Я дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Я дыбысы бар сөздерді оқып, жаза білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқып, мазмұнын сурет арқылы жеткізуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, ойын арқылы ой-өрістерін, білімдерін толықтырып, сөйлеу мәдениетін дамыту.

3. Оқушылардыбас әріппен жазылатынсөздерді есте сақтауға, таза, көркем жазуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Я дыбысының баспа, жазба түрі. Слайд. Ойын көрнекіліктері, смайликтер. Сызбалар.

Сабақтың әдісі: Сәбіз жинау, алма жинау ойындары,сөздік жұмысы, жұмбақтар шешу, сергіту сәттері. Миға шабуыл.

Сабақта қолданылатын технология: Дамыта оқыту.

Пән аралық байланыс: Дүниетану, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу.

Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық: Оқушылар:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Мұғалім:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Қонақтарды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Қане, балалар, орнымызға отырайық.

Көңіл-күйді анықтау.

Балалар, бүгінгі сабаққа деген көңіл - күйіміз қалай? Алдымыздағы смайликтер арқылы көңіл-күйлеріңді білейін.

Топқа бөліну. «Балаларға базарлық»

Балалар, мен сендердің жақсы оқып, таза жазып жүргендеріңді ескере отырып, сендерге бүгін базарлық конфеттер әкелдім. Қане, бір-бірден ала қойыңдар.

Конфеттің түсіне қарай 5 топқа бөлініп отырады.

2.1. Үй тапсырмасын тексеру: (сұрақ қою арқылы)

Миға шабуыл: Балалар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (Я)

Я дыбысы қандай дыбыстардың қосарлануы арқылы жасалып тұр?(Я=и+а; 2дыбыс, 1әріп)

Я дыбысы - дауысты, қосарлы дыбыс.

Я дыбысы мен әрпі

Ендеше, балалар, бізге өткен сабақтағы қоянымыз сендерге арнап өзінің сәбіздерін әкеліпті. Сіздерге сәбіз ұнай ма? Ендеше сәбіз жинауға атсалысайық.

2.2.«Сәбіз жинау» ойыны. Сәбіздің артындағы сөздерді оқиды. әр оқыған бала бір сәбізден алады.

Я дыбысы мен әрпі

2.3. Ұя өлеңін жатқа сұрау.(2-3 оқушыдан)

3.1. Жаңа сабақпен өткен сабақты байланыстыру:

Сызбаға әр топ я дыбысы бар сөздерді жапсырады, қорғайды.

Я дыбысы мен әрпітақия

ЯЯ дыбысы мен әрпіЯ дыбысы мен әрпі ұя

Сия

3.2.Жаңа сабақ: Күннің жадын, тақырыпты жазу.

Бағандағы сөздерді оқыту. Әр топтан бір оқушы оқиды. Сәбізбен

Я дыбысы мен әрпімарапатталады.

3.3. Сөздік жұмысы: Ұят, қария

Я дыбысы мен әрпі

3.4. Жұмбақтар:

Я дыбысы мен әрпі

Балалар, осы сөздердің ішінде бір аңның аты бар, соны кім табады екен? (қоян)

Ендеше, балалар, менің сендерге таныстырайын дегенім не туралы болмақ? (қоян)

Оқып, түсіндіру.

Сергіту сәті: Қоян өлеңін қимылмен жасау.

3.5. Суретпен жұмыс: Әңгімелету.

3.6. Кісі, жер-су аттарын таныстыру.

Я дыбысы мен әрпі

3.7.Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі сөздерді жазғызу.

3.8. Сергіту сәті: Би - билеу.

4.1. Жаңа сабақты пысықтау, қорыту. «Алма жинау» ойыны

Әр алманың артында бір сөзден бар. Соны оқып мағынасын түсіндіру. Әр топтан бір оқушы шығады. Сәбізбен мадақтау.

Я дыбысы мен әрпі

Рефлекция. Қане, бүгінгі сабақта қоянымыздан қаншалықты сәбіз жинадық?

Балалар, бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Қандай әсер алдық? Өз көңіл-күйлерімізді смайликтер арқылы көрсетелік.

Я дыбысы мен әрпі

5.Үй тапсырмасын беру: Бағандағы сөздерді оқу, Сұр қоян, кісі, жер-су аттарын жаттау.

6,Бағалау.

Қарақұдық орта мектебі

Я дыбысы мен әрпі

Тақырыбы: Яя дыбысы мен әрпі


Жасақтаған: Нұрғараева С.А

1«Б» сынып мұғалімі


2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022