Мектепке бару

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Токымтаева Ақбота Ғалымқызы

ШҚО, Семей қаласы №10 ЖОББМ КММ

Сыныбы: 8

Пәні: қазақ тілі

Оқулық авторы: С. Дюсебаев, Г. Байтилеуова, А. Кошкари, Г.Боранбаева

Баспа: Алматы, «Мектеп»-2012

Сабақтың тақырыбы: Мектепке бару

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халықаралық «Қызыл кітап» туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға Мектептегі қызықты өмір туралы мағлұмат беру;
  2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, пайымдау
қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу;
  1. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, кішіпейілдікке, парасаттылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, сөздік жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: мектептің суреттері, кестелер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?

Сабаққа дайындықтарың қалай?

Бүгін кім кезекші?

Бүгін нешесі?

Аптаның қай күні?

Сыныпта кім жоқ?

(Сабаққа психологиялық дайындық)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйге ереже, жаңа сөздерді жаттау. Дұрыс тамақтану туралы шағын шығарма жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ: Мектепке бару

  • Оқушылар, бүгін біз сендермен мектепке бару тақырыбына байланысты мектептегі қызықты өмір туралы өтеміз.

1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Берілген мәтінді оқып, аудару (268бет). Оқылым.

1.3- оқушыға мәнерлеп оқыту

2. тізбектей оқыту

Мектептегі қызықты өмір.


Мектеп - білім ошағы. Барлық адам мектепте оқиды, білім алады. Мен де мектебімнің қабырғасында жазуды, оқуды, санауды үйрендім. Көп дос таптым, футбол ойнап, доп тептім, армандадым. Біздің мектептің ауласына кіргенде, биік терек ағаштары, жап-жасыл шырша ағаштары, әдемі гүлдер өсіп тұрады. Ал мектептің ішіне кірсең, кең, жап-жарық зал, оң жақта киім ілетін жер бар. Әрине, кіреберісте күзетші отырады, оның рұқсатынсыз кіруге болмайды. Бірінші қабатта тағы да кітапхана, асхана және гимнастика залы бар. Сынып бөлмелері, оқытушылар бөлмесі және тағы бір асхана екінші қабатта. Күнде 5-6 сабақ болады. Менің сүйікті пәндерім - ағылшын тілі мен қазақ тілі. Сонымен қатар әдебиетті жақсы көремін. Мүмкін менің тілге қабілетім жақсы болғандықтан осы пәндерге қатты қызығатын шығармын. Шығарма, эссе жазғанды ұнатамын. Кейде өлең жазамын, Өлеңдерім достарыма, анама, туған жеріме, мектебіме арналған, Сыныптастарымды сыйлаймын, ешкімді ренжітпеуге тырысамын. Мектепте достарым көп.

Сөздік


ошағы - здесь: святое место

санауды - считать

доп тептім - гонял мяч

әдебиет -литература

тілге қабілетім - способности к языкам


  • Ал, ендеше олай болса дәптерге бүгінгі күнді жазып қоямыз.

2-тапсырма. Сұраққа жауап қатарын толықтырып жазыңдар.

Мектепте нені үйрену қажет?

Мектепте қазақ тілін, шет тілдерін, қазақ тілін, математиканы, физика, географияны үйрену қажет.

3-тапсырма. Берілген зат есімдерді туынды сын есімдерге айналдырыңдар, айтылуына назар аударыңдар.

Шетел..., күзетші..., білім..., пән..., дос..., қабілет... .


ІV. Бекіту: Бүгінгі сабақты бекіту мақсатында тапсырма орындау. Шағын мәтінді сөздікпен қазақ тіліне аудару. 269 бет.

V. Қорытынды: Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардан мектептегі қызықты оқиғасы туралы сұрау.

Сонымен бүгінгі сабақта не өттік, не білдік?

Мектептегі қызықты оқиғаларың туралы айтып беру.

VІ. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқаны, берген жауаптары бойынша бағалау.

VІІ. Үиге тапсырма беру:

Ереже, жаңа сөздерді жаттау, диалогты оқып, құрау (270 бет).


© 2010-2022