Конспект урока по казахскому языку на тему Тағам түрлері (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тағам түрлері

Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларды тағам түрлерімен таныстыру,

2) ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, оқушының дүниетанымын кеңейту, ауызша ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту, сөз тіркесін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру
3) туған жерін, елін, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, математика
Қолданылатын көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, тақырыптық суреттер, карточкалар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу. Оқушылардың зейінін сабаққа бағыттау.

Оқушылар дауыстап бірге айтады.

  • Алақанды ашайық,

Күннің жылуын салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Таза ауа салайық.

Жинаған бар жылуды

Бір-бірімізге шашайық.

ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

Мұғалім жұмбақ жасырады

Дәмді, дәмді тағамдарды жинайды.

Қонақтарға көңілдене сыйлайды. (Дастарқан)

  • Қандай тағамдарды білесіңдер?

  • Аналарың қандай тағамдар дайындайды?

  • Бүгін сабақта тағам түрлерімен танысамыз.

ІІІ. Фонетикалық жаттығу

  1. Жаңылтпашпен жұмыс

Арқада алты арқар бар,

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда ақ арқар бар.

Алты арқарда марқа арқар бар.

  • Оқу үлгісі, мазмұнын түсіндіру;

  • Дауыстап бірге оқу;

  • Шапшаң оқу сайысы.

  1. Көркем жазу

Жаңылтпашты дәптерге көшіріп жазу, қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

ІV.Жаңа тақырыппен жұмыс

1.Сөздікпен жұмыс (43-бет)

- оқу үлгісі;

- дауыстап бірге айту;

- сөйлем құрастыру.

2. Топтық жұмыс

1-топ - ұн тағамдары

2-топ - ет тағамдары

3-топ - сүт тағамдары

4-топ - ботқалар

5-топ - сусындар

Әр топқа сөздер беріледі, өздерінің тақырыбына байланысты сөздерді теріп жазады, сөйлем құрастырады.

Мәтінмен жұмыс (43-бет, 2-тапсырма)

Әр топ мәтінді оқып, аударады, сұрақтар құрастырады.

Топтар бір-біріне сұрақтар құрастырады.

V. Сергіту сәті

VІ. Бекіту

44-бет, 4-тапсырма төрт сөйлем құрастыру

Парталас оқушылар бір-бірін тақтадағы үлгі бойынша тексереді.

Жұптық жұмыс

«Қай жұп шапшаң?» ойыны

Оқушыларға тізбек әріптер беріледі, соның ішінен тағам атауларын табу.

Аппрмәнтікенпалаучсмитұшпара

Ячсмборщфывқуырдақмитетлжде

Ботқатимвасүтапрокеспесмитмай

VІІ.Қорытындылау

  • Бүгін сабақта не үйрендік? Есімізге түсірейік.

Тесттік сұрақтарға жауап беру

  1. Ет тағамына не жатады?

а) айран т) мәнті л)сәбіз

2. Нан неден жасалады?

а) ұннан л) сүттен д) еттен

3. Шырын ол -

а) жеміс б) ботқа ғ) сусын

4. Палауды неден дайындайды?

а) күріштен в) картоптан л) ұннан

5. «Дәмді» сөзінің аудармасы

ә) сладкий м) вкусный л) кислый

кілті: Т А Ғ А М

VІІІ . Бағалау

ІХ.Үйге тапсырма беру: 44-бет, 6-тапсырма

© 2010-2022