Әдебиеттік оқу Мектеп біздің анамыз (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


№3 Сабақтың тықырыбы: Өтебай Тұрманжанова «Мектеп біздің анамыз»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Өтебай Тұрманжановтың өмірімен таныстыра отырып,оның шығармашылығы туралы айту.Өлеңнің негізгі идеясы-білім,білім көзі мектеп,кітап екендігін ұғындыру,білім алуға ынталандыру.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін,сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушыларды білімді болуға, мектеп ережелірен және мектепті өз үйіндей таза ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психалогиялық кезең:
ІІІ. Үй тапсырмасын сқрау:
Ы.Алтынсарин туралы не білеміз?
Қандай өсиет қалдырды?
Өлеңді жатқа сұрау.
ІІІ.Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ
а/ Ө.Тұрманжанова туралы түсінік.
Ө.Тұрманжанова 15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылына дүниеге келген.Оның шығармалары өте көп.Балаларға арнап ертегі,әңгімелер жазды.
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.
А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:
1. Өлең не туралы? Сурет пен өлеңді салыстырып көр.
2.Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген??
3.Балалардың көңіл-күйі қандай?
4.оқудың алғашқы күні екенін неден аңғардың?
Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары:
1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле.
2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:
1.Өлеңді оқып ақын қолданылған сөздерді пайдаланып,сурет бойынша әңгіме құрастыр.
б/ Дәптермен жұмыс
сөздік жұмыс жүргізу.
ІҮ. Түсінгендерін тексеру:
1.Ө.Тұрманжанов туралы не білдік?
2.Күз мезгіліндеігі алғашқы күн қандай мереке?

Ү. Қорыту: Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.
ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқып кел.Бағалау.

© 2010-2022