Конспект урока по ана тілі Әлия

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 2 «Б»

Пәні: Әдебиеттік оқу.

Тақырыбы: «Әлия»!

Мақсаты: 1)Өткен тақырыпты бекітіп,оқушыларға Сағи Жиенбаевтың Әлия өленімен таныстыру.

2) Оқушылардың патриоттық сезімін «Әлия» өлеңі арқылы дамыту,арттыру.

3) Оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, батылдыққа,батырлыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Әңгімелесу, түсіндіру, көрнекілік,ойын,сұрақ-жауап.

Типі: Аралас сабақ.

Түрі: Дәстүрлі сабақ.

Көрнекілігі: Әлия Молдағұлованың суреті мақал-мәтелдер.

Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі


Психологиялық дайындық.





Үй жұмысын тексеру.










Жаңа білім


Ақынның өмір баянымен танысу.












Сергіту сәті



Бейнесюжет

Әлия Молдағұлованың өмір баянымен танысу.







Әлия өлеңін оқу.































Мақал-мсәтелмен жұмыс



Бекіту

Үй жұмысы

Қорытынды

-Сәлеметсіңдерме балалар!

-мен сендерге бүгін әдебиеттік оқу сабағынан беремін

-Ендеше балалар,сабағымызды өлең жолдарынан бастайық. Армысың, Алтын Күн! Армысың, Жер-Ана! Армысың, достарам! Сендерге қуанам!

Жарайсыңдар,ал енді отырыңдар. Балалар сендер өткен сабақта қандай тақырыпты өттіңдер? Ал енді дайынбызба сабаққа? Кәнекей енді үйге берілген «Мәншүк » өленің кім жатқа айты береді?

Балалар сендер білетің шығарсыңдар шығыстын қос жұлдызы бар ия?

Олар кімдер?

Әрине Әлия мен Мәншүк.

Олай болса балалар сендер өткен сабақта қос жұлдыздың бірі Мәншүк туралы өттіңдер. Енді бүгін Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңі туралы өтеміз. Дәптерлерімізді ашайық,бүгінгі күнді,тақырыпты жазып алайық. Жазу ережелерін ұмытпаңдар. Аяғымызды қосып,денемізді тік ұстап,басымызды көтеріп,дәптерлерімізді көлденеңінен қойып,түзуленіп отырыңдар.

Тақырыпты жазып болсақ Мен сендерге Сағи Жиенбаев туралы мәлмет беріп өтем. Сағи Жиенбаев 1934 жылдың мамыр айының бесінші жұлдызында,Ақтөбе облысы Байғанын ауданы Оймауыт ауылында дүниеге келген екен. Ол кісі ақын болған. Жоғары оқу орнында оқыған. Бірнеше баспа редакцияларында жұмыс істеген. «Әлия» өлеңін 1973 жылы жарыққа шығарған. Сонымен қатар басқа да «сырлы теңіз», «Қайырлы таң», «Оймауыт» атты бірнеше өлеңдерді жарыққа шығарған. Сағи Жиенбаев ағамыз 1994 жылы Алматы қаласында көз жұмады. Бұл ақын жырларында жан сарайын айқара ашып, ізгілікті, ерлікті жырлаған ерекше ақын екені енді бізге мәлім болды. Балалар,ақынның қай жылы,қайда дүниеге келгенігн жазып алыңдар.

Енді балалар сендер Сағи Жиенбаев туралы не білдіндер?

Қай жылы қай жерде дүниеге келді?

Сергіту сәті.

Енді барлығымыз өлеңді оқымас бұрын бейнесюжетке назар аударып алайық.

Бейнесюжет Әлия туралы.

Ал енді алдымен Әлия Молдағұлова апамыз туралы айтып өтейін,содан соң, «Әлия» өлеңін оқимыз. Әлия Молдағұлованың шын есімі Ілия болған. Ол 1924 жылдың 20-ншы сәуірінде дүниеге келген. Ол нағашысының қолында тәрбиеленеді.1943жылы Ұлы Отан соғысына, Қызыл әскер қатарына алынып,мергендердің арасындағы әйелдер мектебін үздік бітіріп шығады. Сөйтіп майданда ерлік көрсетеді. Ол 1944 жылы,небәрі 20 жасында қаза табады. Әлияға арнап ескерткіштер,көше аттары қойылған.Ал енді Әлия Молдағұлованың туған күнін жазып алыңдар.

Сонымен балалар,Әлия апамыз кім екен?

Ол кісі қай жылы дүниеге келген?

Ал,енді «Әлия» өлеңін мен сендерге мәнерлеп айтып беремін, сендер мұқият тындап отырындар.

Әлия!

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл-балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.


Мәңгі жасап жерде енді,

Биік бол деп таулардан,

Сенің балғын бейнеңді

Жасап қойдық мәрмәрдан.


Бірге соқсын дүрсілдеп,

Туған жермен жүрегің.

Ауасында жүрсің сен-

Әнге қосып жүр елің.

Енді барлығымыз ішімізден оқып алайықшы.

Ал енді балалар бұл өлеңді шумақ шумақ бойынша талдап алайықшы.

Бірінші шумақ, екінші шумақ, үшінші шумақ.

Ал балалар осы өлең жолдарын барлығымыз әндетіп айтып көрейікші.

Балалар, мұндағы «мәрмәр» деген ол-сәнді құрылысқа пайдаланылатын жылтыр тас. Енді осы сөзді дәптерімізге жазып алайықшы.

  • Балалар сендер білетіндей Әлия да Мәншүк те халқымыздың батырлыры. Олай болса «Ер есімі-ел есінде мәнгі сақталады.». Балалар сендер осы мақалды қалай түсінесіндер?

Ал енді балалар,келесі мақалдарды оқып,осы оқыған өлеңге қандай қатысы бар екенін анықтаңдар.

  • Ер есімі-ел есінде.

  • Еліңді сүйсең -ерлік істейсің.

  • Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Балалардан осы мақалдардың мәнін қалай түсінесіңдер?

1-сұрақ: Қай елдің туында «қыран құс, күн, ою» бейнеленген? (ҚАЗАҚТЫҢ)

2-сұрақ: Бауыржан Момышұлы кім? (БАТЫР)

3-сұрақ: бұрымды қазықтың кімдері? (ҚЫЗДАРЫ)

4-сұрақ: Шығыстың қос жұлдыздары кімдер? (МӘНШҮК ПЕН ӘЛИЯ)

Жарайсыңдар. Сонымен қандай сөйлем шықты? Ия,дұрыс. «Қазақтың батыр қыздары- Мәншүк пен Әлия.»

Жарайсыңдар балалар,ал енді үй жұмысын жазып алыңдар. Үй жұмысына «Әлия» өлеңін жаттап,оны өз бетіңше әндетіп айтып көріңдер.

Ал,енді барлығымыз орнымыздан тұрайық. Мына өлең жолдарын менің соңымнан қайталаңдар.

Әлия, Мәншүк-ер қыздары елімнің

Әлия, Мәншүк-гүл қыздары жерімнің

Әлия, Мәншүк-аттары әнге айналған

Әлия, Мәншүк-қос жұлдыз көкте жайнаған.

Балалар бүгінгі сабақтарыңа рахмет, келесі кездескенше сау болыңдар!


© 2010-2022