Поурочный план әдебиеттік оқу 2 класс на тему Бақша достары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Әдебиеттік оқу. 2 класс. Өткізілу мерзімі: Сабақтың тақырыбы:Бақша достары. (Ыбырай Алтынсарин) Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімдерін жетілдіру.Тіл байлықтарын арттыру. Сөздік қорларын дамыту. Бөліктерге бөлу. Эссе, шығарма, мазмұндамаға үйрету.Сауатты ойын қағазға түсіртуге баулу. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үй тапсырмасын тексеру. 3. Жаңа тақырып Бақша ағаштары Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екуеі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. -Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?- деп сұрады баласы. -Оның себебі, балам, анау ағашты бағу- қағумен өсірген. Ал мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, -деді атасы. - Олай болса, бағу- қағуда көп мағына бар екен ғой,- деді баласы. - Бағу- қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым. Мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады. Сен- жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем деймін. Ал сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтіресің, жақсы түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз, бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді. Сұрақтар мен тапсырмалар: Әбірет- тәлім-тәрбие, үлгі. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімеле. Баланың әкесі мінезін неге ұқсатады? Оқып бер. Мәтіндегі баланың өміріне өнеге болатын не: 1) әке сөзі; 2) бақшадағы ағаштар; 3) гүл жапырақтары. 1-сыныпта оқыған «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін есіне түсіріп жатқа айтып бер. Дәптерде берілген тапсырмаларды орында. Мақал Ақыл- ауыздан, Мерей- көзден. Үйге тапсырма беру Бағалау Қорытындылау Рефлексия
Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылыбұлақ ауылы Жылыбұлақ негізгі білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Медетова Мүслима Теміртасқызы.





© 2010-2022