Тәрбие сағаты. 2 сынып. Біздің Отанымыз-Қазақстан

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Курчатов қаласының мектеп-гимназиясы» КММ




«Менің Отаным - Қазақстан!»



1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тәрбие сағаты

2 «А» сынып

























Бастауш сынып мұғалімі

М.А.Кабдыкаримова







2015-2016 оқу жылы





Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан!


Мақсаты:
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Отанын, туған жерін қорғай білуге, ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілік: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, билердің суреттері.

Әдіс: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірме мәлімет, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық тәрбие беру.


Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

І бөлім

Бүгінгі «1 Қыркүйек-білім күніне» арналған тәрбие сағатының тақырыбы «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға саламыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан Республикасының Президенті Кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президентінің алғы сөзі (қысқаша түсініңтеме беру)

Қадірлі халқым! Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!

ІІ бөлім-ҚР рәміздері

Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

-Балалар ,сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атймыз.Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.

-Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт ұшып келе жатыр.

-мынау-елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

Еліміздің рәміздерін атайық.
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.
Жобасын жасаған - Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары - Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?

-Астана қаласы

-Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,

Астанамыз Астана -бас қаламыз.

-балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?

Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.

ІІІ бөлім

Қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын.

«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент.

Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.
«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы

ІҮ бөлім - Картадағы менің өлкем

- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
Оқушыларға өлең жолдары жазылған карточкалар таратылады (оқушылар орындарын тұрып дауыстап оқиды)


Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.


Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.

Ү бөлім-Қазақстан Астанасы

- Қазақстан Республикасының бас қаласын атаңдар. (картадан көрсеу)

Астана қандай қала?

-Біздің елемізде тағы қандай қалалардың аттарын білесіңдер? ..........................
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)

ҮІ бөлім-Қазақстан табиғаты

- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол. (ҚР картасымен таныстыру)

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?


1. Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туған жер - алтын бесік.
4. Туған жердің топырағы да ыстық.

ҮІІ бөлім-Тұрмыс және мәдениет Адам баласы үшін - отбасы мейірімділіктің қайнар көзі. Ол отбасынан адам баласына қажетті тәлім-тәрбие, өмір заңдылықтарын осы ортадан алады. Сондай-ақ үлкенге құрмет кішіге ізет, ізеттілік, инабаттылық, адамгершілік және имандылық міндеттерін өз санасына құяды. Отбасы - сүйіспеншілік пен мейірімділік ошағы. Қазақ ата-бабамыз «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп отбасы тәрбиесінің жобасын байқап отырған. Балаға туған тілі, жері, салт-дәстүрі, тарихын үйлесімді мейірімділікпен шектестіре отырып, санасына құйып отырған. Сондықтан да қазақ халқы «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Көргендікті әуелі көп алдында өзің көрсет. Балаңды да, тәрбиеленушіңді де бетімен жіберме. Бесіктен белі шықпаған сәби шағынан жақсылыққа үйрет, жамандықтан жирент. «Бас мүлгісе, аяқ сүрінеді» дегендей, ең әуелі өзің үлгі бол, ұрпағың сонда ғана өнегелі тәрбие алады деп жалпы тәрбие мәселесіне, әсіресе, жақсы тәрбиенің игі ықпалына қазақ халқы өте-мөте үлкен мән берген. Халқымыздың педагогикалық қағиданы парасатты мақал-мәтелдер арқылы шебер бейнелейтініне тәнті боласыз. Мәселен, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Өнеге көші өлшеусіз», «Жақсы атты тай жағалайды», «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» т.б. Қазіргі кезде көп ата-ана баламыз компьютерді, ағылшын тілін меңгерсе болды жетілген тұлға болады деп ойлайды. Ең алдымен әрбір бала адами тамаша қасиеттерді бойына жинақтаған дұрыс адам бола білуі шарт. Сонан кейін ғана білімін тереңдете алады. Адамдардың адами рухани-адамгершілік құндылықтарының орнындағы кемшіліктерді ешқандай да академиялық білімдердің толықтыра алмайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

ҮІІІ бөлім-Қазақстандағы космос

Жалпы, Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аймағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық станциялары, сондай - ақ, зерттеу - барлау жұмысын жүргізуге арналған «Космос», ғылыми - тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологтардың бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Горизонт», «Радуга», «Метеор», т.б. ЖЖС - тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ - лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994,1998) болды.

Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ.Тоқмұхамедов, Б.Межіғұлов, Т.Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә.Исмаилов, М.Құлымгереев, Қ.Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б.Құлмырзаев, М.Мұқанов, т.б. болды.

Қазақстан космосқа, космос Қазақстанға етене жақын болып алды. Бірде Тоқтар орбитадан алғаш рет қазақша сөйлеп, космос әлеміне қазақ сөздерін таратқан болса, енді бірде Талғат қазақ әнін айтып, Абайдың «Қаламқасын» ол орбитада, Президент жерде тұрып қосылып шырқады. Бұл ғажап құбылыс, ғажап қуаныш! Басқа еш жерде болмаған оқиға!

ІХ бөлімСалт-дәстүрлер

Қазақ халқының салт-дәстүрі туралы не білесіңдер?

Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан

Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды.

Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін - «Қуыс үйден құр шығармайтын».

Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайыдастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен бөлшесінен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына көмектесуі болып табылады.

Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі - асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі біржұмысын бітіріп береді. Әрбір қазақ суға кетіп бара жатқан адамға жәрдем қолын созуға, қиналған адамның өтінішін орындауға, шөлдеген адамға сусын беруге міндетті. Рулас адамдар жоғалған немесе ұрланған малды бірлесе іздеген.

Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейқұм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайқұмассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар - базарлық ала келетін. Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын. Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Мұның өзі, бір жағыман, тағамға дегенқұрметті білдірсе, екінші жағынан, болып өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың да дәм татып, қатысты болғанын сезінуге тәрбиелейді.

Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын әдет-ғұрып та болған.

Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам езгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс.

Х бөлім-Қазақ хандығына 550 жыл

- Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады? (Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы).
- 2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойланады? (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы).

«Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс - шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.
Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Тарих - ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағымызды бастайық.

ХІ бөлім-Қазақ халқының ағартушылар

«ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы зиялы қауым өкілдерінің педагогикалық көзқарасы» туралы нақтырақ, жан-жақты білу мақсатындағы ізденісімізді қазақ халқының ірі тұлғлары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардан бастадық. Себебі Шоқан, Ыбырай, Абай мұралары ұлттық тәрбие беруде сіңірген еңбектерінің зор екендігін дәлелдей алады. Олай болса, бүгінгі қазақ мектептері үшін олардың еңбектері қандай деген сұраққа: ол патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы шыққан Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы, Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхаметұлы т.б. ұлт-азаттық көтерілісіне үндес күрескерлер, патриоттар деуге болады. Қазақ батырлары білекпен, қарумен күрессе, Ыбырай, Абай, Шоқан бастаған ағартушы-демократтар тәуелсіздік үшін білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу арқылы жүзеге асырды. Яғни отаршылдық саясатқа қарсы күрес «білектің күші емес, білімнің күші» арқылы іске асты. Әсіресе Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұраларының ықпалымен қазақ халқында тәуелсіздік үшін күресушілердің жаңа легі: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев т.б. көші басталды.

ХІІ бөлім-Қазақстан Республикасының мерекелері

  • Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.

  • Мемлекеттiк мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.

  • Кәсiби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.

Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:

күн-айы

атауы

қаңтардың 1-2

Жаңа жыл (мемлекеттік мейрам)

қаңтардың 7

Иса Мәсіх туған айты (демалыс күн)

зу-л-хидж 10 [2

Құрбан айт (демалыс күн)

наурыздың 8

Әйелдердің халықаралық күні (мемлекеттік мейрам)

наурыздың 22

Наурыз мейрамы (мемлекеттік мейрам)

мамырдың 1

Қазақстан халық бірлігі мейрамы (мемлекеттік мейрам)

мамырдың 7

Отан қорғаушы күні

мамырдың 9

Жеңіс күні (мемлекеттік мейрам)

мамырдың 31

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

маусымның 4

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күні

маусымның 23

Полиция күні

маусымның 3-ші жексенбісі

Медицина қызметкері күні

маусымның соңғы жексенбісі

Баспасөз, теледидар және радиохабар күні

шілденің 6

Елорда күні (мемлекеттік мейрам)

шілденің 3-ші жексенбісі

Металлург күні

тамыздың 1-ші жексенбісі

Көлік пен байланыс қызметкерлері күні

тамыздың 2-ші жексенбісі

Құрылысшы күні

тамыздың 3-ші жексенбісі

Спорт күні

тамыздың соңғы жексенбісі

Кенші күні

тамыздың 30

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні (мемлекеттік мейрам)

қыркүйектің 1

Білім күні

қыркүйектің 1-ші жексенбісі

Мұнай мен газ кешені қызметкерлері күні

қыркүйектің 3-ші жексенбісі

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

қыркүйектің 28

Қазақстан Республикасы атом саласы қызметкерлері күні

қазанның 1-ші жексенбісі

Оқытушы күні

қазанның 25

Республика күні

қарашаның 15

Ұлттық пұл күні

қарашаның 3-ші жексенбісі

Ауыл шаруашылық қызметкерлері күні

желтоқсанның 16-17

Тәуелсіздік күні (ұлттық мейрам)

желтоқсанның 3-ші жексенбісі

Қуатшы күні




Қорытынды

Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық. Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім - тәрбиесі зор ойлар айта білген. Қазір қазақ халқының үш биінің сөзіне назар аударалық.

Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.


Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!


Қорытынды:
Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!


Қазақстан - қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері - ұлан - байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең - байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.
Ақын - жазушыларымыз
Қандай сұлу, қандай көркем,
Осы менің туған өлкем! - деп тамсана жырлаған.

Елбасы жайындағы кітаптардың қатары тағы бір туындымен толықты. Бүгін Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған кезекті кітап жарық көрді.

400 беттен тұратын туындыны жазуға Ресейдің кіл мықтылары атсалысыпты. Шығармашылық одақтың жетекшілері, лауреат атанған журналистер мен жазушылар. Олар Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің өтінішімен кітапты Астана күні қарсаңында арнайы әзірлеген. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың еліне сіңірген еңбегі көрші елдің көзғарасымен жазылған. Кітаптың атауы да сондай - «Созидатель. Нурсултан Назарбаев: взгляд из России» деп аталады. Бұдан бөлек, Елбасының 75 жылдық мерейтойына арналған құттықтаулар жиынтығы бар.


Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.


© 2010-2022