Әдебиеттік оқу 2 сынып. Тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер. Л. Толстой

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 2 сынып. Тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер. Л.ТолстойӘдебиеттік оқу 2 сынып. Тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер. Л.ТолстойӘдебиеттік оқу 2 сынып. Тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер. Л.ТолстойӘдебиеттік оқу 2 сынып. Тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер. Л.ТолстойӘдебиеттік оқу 2 сынып. Тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер. Л.ТолстойӘдебиеттік оқу 2 сынып. Тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер. Л.ТолстойӘдебиеттік оқу

Сабақ өтілетін күні:

13 мамыр 2015 жыл

Сабақ тақырыбы:

Өрттен құтқарушы иттер. Л. Толстой.

Жалпы мақсат:

Табиғат апаттары жайында түсінік беру. Мәтін мазмұнын меңгерту.Өртті болдырмау, өрттен сақтану шараларын түсіндіру.

Нәтижесі:

1.Тірек сөздерді таба біледі.

2.Мәтін мазмұнын толық түсінеді.

3.Табиғаттағы апаттар жайында ақпарат алады.

4. Өртті болдырмау, өрттен сақтану шараларын біледі.

Сабақта қолданылған модульдер, әдіс-тәсілдер:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Блум таксономиясы.

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу 2 сынып Атамұра .2013жыл.

Интернет материалдары: бейнероликтер.

Сабақта қолданылатын материалдар:

PowerPoint презентациялар ,слайд, түрлі түсті қағаздар стикерлер, маркерлер, бетшелер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімніңіс-әрекеті

Оқушыныңіс-әрекеті

Психологиялықдайындық

Үйтапсырмасын тексеру

Білу

«Кір жаятын жіп» әдісі

Оқушыларға «Найзағай» мәтіні бойынша тірек сөздер жаздырту.

Оқушыларды қызыл, сары, көк түсті қағаздар таңдату арқылы топқа бөлу.

«Миға шабуыл»

Ребус шешу.

Табиғат апаты

Жаңа сабақты меңгерту

Лев Толстой туралы мәлімет беру.

Стартер: Өрт жайында бейнебаян

Үй тапсырмасы бойынша жазған тірек сөздерді айтады, мәтін мазмұнымен сәйкес келетін жерін әңгімелеп береді, сөзді іледі.

Түстерді таңдау арқылы оқушылар топқа бөлінеді, топ ережесін еске түсіреді.

Табиғат апаттары жайында білетіндерін еске түсіреді, айтады.

Автор туралы мәлімет алады.

Бейнебаян көру арқылы сабақ тақырыбын ашып алады.

Түсіну

«Джигсо» әдісі

Мәтінмен жұмыс

  1. Жеке оқу

  2. Жұппен бір -біріне түсіндіру

  3. Топқа түсіндіру

Оқушылар мәтінді жеке түсініп оқиды;

Жұппен бір-біріне түсіндіреді;

Баяндамашы топқа түсіндіреді.

Сергіту сәті

«Өрттен сақтану шаралары» жайында бейнекөрініс көрсету.

Бейнекөрініс көру арқылы өрттен сақтану шараларын біледі.

Қолдану

Талдау

« Қолдағы сұрақ-жауап» әдісі

-Қалаларда өрт кезінде қандай жағдайлар жиі кездеседі?

-Өртте қалып қойған балалар не істейді?

- Өртте қалған балаларды көруге не мүмкіншілік бермейді?

- Өрт болған жағдайларда пайдалану үшін Лондонда нелерді үйреткен?

- Иттер кімдермен бірге болады?

- Өрт болған жағдайда өрт сөндірушілер итті қайда жұмсайды?

- Лондонда ит неше баланы аман алып қалған?

- 12 баланы өлімнен аман сақтап қалған итті қалай атаған?

- Бірде не өртенді?

- Өрт сөндірушілер келгенде алдарынан кім шықты?

- Әйел не айтты?

- Өрт сөндірушілер өртенген үйге нені жұмсады?

- Боб қайда кіріп кетті?

- Бес минуттан соң не болды?

- Қыздың анасы қызын көргенде не істеді?

-Бобқайта- қайта қайда ұмтыла берді?

- Бобты өртенген үйге тағы неге жіберді?

- Боб не алып шықты|? Жұрт неге күлді?

Оқушылардың қолына бір жағына сұрақ, екінші жағына жауап жазылған парақшалар таратылып беріледі. Бір оқушы қолындағы сұрақты бастап оқиды.

Барлық оқушы сол сұрақтың жауабын іздейді.Қай оқушы сол сұраққа жауабын тапса сол жауап қайтарады да, өзіндегі сұрақты қояды. Солай талқылау жалғаса береді.

Жинақтау

Бағалау

Топпен жұмыс

1 топ: Өртті болдырмау шаралары.

2 топ: Өрттен сақтану шаралары.

3 топ: Өрттен сақтандыру құралдары.

Оқушылар топпен тақырыптары бойынша жұмыс жасайды, постер жасап қорғайды.

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу. Мәтін мазмұны бойынша сурет салу.

Оқып түсінеді, сурет салады.

Кері байланыс

Тақырып бойынша түсінген, түсінбегенін стикерге жазып ілу.



© 2010-2022