Қазақ тілі ашық сабақ жоспары Қ. Аманжолов Қазақстан

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі ашық сабақ жоспары Қ.Аманжолов Қазақстан №14 орта мектеп-гимназиясы

2 «Б» сынып мұғалімі

Нуртазина К.С

Әдебиеттік оқу 2-сынып

Тақырыбы: Қазақстан. Қасым Аманжолов
Мақсаты: 1. Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
2.Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау
3.Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: интерактивтік, сұрақ - жауап, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка,қазақ тілі
Көрнекілігі:интерактивті тақта , оқулық, дәптер,семантикалық карта, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі

Қонақтармен амандасу

2.Психологиялық дайындық

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Бүгінгі сабақта әрқайсысыңның жұлдыздарыңның жарық болуына тілектеспін.Сондықтан да әр берілген дұрыс жауап үшін жұлдызша алып отырасыңдар. Сол жиналған жұлдызша бойынша бағаланамыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту

1. -16 желтоқсан қандай күн?

Өлеңді жатқа сұрау (3-4 баладан)
2. -Балалар,өткен сабақта кім туралы оқыдық?
-Қайрат кім? Ол қандай адам?

-Қайраттың жазу дәптерінен үзіндіні тыңдайық.
-Қорқу, сескену сөздерін Қайрат қалай түсіндіреді?
-Қорқақтық деген сөзді қалай түсіндіреді?
-Енді, ізденіс жұмыстарына кезек берейік,

Қайрат туралы тағы не білеміз?
3. «Ол ақын еді» Қайрат қандай өлеңдер жазыпты?
Қайрат өлеңінен үзінділер айтқызу.
Желтоқсан құрбандарынан тағы кімдер туралы білесіңдер?
(Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев,Сабира Мухамеджанова)
Қайрат,Ербол,Ләззат сынды азаматтардың арқасында Қазақстан тәуелсіз, егеменді ел болып отыр.Біз осы ағаларымыз бен әпкелерімізді әрқашан құрметпен еске алуымыз керек.
Ендеше ,балалар,осы азаматтарға деген құрметімізді бір минут үнсіздікпен білдірейік.

II.Жаңа сабаққа кіріспе

Балалар,бір сәтке көзімізді жұмып мына бір күйді тыңдайық.

«Сарыарқа» күйін тыңдау.

Балалар,бұл кімнің күйі? Осы күйді естігенде көз алдыларыңа не елестеді?

Кең дала,асқар таулар, шауып бара жатқан ат,айдын шалқар көлдер, осының бәрін бір сөзбен қалай атауға болады? (Отан)

Ендеше мына сөзжұмбақты шешіп жаңа тақырыпты ашайық.

1.Қыста не жауады? (қар)

2.Көмір шығаратын қала (Қарағанды)

3.16-желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік)

4.Ләззаттың тегі қалай аталады? (Асанова)

5.Қазақтың ұлттық сусыны (қымыз)

6.-----жер,нулы жер (сулы)

7.Жаздың соңғы айы (тамыз)

8.Отанымыздың бас қаласы (Астана)

9.Байлық сөзінің баламасы (қазына)

-«Қазақстан» деген сөз шықты.

Ал, мынау біздің еліміздің картасы.Еліміз,жеріміз туралы не білеміз?

Қазақстан туралы не білеміз? Озық тапсырмалар

Балалар,Қазақстан туралы қандай өлеңдер білеміз? 1-сыныпты еске түсірейік.

III.Жаңа сабақ

«Ұлы тұлға» ,
- Балалар, бүгін біз тағы бір отансүйгіш ақынмен танысамыз. Ол осы жылы 103 жасқа толып отырған, халқымыз «Қыран қанатты» деп баға берген Қасым Аманжолов аталарың.
Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Осы кезге дейін танысқан басқа авторларымыз сияқты ол да мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын. Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған шығармаларды қазақ тіліне шабыттана аударатын аудармашы да болған.
Ол - 1941 - 45 жылдары өткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын. 1955 жылдың 18 қаңтары күні ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болады.
Қазір, осы Қасым атамыздың «Қазақстан» деген үлкен шығармасынан үзінді оқып, танысамыз.
1.Мұғалімнің оқуы (үнтаспадан оқуы)
- Өлең ұнады ма, балалар?
- Не туралы айтылған екен?

- Ұнаса, енді өзіміз оқып шығайық. Қолдарыңа қарындаш алып, түсініксіз сөздердің астын сызып отыруды ұмытпаңдар.

2. Іштен оқыту

3. Сөздік жұмысы
Балқаш - Балқаш өзені маңындағы өндірісті қала(картадан көрсету)
Қас тағдырдың қиқаңы - қиындықтың ауыртпалығы
Т. б. оқушылар таныс емес деп тапқан сөздермен жұмыс жасау.
4. Кітаппен жұмыс
Әр шумақты әр балаға кезекпен оқыту
Сергіту сәті

IV.Жаңа сабақты бекіту

5.Мәтін бойынша жұмыс

Өлең неше шумақтан тұрады?
- Қалай ойлайсыңдар, ақын бұл өлеңде нені мақтан еткен?
(Қазақстан жерінің кеңдігін, қайнаған еңбекті, қасиетті жерін, халықтың кеңпейілділігін, еркіндігін мақтан еткен.)
-«Бақытты қазақ баласы»деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?
- Кім маған мәтіннен ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқып береді?
- Ақын неге қуанып тұр, неге шаттанып тұр деп ойлайсыңдар?

(Еркін,азат,ешкімге тәуелді емес екендігіне қуанады)
6. «Бірге ойланайық»
-Оқулықтарыңның 98 - бетіндегі 5 - жаттығуға көңіл аударайық.
(Слайдтан көрсетіп, ауызша орындаймыз)
Жеріміз сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Қасиетті жеріміз, киелі жеріміз, Қазақпыз сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Кең далалы қазақпыз.
Кең пейілді қазақпыз.
Намысы сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Ел намысы.
Азат сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Азат жігіт
Азат қыз.
Құл сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Құл емеспіз.
Жанбыз сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Еркін жанбыз.
7.Дәптермен жұмыс

Осы сөз тіркестерді Қазақстан сөзімен байланыстырып сөйлем құрап көріңдерші?
(Қазақстан біздің қасиетті жеріміз. Қазақстанның даласы кең. т. с. с)
IV.Жаңа сабақты бекіту

2.Топтастыру стратегиясы

Қазақстан сөзіне байланысты сөздерді топтастырып жіберейік (тақтаға жазу- кең далалы,киелі жер,Назарбаев, Астана,қасиетті,еркін, туған дала,бақытты адам,қазақ т.б.)

3.Шығармашылық тапсырма

Қазақстан сөзінен жаңа сөз жасау (қазақ,қаз, аз,қас,тас,сақ,нас, ақ,тақ,ата,сақа,сана,тана,Астана,аза,наз,саз,таза,нақ,қан,сан,азақ.)

-. Ал, енді осы, Қазақстан сөзін қандай сөзбен алмастырып айтуға болады, тауып көрейікші?
(Отан, туған жер, атамекен...)

4 .Семантикалық карта

1. «Қазақстан» өлеңінің авторы кім?

а) Қ.Аманжолов б)Т.Молдағалиев в)М.Мақатаев

2. Біздің жеріміз қандай?

а)қасиетті б)киелі в)қасиетті

бақытты үлкен киелі

3.Біз қандай қазақпыз?

а)кең далалы б)кең пейілді в)кең дала

кең пейілді кең көлді кең қала

4.Біз қандай жанбыз?

а) еркін б) азат в)намысты

азат таза еркін

5.Өлеңде қай көл туралы айтылады?

А)Арал б) Байкал в) Балқаш


Бағалау.Жұлдызшаларды санау.
Үйге тапсырма: «Қазақстан» өлеңін жаттау.Шығарма жазу
8. Рефлексия
Қане, мына тақтадағы өлең жолдарын тиісті сөздермен толықтырып оқып жіберейік:
... болғым келеді, жер байлығын ақтарған.
... болғым келеді, гүл жасайтын тастардан.
Асқақтаған... болып, шалқып тұрғым келеді.
Жарқыраған... болып, балқып тұрғым келеді.

Керекті сөздер: ғалым, жалын, күй, күн.


- Ендеше мен сендерге
- ғалымның ізденімпаздығын;
- жалынның күштілігін;
- күйдің шабытын;
- күннің жылуын тілеймін!

Қазақстанымыз әрқашан өркендей берсін!

Көк тудың желбірегені (ән)



© 2010-2022