Әдебиеттік оқу пәнінен Балалардың бақыты тақырыбындағы ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Сыныбы: 2 а

26.11.2015 ж

Әдебиеттік оқу

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы


Балалардың бақыты. Сырбай Мәуленов


Мақсаты

C.Мәуленовтың «Балалардың бақыты» өлеңімен таныстыру арқылы мағұлмат беру.Өлеңнің мазмұны мен негізгі идеясын ашу.

Күтілетін нәтижелер


А) Өлең мазмұнын әңгімелей біледі

В) Кейіптеу сөздерді ажырата алады.

С) Өлең мазмұнын түсінгендерін айта алады,өз ойларын дәлелдейді

Тапсырмалар

СТО стратегиясы,постер қорғау,ыстық орындығы, жұптасып - ойлан бөліс, сұрақты ұстап ал әдісі, шыншыр әдісі , стикер арқылы бағалау, бағдаршам , АКТ , дарынды балалармен жұмыс,өзін-өзі бағалау,топтық бағалау,кері байланыс

Керекті жабдықтар

«Әдебиеттік оқу» оқулығы, С.Мәуленовтың суреті, ақ қағаз, маркер, стикерлер,смайликтер,аудиозапись,суреттер,жалауша

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Қызығушылықты ояту

Психологиялық тренинг

Біз бақытты баламыз

Күннен шуақ аламыз

Қарап алып жан- жаққа

Шат- шадыман боламыз

Біз бақытты баламыз

Топқа бөліну.

Бағалау парағы үлестіріледі. .Критериилері түсіндіріледі


Оқушылар орындарынан тұрып мұғаліммен амандасады,шаттық шеңбер арқылы өздерінің бақытты екенін сөзбен жеткізу және оқушылар үш топқа әр түрлі смайликтер арқылы бөлінеді.

Топ басшыларын

сайлайды.


Тұсаукесер

Үй тапсырмасын тексеру

« Сұрақты ұстап ал » әдісі арқылы сұрау

1 - топқа

1.Ахмет атайдың немересі кім?

2.Мұрат қандай бала?

3.Мұрат қандай кітаптарды оқиды?

4.Мұрат кітап оқығанда қандай көңілде болады?

5.Оқиға қандай өзеннің бойында болып жатыр?

2 - топқа

1.Бала Мұраттың арманы қандай ?

2.Су - электр станциясы қалай аталады?

3.Өкіл - уәкіл деген кімдер?

4.Мұрат өзін қайда алуды өтінді?

5.Көп ұзамай не басталды?

3- топқа

1.Іле бөгеліп неге бет алды?

2.Мұрат арманына қалай ұмтылды? Қуанышын кіммен бөлісті?

4. Ахмет атайдың батасы қандай?

5 Мәтінді аударған кім?

Теңізші болу үшін қандай болу керек?


Оқушылар өткен сабақтарды естеріне түсіреді сұрақтарға жауап береді.

Жеке -жеке оқып топта талдау, сұраққа жауап беру.

Сәтті жауап бергендеріне мақұлдайтын 3 рет шапалақтау.


Топтасады, талқылайды

Негізгі бөлім

Жаңа сабақты түсіндіру

Ой қозғау (Аудиожазба)

М.Мақатаев сөзіне жазылған «Бақыт деген»өлеңді тыңдау арқылы ой тастау.

- Балалар не туралы тыңдадыңыздар?

- Бақыт деген не?

Балалардың бақыты деген не?

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Балалардың бақыты»

Оқулықпен жұмыс

1.Өлеңді өз беттерімен оқиды

2.Өлеңді топта талдау, топта оқыту

3 Өлеңді бөліп оқыту

«Шыншыр» әдісі (тізбектей оқу)

Дәптермен жұмыс

Қараша айының жиырма алтысы

Сырбай Мәуленов.Балалардың бақыты

Сырбай Мәуленов өмірімен таныстыру.

1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай қаласында дүниеге келген. Ол кісі ақын,әрі аудармашы.Тұңғыш жинағы 1948 жылы жарық көрді.Оның «Жасыл орман», «От пен су», «Жаңбырлы күз» атты шығармалары жарық көрді.

Ноутбуктен автордың суретін,өмірін таныстыру,

Сергіту сәті

Топпен жұмыс

1 топ. Бақыт туралы жазылған өлеңнің ұйқасын аяқтап жазу.

Біз бақытты баламыз

Шырқап әнге саламыз

Білім алып әрқашан

Алғыр біздің бағамыз

2 топ Біз бақытты баламыз суреттер салу.

3 топ.Мақал - мәтелдерді ретімен постерге дұрысын жапсыру.

Шығармашылық жұмыс.

Осы «Балалардың бақыты» өлеңін қара сөзбен өз ойын айту.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы

Талантты мен дарынды оқушыларды анықтау.

Тақырыпты бекіту үшін жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қойылады.

1.Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе?

2.Балалар қай кезде бақытты болады?

3.Бақытты сәттеріңіз жиі болып тұрама?

4..Біз қандай жаңа ақпарат алдық?

«Бақыт»сөзін топтастыру

Кері байланыс


Тақырыпты түсінеді

Топтасады,талқылайды.

Өз беттерімен оқу.

Топпен жұмыс

Топтасады,талқылайды

Дәптермен жұмыс

Дәптерге тақырыпты жазады.

Оқушылар автордың өмір жолымен танысады.

Ақынның суретімен,өмір жолымен танысады.

Оқушылар постер қорғайды.

«Бағдаршам» әдісі мен бағалау.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс айту»

Өз ойларын айтады.

Оқушылар « Ыстық орындық» әдісі арқылы өз ойларымен жауап береді.

Сұраққа топтасып жауап береді.

Оқушыларға постерге топтастырып жазады.

Кері байланыс.Стикерге өз ойларын жазу.

Қорытынды

Ой қорыту

Сонымен, біз қандай тақырыппен таныстық?

Өлеңді жаттау. «Мен бақытты баламын» бес жолды өлең құрастыру.

Критериалды Әр топ өздерінің топ мүшелерін бағалайды. Қорытынды бағаны айтады.

Оқушылар сұрақтарға қызығушылықпен жауап береді

Бағалау

Формативті бағалау

Стикер арқылы бағалау

Оқушыларды мадақтау жарайсың бәрекелді, өте жақсы.

Тәтті кәмпиттер беру.

Формативті бағалау

Стикер арқылы бағалау

Оқушыларды мадақтау жарайсың бәрекелді, өте жақсы







© 2010-2022