Шешендік өнердің әліппесі курс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Мектеп директоры : Жаниева Г.Т.


« Шешендік өнердің әліппесі »



1-сыныпқа арналған

таңдау сабақ бағдарламасы



Мұғалім: Шоқаева А. Т.







2014-2015 оқу жылы








































Түсінік хат

Бүгінгі күн талабы өскелең ұрпақтың бойындағы рухани бай-лығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашы-лығын, білімділігін жоғары қояды .Оған тек жас шыбықтай жай-қалып өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың бойына шындық пен қайырымдылық, сенім мен сүйіспеншілік сияқты абзал қасиеттер-ді сіңіріп, қоршаған ортамен өзара үйлесімділікті орнықтырған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз.

Қазіргі кездегі бала тәрбиесіндегі негізгі мақсат - ол бүгінгі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық санасы бар азамат тәрбиелеп өсіру болып табылады.

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов :«Ел боламын десең, бесігіңді түзе » деген . Ал бесіктен басталатын тәрбиенің бірден-бірі - қазақ ауыз әдебиеті. Шешендік өнер болса, ауыз әдебиетінің бір саласы.

Оқушыларды мектеп табалдырығын аттағаннан бастап дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойлауға, сөздің мағынасын түсінуге тәрбиелеу керек. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін « Шешендік өнердің әліппесі » атты таңдау сабақ бағдарламасын алдым .

« Шешендік өнердің әліппесі » атты таңдау сабақ бағдарлама-сы оқу жоспарына сәйкес, аптасына 1 сағаттан , жылдық саны-33 сағатты құрайды .






Мақсаты:

Оқушыларды адамдар және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасауға; адамдарға көмек көрсетіп, мейірімді, қамқор болуға; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болуға; ісіне адамгершілік танытуға және оған жауапты болуға; түрлі мәселе-лерді сындарлы түрде шешуге; тапқырлыққа ,әділ, шешен болуға тәрбиелеу.


Міндеттері:

  • оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
  • өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
  • өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;
  • өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
  • күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде
жасампаздық пен белсенділік таныту.

Нәтижесі: Осы бағдарлама арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттері жетіледі. Балалар сыныптастарымен, ұстаздарымен, жалпы ұжымда еңбек етуді, қарым-қатынас, ынтымақтастық, өзара түсіністік, сыйластық сияқты құндылықтарын меңгереді. Мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, шыншылдық сияқты адами қасиеттердің мәнін түсініп, өз ойын, сезімін, алған әсерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады. Шынайы достық және қарым-қатынас қуанышының мәнін сезінеді, құрбыластары мен үлкендер арасындағы достық пен сыйластықты бағалай біледі және осы бағдарлама арқылы көркем, шебер сөйлеуге үйренеді.

« Шешендік өнердің әліппесі » атты таңдау сабақ бағдарламасы көзделген мақсаттарыма жету үшін түрлі бағыт-бағдар береді.

Тақырыбы

Сағат

Мерзімі

1-2

Адамдардың қарым-қатынасы

2

06, 13.09

3

Амандасудың түрлері. Қош келдіңіз

1

20.09

4

Ата-бабамыз қалай амандасқан

1

27.09

5

Маңдайшалардағы суреттер мен жазулар

1

04.10

6

Бау-бақша

1

11.10

7

Сөз ренжітеді. Сөз жұбатады

1

18 10

8

Сөз күлдіреді

1

25.10

9

Қоштасу. Сағыныш

1

01.11

10

Таңдану,қуану,ренжу,мұңаю,

қорқу

1

15.11

11

Кел, санамақ айтайық

1

22.11

12

Сөйлейміз және тыңдаймыз.

Оқимыз, жазамыз

1

29.11

13


Дауыс екпіні.Қатты-ақырысөйлеу

1

06.12

14

Дауыс ырғағы. Спорт алаңында

1

13. 12

15


Дауысынан тану

1

20. 12

16

Көңіл-күй

1

27.12

17

Алғыс

1

10. 01


18

Телефон арқылы сөйлесу

1

17.01

19

Әдептілік белгісі

1

24. 01

20

Мәтін. Кім туралы ?

Не туралы ?

1

31.01

21

Аты-Жауабы.Тақырыбы,аты.

Жұмбақтар

1

14.02

22

Ұқсастық. Кітаптың аты, атауы

1

21.02

23

Теңеу. Әр түрлі тақырыптар

1

28.02

24

Кешірім сұрау

1

07.03

25

26

27

Кешірші. Не үшін?

Таныс бейтаныстар

Ең маңызды сөздер

1

1

1

14.03

04.04

11.04

28

Мәтіннің негізі

1

18.04

29

Ертөстік туралы ертегі.

Мәтін қалай жазылады?

1

25.04

30

Мәтіндегі тыныс белгілер

1

02.05

31

Өлеңдегі сөздердің ұйқасуы

1

09.05

32

Өтініп сұрау

1

16.05

33

Тапқырлық. Тілден артық не бар, тілден жаман не бар?

1

23.05

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Бастауыш мектеп №7 2013 ж.

2. Бастауыш мектеп №2 2014 ж.

3. « Шешендік өнердің әліппесі » жұмыс дәптері

Ерешева К., М.Құлкенов

Алматы: Өлке баспасы 2013 ж.








© 2010-2022