Қазақ тілі. Бекіту сабағы (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі Қалалық олимпиадада өткізген ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бекіту сабағы.

1. Білімділік мақсаты: Сан есім жайлы алған білімдерін санада қайта жаңғырту, тиянақтау.

2.Дамытушылық.

Балалардың сауаттылығын, сөз байлығын, шығармашылығын дамыту.

3.Тәрбиелігі:

Ізденімпаздыққа, әділдікке, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бөлім тақырыптары, астарлы түрде берілген мақал, өлең, бейне сөздер, күн суреті, топ аты, топтастыру схемасы, Венн диаграммасы.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, проблемалық.

Пән арқылы байланыс: ана тілі, математика.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіздер ме, балалар? Ең алдымен өзімді таныстырып өтейін. Менің аты-жөнім: Толепбергенова Амангүл Шаймарденқызы. Сонымен қатар сендерге бүгін қонақтар келіп отыр. Бүгін сендердің сыныптарыңда қазақ тілінен ерекше сабақ болады. Сабақты мен сендермен бірге жүргіземін. Сондықтан бір-бірімізбен жақынырақ танысу үшін ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық.

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрамыз.-деп орындарыңа жайғасып отыра қалыңдар.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

  • Балалар, киіз үйдің пішіні қандай (дөңгелек)

  • Дөңгелек сөзі киіз үйдің несін білдіреді? (пішіні)

  • Ендеше сын есім дегеніміз не еді? Ережесін кім айтып жібереді?

  • Ойымызды топтап жіберейік.

Қазақ тілі. Бекіту сабағы (3-сынып)

(түрі, түсі, сапасы, дәмі, пішіні, көлемі, салмағы қандай? қай?) негізгі туынды.

ІІІ. Ой қозғау.

  1. Киіз үй неше бөліктен тұрады? (үш)

  • Үш сөзі заттың несін білдіреді? (санын)

  • Үш қандай сан есім? (есептік)

  • Киіз үйдің бірінші қай бөлігін құрады? (кереге)

  • Екінші қай бөлігін құрады? (уық)

  • Үшінші қай бөлігін құрады? (шаңырақ)

  • Осы сөйлемдегі сан есімдерді атаңдар? Сұрақ қойыңдар.

  • Олар қандай сан есім? (реттік)

  • Сан есімдерге тағы қандай сұрақтар қоюға болады? (нешеу)



  1. Ендеше балалар сендерді де 3 топқа бөлініп белсене жұмыс істеуге шақырамын.

1 топ «Алғыр», 2 топ «Дарын», 3 топ «Зерде» болсын. Сендер ана тілінен билер туралы әңгімелер оқып жатыр екенсіңдер. Үш жүздің басын қосқан қандай билерді білесіңдер?

  • Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би астарлап сөйлесе білген әділ шешендер. Ендеше бүгінгі сабақта сендер де үш тарауға бөлінген сан есімге байланысты астарлап берілген тапсырмаларды орындайсыңдар.
1-ші тарау «Ойлы болсаң, озып көр» 2-ші тарау «Шешен болсаң, шешіп көр» 3-ші тарау «Тапқыр болсаң, тауып көр» Әр топ өзіне ұнаған ұяшықтарды таңдайды. Астарлы тараулардың алдында оқулықпен жұмыс. 495 - жаттығу (ауызша) Екеуіміз, бес, үш, бір, екі, біреуі. Сан есім ережесін айтқызу.



1-ші тарау «Ойлы болсаң, озып көр» 1-ші ұяшық: бес әріппен таңбаланатын қай сан есім (сегіз, тоғыз) 2-ші ұяшық: Оң оқысаң да, теріс оқыса да бірдей мағынада айтылатын қай сан есім? (қырық). 3-ші ұяшық: 3,5,7 сандары жайлы не білесіңдер?

Сергіту сәті:

Екі қанат қазда бар, Қаз іздесең суға бар. Екі қанат құста бар Мықты болсаң ұстап ал.

Дәптермен жұмыс.

  • Бүгінгі күнді жазу.
467-жаттығу. Алтыншы мектеп, үшінші трамвай, екінші қатар, бесінші үй (сөйлем құрату) 1 сөйлем жазғызу.

2-ші тарау «Шешен болсаң, шешіп көр»

1-ші ұяшық Мақалды оқы.

6 н балдақ қол сәні Әшекей кесте т10 сәні,

2-ші ұяшық өлеңді оқы.

Де 1 екен 1 қазан Кел, жемді же, 1 қазан.

1-ақ сәтте қойды жеп,

Кү 1 етті: Тойдым 1 кез дү1ді Жағадағы тү 1 жі Паналауға жүгірді.

3-ші ұяшық Жұмбақты құра, шеш. ... қазық, ... желі, ... ноқта Сөйлейді шежіредей адам соқса. (домбыра) 496 - жаттығу (ауызша) Қырық -сан есім, қырық -етістік.

3-ші тарау «Тапқыр болсаң, тауып көр» 1-ші ұяшық
СЕ 16 СЕ 30 СЕ 4 СЕ 130




Қазақ тілі. Бекіту сабағы (3-сынып)2-ші ұяшық

7 су

Қазақ тілі. Бекіту сабағы (3-сынып)Қазақ тілі. Бекіту сабағы (3-сынып)Қазақ тілі. Бекіту сабағы (3-сынып)3-ші ұяшық

Тұз

IҚазақ тілі. Бекіту сабағы (3-сынып)V. Бекіту. Венн диаграммасы

Сан есім

V. Қорыту. Күнді ортаға қойып, шапағын балаларға сөйлем құрата отырып, құрау. 1 қатар есептік 2 қатар реттік 3 қатар 1 есеп 1 рет

  • Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?
  • Сан есімнің өмірде қандай маңызы бар?

VI. Үй жұмысы «Екінің жақсылығы» шағын әңгіме.

VII. Бағалау. Жинаған шаршылары бойынша бағалау.

3-топты алғыс хатпен марапаттау.

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

№21 жалпы орта білім беретін

мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Толепбергенова Амангүл Шаймарденқызы

© 2010-2022