Ашық сабақ Ауа құрамы (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Ауа құрамы (4 сынып)Ашық сабақ Ауа құрамы (4 сынып)Ашық сабақ Ауа құрамы (4 сынып)Ашық сабақ Ауа құрамы (4 сынып)Ашық сабақ Ауа құрамы (4 сынып)Ашық сабақ Ауа құрамы (4 сынып)Дүниетану Ашық сабақ күні: 12.12.14

Тақырыбы: Ауаның құрамы

Максаты:

Білімділік: ауа құрамы туралы түсінік беру ,ауаныңсезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын, өз сөзімен ойын жеткізе білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік:Өзара достыққа ,бірлікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.тәжірибе жасау

Көрнекілігі: Суреттер, тірек сызба,шар май шам

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: «Бәйге » ойыны

-Табиғаттағы су қалай ластанады?

-Ластанған судың ағзаға әсері қандай болады?

- Арал мен Балқаш неге тартылып кетті деп ойлайсың?

-Ішуге жарамды су қанша пайызды құрайды?

-Суға қандай зиянды қалдықтар түседі?

-Суды қорғауға өздерің қандай үлес қосар едіңдер?

-Арал теңізіне құятын өзендер?

-Өткен тақырып бойынша қандай ой тұжырымдайсыңдар? «Су- тіршілік көзі». Суды сақта, үнемде!

- Судан да артық адам өміріне қажеттілік не деп ойлайсыңдар!

-Ауа

- Ендеше ауа туралы не білетінімізді еске түсірейікші?

иіссіз дәмі жоқ түссіз

АУА

көзге көрінбейді мөлдір

-Балалар ауа жайлы тереңірек білгіміз келе ме?

-Ендеше балалар бүгінгі жаңа тақырыбыз «Ауаның құрамы»

-Ауаның құрамы жайлы білгіміз келе ме?

-Оқушылар бүгін бізге қонаққа химия пәнінің мұғалімі Аманжолова Айжан Аманжолқызы келді .

- Қане өзіміз дайындап келген сұрағымызды қояйық!

-Ауаның құрамында не бар?

-Оттегі деген не?

-Көмірқышқылгазы деген не?

-Сонда ауаның құрамында пайдалы да зиянды газдар болғаны ма?

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Ауаның құрамы болады. Ол үш түрлі газдардың қоспасы. Газдың иісі де, түсі де болмайды, себебі ауаның құрамына кіретін газдардың түсі ,иісі болмайды. Ауадағы ең көп газ -азот,ол ауаның үштен екі бөлігін құрайды. 78 пайызы азот, 21 пайызы оттегі, 1 пайызы ғана көмірқышқыл газы .Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз. Ауа қабығына келетін болсақ, Жер шарын ауа тегіс қоршап, қабат түзеді.Оның қалыңдығы бірнеше жүз км жетеді. Осыған қарағанда біз газдан тұратын ауа мұхитының түбінде өмір сүреміз. Ауа қабығы бірнеше қабаттан тұрады. Жерге жақын бөлігінде су буынан бұлттар түзіледі, яғни атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіріліп,жауын-шашын жауады.Екінші бөлігінде газдар сирейді. Бұлттар түзілмейді, өйткені су буы өте аз. Ал үшінші сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңістік басталады. Ауа қабаты -Жердің қорғанышы. Ол жерді қатты ысып немесе суынып кетуден сақтайды

-Ой тастау

-Балалар Ауа неге таусылып қалмайды? Жұмсалған оттегінің орнын жасыл өсімдіктер толтырып отырады.

-Осыдан біз қандай тұжырым жасаймыз! «Ауадай қажет» деген ұғым осыдан өмір тәжірибесінен алынған.

-Тәжірибе жасаймыз!

1. Шарды үрлеп, бүйірінен қысу- бұл ауаның сығылуы.

2. Допты еденге ұру, қайтара ыршуы-бұл серпілуі.

3. Шырақты жағып оны банкамен жабу- ауа тұншығады.

VII. Бекіту

Кесте толтыру

Бұрыннан білетінім

Білгім келеді

Білдім

Түссіз

Ауаның құрамы жайлы?

Азот, көмірқышқыл газ, оттегі

Иіссіз

Тәжірибе жасау

Сығылуы, серпімді, тұрақты пішімі жоқ

Дәмі жоқ

Таза ауа және лас ауа топтастыру

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 64-бет оқу, мазмұндау

Бағалау

Қаралды

© 2010-2022