Даярлық тобы тіл дамыту

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы:Балалардың аты- жөні,мекен- жайы,отбасы туралы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Баланың өзінің аты-жөні, мекен-жайы, отбасы,туған жерітуралы айтуға үйрету. Дамытушылық: ойларын тиянақты жеткізуді, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік:Үлкендерді құрметтеуге, бірін бірі тыңдай білуге тәрбиелеу. Сабақтың Түрі: дәстүрлі емес Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ- жауап,әңгімелеу, түсіндіру Сабақтың көрнекілігі:сурет Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен мандасу,сабаққа дайындығын тексеру; Психологиялық ахуал: -Балақайлар, орнымыздан тұрып мені тыңдап , соңымнан қайталаңдар.

Қайырлы таң деп айтамыз,

Бір болып қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз. -Жарайсыңдар,осындай жақсы көңіл- күймен сабағымызды бастаймыз. Орнымызға отырайық.

Жаңа сабақ

-Балалар, сендер қызыл телпекті білесіңдер ме?

Ол қызыл телпек ертегісінің кейіпкері.

-Балалар, бүгін бізге қонаққа Қызыл телпек келіп отыр. Қызыл телпек бірінші сендермен танысып алғысы келеді.

-Балалар танысамыз ба?

-Сенің атын кім?(барлық бала жауап береді)

Балалардың сұрақтарға толық жауап беруін қадағалау.

-Қызыл телпек енді сендердің неше жаста екендерінді сұрағысы келеді.

-Ал,қанеки кім нешеде екенін айтқысы келеді?

-Сен нешедесің?

-Туған күнің қашан?

-Қай айда туған күнің?

Жақсы балалар,бәрін біледі екенсіндер!

-Балалар,ал сендер кімдермен бірге тұрасыңдар?

Әке -шешелеріңмен тұрасындар.

-Әкеннің аты кім?

-Анаңның аты кім?

-Ата -анаң қайда жұмыс істейді?

-Кім болып істейді?

Балалар,қызыл телпек сендердің жастарыңды, аттарыңды, кімдермен тұратындарыңды біліп алды. Жақсы.

-Еңді бәріміз тақтадағы суретке қарайық. Суретте кімдердің суреті берілген?

-Иә,дұрыс отбасының суреті берілген.

-Бұл отбасында неше адам бар?

-Отбасына кімдер кіреді?

-Дұрыс,ата,апа,әке,ана және балалары.

-Ал,сендердің отбасыларында неше адам бар?

-Сенің аған бар ма? -әпкен ше?

-Балалар,енді кім Қызыл телпекке өз отбасы жайлы әңгімелеп беремін дейді?

-Жарайсыңдар,балалар сеңдердің отбасы жайлы әңгімелерін Қызыл телпекке ұнап қалды..

Сергіту сәті

-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық

-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі. -Жақсы, балалар, отырыңдар. Балдырғандар, Қызыл телпек сендердің де үйлеріңе қонаққа барып қалуы мүмкін. Ол үшін сендердің мекен- жайларыңды біліп алғысы келеді. Сондықтан оны ренжітпей сұрақтарына толықтай жауап береміз. -Қонағымызға қайда тұратынымызды айтамыз ба? -Сен қайда тұрасың? -Сен қай көшеде тұратыныңды білесің бе? Көшенің аты қалай? -Сен тұратын үй қандай? Көп қабатты ма, әлде жер үй ме?

(Балалардың жауабы тыңдалады.)

-Жақсы, тамаша балақайлар. Енді Қызыл телпек сендер жайлы бәрін білетін болды. Ол бізге жиі қонаққа келіп тұрады.

Ойын ойнату

-Қане, барлығымыз ойын ойнайықшы. «Бірдей түсті қолғаптар мен бас киімдерді сызықша арқылы қосу» -Ал, кім тақтаға шығып қосамын дейді? Керемет, жарайсыңдар!ойынды бәріміз жақсы ойнадық. Қорытынды -Балалар бүгін біз не туралы әңгімелестік? Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? -Балақайлар бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сұрақтарға да тамаша жауап бердіңдер. Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

© 2010-2022