Урок на тему Б дыбысы мен әрпі 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нурканова Кенжегүл Нуркановна

Бастауыш сынып мұғалімі

Қ.Дамитов атындағы орта мектебі

Үлкен Нарын ауылы

Катонқарағай ауданы

Пән: Әліппе.

Тақырыбы: Бб әрпі, дыбысымен танысу.

Мақсаты: Б әрпін,дыбысын таныту,ол арқылы берілген сөздер мен буындарды оқытып ,жазуға үйрету.

-жұмбақтар жасыру арқылы баланың ой-өрісі мен тілін дамыту,сөздік қорларын молайту.

-таза ,көркем,сауатты жазуға үйрете отырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құралдар:оқулық, «Әліппе серігі» ,кеспе әріптер,көрнекі материалдар,суреттер.

Сабақтың түрі:саяхат сабақ.

Сабақтың типі:жаңа білім беру сабағы

Әдістемелік тәсіл:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.ойын

Сабақ барысы:

I ұйымдастыру сәті.

«шаттық шеңберінде» қол ұстасып тұрып.бір-біріне ізгі тілек, ниеттерін гүл сыйлау арқылы жеткізу. Арнайы суреттерді таңдау тәсілімен 2 топқа бөлу

I топ «Ботақан»

II топ "Балапан»

Бүгінгі өтетін сабағымыз барлығы да өтетін әріппен байланысты болмақ. «Бала шақтан-болашаққа» деген тақырыпта саяхат сабағымызды бастаймыз.Біз дүниеге келген күннен бастап, түрлі аялдамаларға тоқтай отырып,Болашақ деген ұлкен әлемге жетуіміз керек.

1-аялдама «Бөбек»аялдамасы.

II. Бұл жерде өткен сабақты еске түсіреміз.Онда мынадай тапсырма бар.

-Қандай әріппен,дыбыспен таныстық?

2 топқа 2 сөйлем айтқызып,тақтаға жазғызу.

Мақта ақ.

Мал далада.

Сызбамен көрсету,дыбыстық талдау жасау. Бұл аялдамадан жақсы өттік.Келесі аялдама «Балабақша».Онда жасырылған жұмбақты табуымыз керек.Осы кезде сыныпқа ақа кіреді,қолында конверт.Ішіндегі жұмбақтарды оқиды:

1.Жезге үқсас сабағы,

Дәні-халық тамағы (бидай )

2.Аузы бар,тілі жоқ

Терісі бар, жүні жоқ.

Қанаты бар ұшпайды

Су астында ұйықтайды.(балық)

3.Оймен кәне өсейік

Ойлы жұмбақ шешейік

Оқысаң аласың

Оқымасң наласың

Ол не? (білім)

Шешуін тауып буынға бөлу,1-буынды бөліп алу: би-дай,ба-лық,білім.

Сөз басында біз танымайтын қандай дыбыс естідіңдер?

Бы

Хормен айтамыз.Ерніміз бір-біріне нық тиіп,артынша кілт ашылуынан пайда болатын дыбыс.Сөздің басы мен ортасында кездеседі.Баспа,жазба түрлерін көрсету.

Екі киіз үй макетіне жақындау «Қызыл отау» «Көк отау»

«Қызыл отауға» келсек әдемі музыка әуені естіледі.

Өте көңілді той болып жатса керек. Ал 2-үй тым-тырыс.

Көңілді әуен естілген үйдің есігін қағамыз. Тук-тук-тук

-Оу, мұнда үлкен той ғой.

Мында кімдер тұрады? Өте көңілді, әнші дыбыстар естіледі ғой.

-Біз дауысты дыбыстармыз, қанша созсақ та созыла береді, сондықтан әуелетіп ән саламыз,-дейді.

-Бұл көңілді әріптер әлемі болды ғой. Онда неше ағайын болдыңыздар?

-Бізде орыс тіліне енген 4 әріпті қосқанда 15 ағайындымыз. Біз өте тату тұрамыз. Бірақ у әрпі бірде дауысты, бірде дауыссыз қызметін атқарады. Ал, мына зәулім үй неге тым-тырыс. Неге көңілсіз? Т ук-тук-тук. Жым-жырт. Бұлар бір жаққа қыдырып кеткен бе?

-Біз дауыссыз дыбыстармыз, біздің дыбысымыз созуға келмейді, сондықтан біз жай сөйлейміз. Дауысымызды созбаймыз, мұнда сабырлы әріптер тұрады.

-Сендер неше ағайынды боласыздар?

-Бізде орыс тілінен енген бірнеше әріп, бауырларымыз бар. Жіңішкелік, қатаңдық белгілерін қосқанда 42 әріп бар. Барлығымыз тату-тәттіміз.

-Ендеше, Б дыбысын қай отауға қосамыз.

Көк отауға қосамыз.

Жұмбақ шешу арқылы жаңа дыбыспен, әріппен таныстық.

3-аялдама «Бастауыш» аялдамасына келдік. Онда мынандай тапсырма бар екен. Оқулықпен жұмыс. Қалай оқитындарын көру. Оқып беру.

-Хормен.Жекелей.

Әр тапсырма сайын 2 топты мадақтап, жұлдызша беру.

Сергіту сәті:

Көп балықтар жүзеді

Мөлдір, таза суларда

Бірде иіледі, бірде жазылады

Дем алады жағада

4-аялдама «Білім» аялдамасы. Үлгі дәптермен жұмыс.

Тақтаға жазып көрсету

Ауаға жазу. Үзбей жазу. Жақсы жазғандарды мадақтау.Ары қарай жолға шығамыз.

5-аялдама «Болашаққа» келдік.

Бекіту. Балапандар мен балықтарға көмек көрсету.

2 топ тақтаға шығып «б» дыбысынан басталатын сөздер айтып көмек көрсету.

Мадақтап, жұлдызшалар тарату.

Бүгінгі сабақта сендер өте жақсы қатысып, білімдеріңді көрсеттіңдер.

Болашақта да сендер осындай тақтаға жинаған жұлдызшаларың сияқты аспанның көгінде жарқыраңдар деп тілек тілеп, «Болашақ» аялдамасынан Бекжанның апасынан бата алады.

Қорытындылау. Бағалау.

Үйге тапсырма «Әліппе серігінен» б дыбысына байланысты 1 шумақ өлең жаттау, оқу.




© 2010-2022