аман-есен сақтайды.(сандық)


ІІ - кезең Мақал-мәтелдердің ұйқасын табу.
1. Еңбек оның ішінде өнерлі(еңбек)бақыт
2. Өнерлінің он саусағы (тең)
Өнерсіздің он саусағы (кем)
3. Алтын (балтаның)сабы да ағаш.
4. Көрнекті ісің (үлгі)болады,
Көрнексіз ісің(күлкі)болады.
5. Алтын балта(қол)сәні,
Әшекей кесте(тон)сәні
6. Өнерлінің(қолы)алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
7. Қыздың шебер боларын (бармағынан)білерсің.
8. Өнер тамған он саусақ таусылмайтын( ырысың),
Өнері жоқ он саусақ бар болмай-ақ(құрысын)
9.Қол өнері (кілемде).
Сөз өнері (өлеңде).
10. Киім пішсең кең піш(тарылтуың оңай),
Темір кессең қысқа кес(ұзартуын)оңай.
11. Адам көркі -(шүберек), ағаш көркі -(жапырақ)
12. Істі ине тікпейді икемді (қол)тігеді.


ІІІ кезең бойынша сұраққа жауап алу керек.
1.Ауруға ем сауға қуат беретін қандай сусын?(қымыз).
2. Қандай қаланың атауын білесіңдер басы сан, ортасы адам мүшесі аяғы астың дәмін келтіретін тағамның бір түрі.(Екібастұз)
3. Бұл көкөністен барлық ауру қашады оның емдік қасиеті ертеден белгілі, жесең дәрі - дәрумен.(пияз)
4. Оңынан да солынан да оқысаң өзгерісі жоқ ұ лттың атауы.(Қазақ)
5.Жесең жеміс болады, қыздардың атауы.(Алма)
6. Жеті қазынаны ата?(ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, ұшқыр тазы, берен мылтық)
7. Жеті жоқ туралы не білеміз?(жерде өлшеуіш, аспанда тіреуіш, тасбақада талақ, Аллада бауыр, таста тамыр, жылқыда өт, құста сүт жоқ).
8. Жеті атаны ата.(бала, әке, ата, арғы тат, баба, туа ата, тек ата).
9. Барқыт тектес матаның атауын ата, бұл атау қыз балаға есім ретінде қойылады және адамның шашына байланысты әдемі теңеуі бар атау(Мақпал-шаш).
10."Өлді деуге бола ма айтыңдаршы
Өлмейтұғын артында із қалдырған деген сөздің авторы кім?(А.Құнанбаев).
IҮ кезең.Жаңылтпаш
1Майға нан бұлғар, жай бұлғағанша қол бұлғар.
2. Есет ет асатар, ет асатса - бес асатар.
3. Кенеден кенеп шығар, кенептен елек шығар.
Електен кебек шығар, кебектен керек шығар.
4.Көп гүлдер түпсіз бе, түпті ме,
Көп кілемдер түксіз бе түкті ме?
5.Бұранданы бұрандалай алмады, бұрандалауға бұлар қарай алмады.
6.Ұлы таулар - ұлары көп,
Ұларалы тұрары көп.

Ү кезең Ұлттық киім үлгісінен сурет салу.(киім үлгісінің атауын толық сипаттап түсіндіру)
Келесі ойынымызға қатыса беруге сәттілік тілейміз.
ҮІ кезең.Сұраққа жауап алу.
1.Дастарханға әкелетін ең қадірлі ас.(Нан)
2.Бір қарын майды не шірітеді?(Құмалақ)
3.Адамға есім ретінде қойылатын маталардың атауын ата?(Мақпал, жібек, қырмызы)
YII кезең бойынша «Кім жылдам?»

Оқушылар еңбек құралдарын пайдалана отырып, белгілі бір бұйым жасайды.

Қорытынды сөз
Қазылар алқасының және ұстаздардың пікірі.

"№ 8 жалпы білім беру орта мектебі" КММ


4 "А" сынып

Сынып жетекшісі:Жетписбаева Фатима


Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік «Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, туған жер, Отан туралы өз ойларын, көзқарастарын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға елін, жерін, Отанын қорғауға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сурет, слайд, кесте, авторлардың портреттері.
Сабақ түрі: жаңа білімді беру сабағы.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ жауап, баяндау.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды сабаққа даярлап, оқу - құралдарын реттеу.
- Ана тілі - көңіліңе гүл егер,
Ана тілі - ғұмырым деп біле бер
Өзге тілде сөйлей білу - бір өнер,
Өз тіліңде сөйлей білу - шын өнер,- деп ақындарымыз жырлағандай, ана тілі сабағын бастайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
- М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңі жатқа айту

3. Үй тапсырмасын қорыту.
Топтастыру стратегиясы бойынша:
М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын қорытындылау.
9. 02. 1931ж Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылы 10 - 11 жасынан өлең жаза бастады
1948 ж ауыл орта мектебін бітірді 1976ж 27. 03 Алматы қаласында болды ұлы ақын, аудармашы Еңбектері «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Жан азасы», «Өмір өзен» «Қарлығашым келдің бе?
2008ж М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. 2011ж оның 80жылдығы Қазақстан бойынша аталып өтілді.

4. Жаңа сабақ.
Сұлу дала!
Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Біз өткен сабақта Қазақстан, Отан туралы жырласақ, бүгін туған жеріміз туралы жырлаймыз. Қ. Жұмағалиевтің «Туған өлкем» өлеңі.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын сұрау).

Қайрат Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Батыс Қазақстан Орда ауданы Басқұдық ауылы
көрнекті қазақ ақыны
«Сарыарқа» журналының редакторы
Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі
«Тұңғыш»өлеңдері (1964ж) «Жанар» өлеңдері (1966ж)
16. 09. 1937ж

5. Оқулықпен жұмыс.
1) Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
2) Өлеңді оқи отырып, таныс емес сөздерді белгілеп отырады.
3) Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуы.
4) Сұрақтарға жауап алу
6. Сөздік жұмыс.
Кермиық - асыл, жақсы, әсем.
Ықылым күн - өткен күн.


7.Шығармашылық тапсырма:
Оқушыларды топқа бөліп, тапсырма орындату.
1) Туған жер туралы өлең шығар

2) Туған жерді көркейтуге сен қандай үлес қосасың?

3) Табиғат туралы мақал - мәтел, тыйым сөз жазу.
4)Біздің Маңғыстау облысы Республикаға несімен танымал?

8. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.
9. Қорытынды. Бағалау.



Тәрбие сағаты Керемет жетілік

Тәрбие сағаты Керемет жетілік


Тәрбие сағаты Керемет жетілік

© 2010-2022