Ә ә дыбысы мен әрпі 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

  1. Балаларға Ә ә дыбысы мен әріп таңбасын меңгерту.

  2. Жек сөздерді оқуға, оқушылардың есте сақтау қабілетін, тіл байлығын жетілдіруге ықпал жасау.

  3. Үлкенді сыйлауға, өзгенің еңбегін бағалай білуге, сауаттылыққа, көркем жазуға, әсемдікке баулу.

Түрі: Аралас

Пән аралық байланысы: тіл дамыту.

Әдісі. Сұрақ- жауап, үйрету, ойын, түсіндіру, ой қозғау, талдау-жинақтау.

Көрнекіліктер: Кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлемдесу

-Түгендеу

-Сабаққа әзірлік

ІІ. Психологиялы дайындық.

Блалар шеңбер құрып бір- біріне күлімсіреп, жылулық сезімдерін білдіреді.

Қонақтарға сәлемдесу.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Апайларды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Өз есімдеріне байланысты жақсы сөз айту.

ІІІ.Өткен материалмен жұмыс. «Сиқырлы смайликтер»

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?.

-І дыбысы қандай дыбыс?

- Сауат ашу сабағында не үйренеміз?

ІҮ. Өткенді бекіту Жұмбақ шешу

І дыбысы сөздің қай бөлігінде кездеседі?

  1. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

  1. Жарға шығып ойнайды.

Ойынға бір тоймайды

Болса дағы сақалы

Секңдеуін қоймайды. (Ешкі)

-Балалар мынау ненің суреті? (Ірімшік)

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.

Жаңа сабақ

Өлең оқу

Әжем бесік тербетіп,

Әлди әнін салады.

Әй-әй сәби ержетіп,

Әже еңбегі жанады.

Өлең кім туралы?

Әже-отбасы мүшесі, ақылшымыз.

Әже сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі?

Ә-ә-ә-ә-ә

Қалай айтылып тұр?

Ә ә-жіңішке дауысты дыбыс.

Әріп таңбасымен таныстыру. «Сөз ойла, тез ойла» әдісі

Ә дыбысынан басталатын тағы қанда сөздерді білесіңдер?

Әліппе дәптерімен жұмыс

Әліппе дәптердегі сөздерді оқу

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

Ә ә әріптерінің бас әрпі мен кіші әрпінің жазылуын үйрету (тақтада, ауада, дәптерге)

Сергіту сәті «Жаңбыр дыбысы»

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Олай болса саусақтарымызды демалдырып, саусақ ұшымен жаңбыр дыбысын салайық.

ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту. «Адасқан сандар» ойыны

ҮІІІ Сабақты қорытындылау.

  • Бүгін қандай дыбыспен таныстық

  • Сендерге сабақ ұнады ма?

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау



© 2010-2022